"Поэзия Минуттары"

PODCAST · arts

"Поэзия Минуттары"

100,5 fm (Отау тв 124) Халық радиосы. "Поэзия минуттары" әр бейсенбі күні сағат 22-00-де "Халық радиосының" әуе толқынынан беріледі. Хабарда елімізге танымал ақындармен қатар жас қалемгерлердің өлеңдері оқылып, автор туралы мәліметтер айтылады.

  1. 5

    Қуанышбек Шарманов "Илләһи жырға бет бұрдым"

    Қуанышбек Қазыбекұлы Шарманов - 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауданына қарасты Құмкөл ауылында дүниеге келген. Павлодар қаласында тұрады. С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің музыка мамандығын тәмамдаған. 2007-2008 аралығында Президенттік степендиясының иегері. «Сиялы сыр» жыр жинағының авторы. Бірнеше республикалық айтыстың, жыр мүшәйралардың бас жүлдегері. Егер сізге Қуаныштың жырлары ұнаған болса, лайықты деп лайк (лүпіл) басыңыз!

  2. 4

    Аманхан Әлімнің поэзия әлемі

    Аманхан Әлімұлы 1952 жылы 20 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында туған. 1969 жылы сол ауылдағы Амангелді атындағы орта мектепті бітірген. 1975 жылы КазГУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1981 жылы бітіреді. Оқуды бітіргеннен соң, 1981-1989 жылдар аралығында республикалық БАҚ «Қазақстан пионері» («Ұлан») , «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» және «Қазақ радиосында» қызмет етті. 1991-1993 жылдар аралығында Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы жоғарғы курсының күндізгі бөлімінде оқиды. 1994-2012 жылдар аралығында «Заң газетінде» жауапты хатшы және шолушы болып қызмет етті. Аманхан Әлімұлы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты (Алаш» сыйлығының), Оңтүстік Қазақстанға Еңбегі сіңген медалімен, «Жандос» атындағы сыйлықтың иегері, «Ұлт патриоты» грамотасымен марапатталған, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Өткірдің жүзі», «Айнұры алақанымда», «Жанымның жапырағы», «Бес қоңырау», «Кездесу» публицистикалық және өлеңдер жинағының авторы. Жақында «Атақоныс» атты жыр-жинағы жарыққа шықты. Қазір ұлттық қоғамдық-саяси «Ақиқат» журналының Бас редакторы болып қызмет істейді. Отбасы бар. Бір ұл, бір қызы бар. Аманхан Әлім поэзиясы терең сыршылдығымен, лирикалық толғыныстарымен ерекшеленеді. Мазмұндық және ішкі ырғақ жағынан ақын өлеңдері образды, көңіл ноталарын ойната алатын туындылар. Мұны ақынның өзі де қуаттайды: “Өлең – оқыс пайда болған сұрапыл (стихиялық) сезімдерді «бас» білдіре, сол қас-қағымда туған сөздер мен сөйлемдерді шашпай-төкпей үнемдей, не образ бен музыкаға орап, көркем тілмен құйылып тұрған ырғақта бір тыныспен қағазға түсіру”. Міне, Аманхан Әлімұлы өлеңдері өзі айтқандай образ бен музыкаға көмкерілген көркем дүние. Назарларыңызға ақынның бірнеше өлеңін ұсынып отырмыз…

  3. 3

    Поэзия минуттары "Ибрагим Иса - Елге сәлем"

    2017 жылдың 7 қаңтарында қазақтың аяулы ақыны Ибрагим Иса 68 жасқа толар еді. Ақынның осынау ғұмырда жазып кеткен өлеңдері бүгінде оқырманның үлкен сұранысына ие. 2017 жылдың қаңтар айында «Өнер» баспасынан жарық көреді деп жоспарланған «Талғам таразысы» кітбынан ақынның бір топ өлеңін назарларыңызға ұсынамыз. Аталмыш өлеңдер бұрын-соңды ешбір жерде жарияланбаған. Бұл ақынның ең соңғы өлеңдері. Ақынның бұл өлеңдерін жинастырып, бізге ұсынған әулетіне зор алғысымызды айтамыз. Ақпарат qazaquni.kz сайтынан алынды.

  4. 2

    Жанат Әскербекқызы шығармашылығы

    Жанат Әскербекқызы Аймұхамбетова - ақын, филология ғылымдарының кандидаты 1966 жылы 1-қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қарасу ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 1982-87 жылдар аралығында Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алған. 1987-1995 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Құйған ауылындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. 1995-2000 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушылық қызметте болады. 1999 жылы «Оралхан Бокей прозасындағы мифологизм мәселесі» тақырыбына кандидаттық диссертация, 2010 жылы "Мифтің поэтикадағы қызметі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 2000 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет істейді. «Әлем әдебиеті» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

  5. 1

Type above to search every episode's transcript for a word or phrase. Matches are scoped to this podcast.

Searching…

No matches for "" in this podcast's transcripts.

Showing of matches

No topics indexed yet for this podcast.

Loading reviews...

ABOUT THIS SHOW

100,5 fm (Отау тв 124) Халық радиосы. "Поэзия минуттары" әр бейсенбі күні сағат 22-00-де "Халық радиосының" әуе толқынынан беріледі. Хабарда елімізге танымал ақындармен қатар жас қалемгерлердің өлеңдері оқылып, автор туралы мәліметтер айтылады.

HOSTED BY

Айбек Оралхан

CATEGORIES

URL copied to clipboard!