Dala kündelıgı (Field Notes)

PODCAST · education

Dala kündelıgı (Field Notes)

Бұл жобада келесі тақырыптар қозғалатын болады: әлеуметтік өзгерістер, активизм, көшбасшылық, үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам, сала этикасы мен кәсібилігі, профессиялар және карьера жолдары, филантропия, сектораралық серіктестік және тағы басқа қоғамға әсер ететін үрдістер.Бізбен байланысқа шығу жолдары:Гүлназдың instagram-ы https://surl.gd/alhdoeҚұралайдың instagram-ы https://surl.li/irnygs

  1. 11

    10 эпизод: "Өскенде кім боламын?" 3 сектордағы жолымыздың тарихы, кәсіби жеңістеріміз туралы әңгіме-дүкен

    Біз жаңа сезонды бастадық! Бұл сезон 3 сектор, филантропия және азаматтық қоғамдағы мансап, көшбасшылық және жұмыс мәдениеті туралы болады. Егер осы салада кәсіби даму мақсатыңыз болса, сезон сізге өте пайдалы болады деген үміттеміз. Осы сезонның бірінші эпизодында өзіміз осы салаға қалай келдік, үйдегілер бұған қалай қарады, қаржы көзі не болды деген әңгіме-дүкен құрдық. Тура бір құдды жастықты еске алу кеші секілді! Ал сіздерге пайдалы болады деген үміттеміз! Және кері байланыс күтеміз!!!

  2. 10

    9 эпизод: Секторалық серіктестік: ҮЕҰ, БАҚ, мемлекеттік органдар, бизнестің тоғысқан жері

    Қазақстандағы секторалық серіктестіктің тиімді тұстары, алдында тұрған шешетін мәселелері, жаһандық трендтер

  3. 9

    8 эпизод: Адвокацияның әлеуметтік жобалардағы рөлі

    Біз үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы жүйелі өзгерістерге қалай әсер ете алатынын және осы жолда адвокацияның нақты рөлі мен стратегияларын талқылаймыз. Жүйелі өзгеріс әрқашан бір идея мен әрекеттен басталады. Адвокация - осы әрекеттің күші

  4. 8

    7 эпизод: Стейкхолдерлермен жұмыс: экожүйедегі барлық топтарды білеміз бе?

    Әлеуметтік жобалардың сәтті іске асу процесінде стейкхолдерлердің рөлі, олармен тиімді жұмыс істеу стратегиялары мен серіктестік этикасы.

  5. 7

    6 эпизод: Этикамен үйлескен әсерлі коммуникация стратегиялары

    Этикалық коммуникация қағидаларын, ҮЕҰ мен әлеуметтік жобаларда storytelling үлгілерін қалай қолдануға болатынын біраз талқыладық.

  6. 6

    5 Эпизод: Жақсы ниеттің зиян салдары

    Кейде біз "жақсылық жасаймыз" деп, нақты бір қауымдастыққа немесе адамға зиян келтіруіміз мүмкін. Бұл эпизодта біз нақты кейстерді, этикалық дилеммаларды, және "Do no harm" – "Зиян келтірме" қағидасын қалай ұстануға болатынын қарастырамыз.

  7. 5

    4 Эпизод: Logic Model-ді қалай тиімді құрып, нәтижені өлшеуге болады?

    ҮЕҰ жобаларында ресурстар, әрекеттер және нәтижелер арасындағы байланысты түсіну және гипотезаларды тексерудің маңызы

  8. 4

    3 эпизод: Өзгеріс теориясы, миссия, ұйымның болашақ бейнесі, құндылықтар

    Dala kündelıgı (Field Notes) подкастының үшінші эпизодында өзгеріс теориясы, миссия, ұйымның болашақ бейнесі, құндылықтар секілді ұғымдарды талқылайтын боламыз. Кейде олар жазылып, сөреде қағаз жүзінде немесе сайттың парағында қалып қалады. Сондықтан бұл инструменттерді әлеуметтік ұйымдар күнделікті өмірде қолданса, мақсаттарына қалай тез жете алады деген сұраққа да жауап беруге тырыстық.

  9. 3

    2 эпизод: Үкіметтік емес ұйымдар: мән-мағынасы, бүгінгі жағдайы, перспективалары

    Dala kündelıgı (Field Notes) подкастының екінші эпизодында азаматтық қоғамның бір институционалды бөлігі, үкіметтік емес ұйымдар, туралы сөз қозғайтын боламыз. Тек қана Қазақстандағы жағдай емес, халықаралық контекстті де шолуға тырыстық!

  10. 2

    1 эпизод: Әлеуметтік ықпал. Бос сөз бе әлде қоғамдағы маңызды құбылыс па?

    Біздің бірінші эпизодымызда біз “Әлеуметтік ықпал дегеніміз не? Оны қалай түсіндіруге, өлшеуге болады? Қоғамдағы маңызы неде?” деген сұрақтарға жауап беруге тырысып көреміз. Тыңдап, кері байланыстарыңызды жазыңыздар. Күтеміз!

  11. 1

    Dala kündelıgı (Field Notes)-Intro

    Сәлем! Сіздерге жаңалықпен келіп отырмыз! Подскасттар әлеміне Dala kündelıgı (Field Notes) атты жаңа жоба кірейін деп жатыр. Подкаст авторлары: Гүлназ және ҚұралайГүлназ Қорданова соңғы он жылда білім беру, цифрлық теңдік және әлеуметтік әділеттілік салаларында Қазақстан мен халықаралық жобаларда жұмыс істеп келеді. Ол үшін бұл сала — жай ғана жұмыс емес, өзінің өмірлік бағыты.Құралай Жарқымбаева кәсіби жолын қауымдастықтардың дамуы және жүйелі өзгерістер тақырыбына арнаған еді. Оның ішінде білім саласы, балалар, жасөспірімдер, жастармен жұмыс көп орын алды. Гуманитарлық көшбасшылық және әлеуметтік жұмыс экспертизасын жұмыс жолында көп қолданды.

Type above to search every episode's transcript for a word or phrase. Matches are scoped to this podcast.

Searching…

No matches for "" in this podcast's transcripts.

Showing of matches

No topics indexed yet for this podcast.

Loading reviews...

ABOUT THIS SHOW

Бұл жобада келесі тақырыптар қозғалатын болады: әлеуметтік өзгерістер, активизм, көшбасшылық, үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам, сала этикасы мен кәсібилігі, профессиялар және карьера жолдары, филантропия, сектораралық серіктестік және тағы басқа қоғамға әсер ететін үрдістер.Бізбен байланысқа шығу жолдары:Гүлназдың instagram-ы https://surl.gd/alhdoeҚұралайдың instagram-ы https://surl.li/irnygs

HOSTED BY

Гүлназ Қорданова, Құралай Жарқымбаева

URL copied to clipboard!