PODCAST · society
bir kese şay
by TORGYN
Сәлем! Бұл - Торғын, “бір кесе шай” подкасының авторымын. Шетелде оқитын қазақтардың әңгімесін тыңдауға шақырамын.
-
19
Жансая & Торғын: Oскар-2026-ның фильмдері
2-маусым 2-ші эпизодтың қонағы жас сценарист, режиссер, фотограф Жансая Оспанмен Оскар-2026, фильмдер, кино көру туралы сөйлестік. Жансаяның инстаграм парақшасына жазыла кетіңіздер! @ospan_zh дисклеймер: бұл эпизод видео түрінде шығуы керек болған еді, токиодан жылдам интернеттің арқасында мүмкін болмады. сол себепті видео деген сөздер көп айтылады, бірақ бұл аудио :(Time code:00:00:46 біз бастаймыз!00:01:28 қонақты таныстыру00:03:00 эпизодта не айтамыз?00:03:21 оскарға ұсынылған фильмдерден біз қайсысын көрдік?00:03:55 биылғы оскарға болжам жасап көрдік00:06:29 биыл шыққан фильмдердің бәрі дерлік орта есептегі фильмдер ме?00:08:04 Торғынға қатты ұнаған фильм00:09:30 бізге қатты ұнаған фильм - Хамнет00:09:58 Хамнет несімен ұнады?00:10:55 фильмді түсіну үшін кітаптың жазылу себебін де білу керек00:11:18 өліммен бетпе-бет келген кітап авторы Мегги О'Фаррел 00:11:59 Хамнеттің өлімі жай статистика ғана ма?00:13:01 Агнес Хәттеуей Энн емес00:14:54 Жансаяның mbti-ы қандай? хитроверт деген кім?00:17:49 құрметті қонақтар, сөздік қорым аз деп қысылмаймыз :)00:21:02 Хамнеттегі ең әсерлі сәт/спойлер!!!әйелдің жанын, ішкі жараларын әйел режиссер ғана жеткізе алады.00:30:19 Хамнетке айтылған сын пікірлер00:33:00 Жансаяның өзінің алғашқы режиссерлік тәжірибесінен бір үзік00:35:18 Түсірілім барысында актерлерді билететін Хлои Жаоның ерекше тәсілі00:36:15 Хамнетті ойнаған кішкентай Джәкоби Жупке де оскар беру керек!00:36:46 Күнәһарлардың он алты жүлдеге өтуі00:37:15 неге Майкл Б Жордон үздік актерді алуы керек?00:37:53 Beautiful boy-дағы Тимоти Шаламе мен Стив Каррелдің ойыны00:39:29 ұмыт қалған Пол Мескаль немесе қалай Жесси Баклидің ойыны басым түсті00:41:11 ағайынды Жуптер туралы00:42:18 Күнәһарлар (Sinners) туралы айттық-ау, әйтеуір00:42:41 Райан Куглердің месседжі00:43:21 Күнәһарлардың ең әсерлі сәті00:44:01 афро-американдардың музыка әлеміне үлесі00:47:53 "блюзді біз өзімізбен бірге әкелдік"00:48:12 Торғынның интерпретациясы00:50:12 Марти Суприм мен Темірлан Шалмағамбетов00:53:43 мақтаған ұл тойда осырады00:54:18 мизогинді пікірлер мен Кайли Дженнерге тағылған айыптар00:56:29 Sentimental value - үздік шетелдік фильм00:57:17 the worst person in the world - әр адам көруі тиіс фильм00:59:30 Йоаким Триер терапиялық фильмдердің көкесі01:01:26 фильмдердің терапиялық аспекті/неге сапалы фильм көруіміз керек?01:03:52 режиссерлердің музалары/Жансаяның музасы кім болмақ?01:04:51 әйел режиссерлердің еңбегі қашан толық бағаланады?01:05:23 Sentimental value/ асылдың көзі01:08:36 Сентиманталды мән кімге көбірек ұнағанын білесіз01:09:44 әке мен қыздарының арасындағы қарым-қатынас01:12:06 фильм киноиндустриядағы тоқырау туралы да айтады01:13:50 неге Қазақстанда тәуелсіз кинотеатрлар жоқ?😭01:14:40 әлі sentimental value жайлы әңгіме айтамын/қазақтар бір шаблонмен өмір сүреді1:15:44 Хамнет пен Sentimental value-дағы параллель/ қазақстандық көрерменге жүректі емдейтін кинолар қажет01:18:16 кино - ол бөлек әлем. кино көрудің ережесі бар01:20:03 біздің елде қазір көркем фильмге сұраныс жоқ па?01:22:30 қазір біз баяу фильм көре алмаймыз01:23:55 Инга Ибсдоттер Лиллеас - тың серпіліс сыйлаған актриса01:25:07 sisterhood ең әдемі қарым-қатынастың бірі01:28:39 Жансая екеуміздің таныстығымыз01:33:16 Жас зумер режиссер/сценарист көретін фильмдерін қайдан іздейді?01:34:09 “кино көру оңаша қалғанда жасайтын сүйікті ісім” 01:35:44 “сенің сүйікті фильмің қандай?” - деген сұрақты кәнсілдеу керек01:36:54 фильм көру арқылы қалай жаңа нейрон байланыстарын жасауға болады?01:38:15 қайталап көре бергеннен фильмнің мәні өзгере ме әлде өзгерген адам ба?01:39:49 зейін бұрынғыдай емес, фокус жоқ.01:40:15 - соңы немесе біздің оскар-2026-ның болжамы (орындалды ма тексеріңіз😂)
-
18
Торғын: соло шығарылым
Алақаааай! Жаңа маусым құтты болсын!Сіздермен қайта қауышқаныма өте қуаныштымын. Жаңа маусымның бірінші эпизодында сіздермен жаңалықтарымды бөлісемін (ал олар менде көп). Айтпақшы, бір жастарыңызбен.
-
17
Ой-талқы: қазақша tedtalks
Сәлем, достар!Бір кесе шайда жаңа бағыт пайда болды. "Ой-талқы" атты біріктірілген подкасымызды (joint podcast) қабыл алыңыздар. Ой-талқыда Дәрия Темірхан, Ержан Бижанов, Торғын Фазылқызы (модератор, жүргізуші) үш түрлі тақырыпта сөз сөйледік. Ержан Бижанов Солтүстік Кореятанушы, СҰУ мен Солтүстік Кореяны зерттеу университеті “Солтүстік Корея азаматтарының көшу-қон процесі: Тікелей және қосалқы елдер арқылы”Торғын Фазылқызы Корё университеті, халықаралық қатынастар және корейтану студенті“Ашаршылық қасіреті” Дәрия Темірхан суретші“Заманауи Қазақстан өнері мен Мысықдария мемдері”Біздің спикерлерімізге жазылуды ұмытпаңыздар! Төменге сілтемелерді жазып кетеміз. қолдауларыңызға көп рақмет!https://www.instagram.com/temirdariya?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=ZDNlZDc0MzIxNw==https://www.instagram.com/mysyqdariya?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=ZDNlZDc0MzIxNw==https://www.instagram.com/yeechankz?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=ZDNlZDc0MzIxNw==
-
16
Aбылай: PolyU-да оқу, Hong Kong әсерлері, оқудан кейінгі апатия
Подкасттың кезекті қонағы - Абылай. Hong Kong қаласында қонақ үй және туризм мамандығында Hong Kong Politechnic University-да оқыды. Жақында Алматыға қайта оралған қонағымыз қала туралы алған әсерін айтты. Подкастта Хоң Коңда оқу, оқу бітіргеннен кейінгі апатиямен күрес, үйқұса болу(homesick), коронавирустың әсері туралы сөз қозғадық. Абылай музыкаға да бетбұрғысы келеді екен. Оны осы жолында қолдау үшін инстаграм парақшасына жазылып кетіңіздер. @musapelОған қоса, біздің подкасттың парақшасына жазылуды ұмытпаңыздар~ @birkesecayРақмет!!
-
15
Жанеля: Польшадағы өмір, құндылықтар сәйкестігі, поляктардың MBTI-ы, құжатсыз миграция
Сәлем-сәлем, достар!Сіздермен сағынысып қауышқан бір ғанибет екен. Бір кесе шайдың жаңа эпизодын таныстырғымыз келеді. Студиямыздың қонағы Жанеля Амангельдина. Еуразия Ұлттық университетінде цифрлі медиа мамандығында оқыған. Кейін Варшавада Marketing Management мамандығын тәмамдап, Польшада TransferGo ақша аудару бойынша Орталық Азия және Кавказ аймақтарына жауапты маркетолог маманы болып қызмет істейді. Магистратураға дейін Астана қаласындағы AstanaHub халықаралық стартаптар паркінде СММ/маркетолог боп жұмыс істеген. Кофе мәдениетінен басталған әңгімеміз біраз тақырыптың басын ашты. Бұл эпизодта Жанель Польшада оқу әрі жұмыс істеу тәжірибесін ашып айтты. Польша мен Кореядағы студенттік өмірді, поляк мен корей, қазақ халықтарын салыстырып, олардың MBTI-лары қандай деген сұраққа жауап іздедік. Еуропа мен Азиядағы Орталық Азиялықтардың репрезентациясы жайлы, құжатсыз миграцияның әсері, Аstana Hub туралы сөз қозғадық. Подкаст сіздерге ұнады деген үміттеміз!Достар, егер сіздерді Еуропадағы өмір қызықтырса, Жанеляның инстаграм парақшасына жазылып кетіңіздер! @heyjanelle
-
14
Мирас: көміртек несиелері мен жасанды интеллект, жұмыс/өмір гармониясы
Сәлем, достар!Қыркүйек айының соңғы аптасында кезекті эпизодымызды қабыл алыңыздар. Бүгін бізде қонаққа Мирас келді. Мирас Sejong University Computer Science & Engineering мамандығында білім алды. Қазіргі таңда ThanksCarbon cтартап компаниясында ML Engineer/Data Scientist боп қызмет істейді. Қонағымыз қызмет ететін компания ESG - Қоршаған орта, әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқару, Sustainable Agriculture - Тұрақты ауыл шаруашылығы, Biodiversity - Биоалуантүрлілік бағыттары бойынша жобалар жасап жатыр. Қонағымыз Мираспен Седжоң университетіндегі бакалавр кезіндегі өмірі, Қазақстанға саяхат, фильмдер, хоббилер, жасанды зиятты экологияны жақсартуда қалай пайдаланып жатқаны, неге ЖИ-ді бақылауда ұстамау керектігі туралы әңгіме қозғадық. Мирасқа қонақ боп келгені үшін алғыс айтамыз!инстаграмы: @mirasagirbayподкастта айтылған фильмдер: "ҚАШ""Eat drink man woman""Brokeback Mountain"
-
13
Адэль: NIS түлегі болу, SKY мен Назарбаев университетінде оқу, KIA-дағы мансап
Хей, достар!Жаңа семестр - жаңа подкаст демекші, кезекті эпизодты қарсы алыңыздар. Шығарылымның қонағы - Адэль Толеубекова. GKS стипендиялық бағдарламасының бакалавр бағытының жеңімпазы. Korea University-де электр инженериясы (Electrical Engineering) мамандығында білім алды. Қазіргі уақытта КIA компаниясында қызмет атқарып жүр. Бұл эпизодта Адель өзінің оқуға түсу тәжірибесі мен Кореяда жұмысқа орналасу процесін айтып берді. Сонымен қатар Қазақстандағы жаңалықтар, жергілікті мемдер, MBTI тестінен бөлек танымал 에겐 테토 테스트 мінез-құлық типін анықтайтын тестілеу түрі жайлы әңгімелестік. Адельге алғыс айта отыра, астыға оның инстаграм парақшасын белгілеп кетеміз. Сұрақтарыңыз болса, оған жазылуға болады және біздің инстаграм парақшамызға қолдау білдіріп кетсеңіздер қуанып қалар едік. көп рақмет!!@aaaddelle@birkesecay@iamtorgynМектеп жайлы деректі фильм: https://youtu.be/D7O-DeE56qU?si=B6QAtWtkfM0MhnQSCAPS unlock podcast with Adeeb Khalid: https://podcasts.apple.com/kz/podcast/caps-unlock-podcast/id1781868199
-
12
Торғын: соло-подкаст, жаңа нәрсені бастау қорқынышы, әйел классиктер, бірқалыпты демалыс, лабубу мен tradwives
Сәлем әлем!Екінші соло подкастты қабыл алыңыздар. Осы шығарылымда екі жарым ай бойы жүргізіп жүрген подкастқа рефлексия жасадым. Бір кесе шайға қатысты хабарландыру бар. Міндетті түрде тыңдап шығыңыздар~Cосын жазғы каникулды қалай өткізіп жатқанымды айтып, оқып шыққан, оқып жатқан кітаптарға да тоқталдым. Жаңа тіл оқып бастадым, ағайын. Қандай тіл деп ойлайсыздар? подкастты тыңдау арқылы бірнеше hints бар екенін ұғасыздар. Осы шығарылымда тағы бір көтерген тақырып - мәдени антропология. Дәстүрлі әйелдер (tradswives) мен лабубу, дубай шоколады нені білдіреді? Оның мәдени антропологияға қандай қатысы бар? Подкаст барысында айтылған кітаптар: Эмили Бронте - Wuthering heightsСимона де Бовуар - Өте оңай өлім/A very easy death, Екінші жыныс/the second sexФ. Достоевский - Ақ түндер/ Белые ночиЛуиза Мей Алкотт - Кішкентай ханымдар/ The little women Джейн Остин - Тәкаппар ғашықтар/Pride and PrejudiceХерман Мелвилл - Моби Дик/Moby DickБір кесе шай подкасын тыңдағандарыңызға мың алғыс!Подкастты барлық подкаст тыңдау платформаларынан таба аласыздар.
-
11
Аружан: қазақша ageism, токсик профессорлар, қыздарға қысым, қазақ қоғамындағы асығыстық, хәппи мүшел жас, он жылдан кейінгі біз
Қайырлы таң-қайырлы күн-қайырлы түн достар!бір кесе шай подкасының жаңа эпизодын қарсы алыңыздар. студиямызда қонақта Аружан Серікқан. HANYANG университетінің магистратурасында маркетинг мамандығы бойынша білім алған. Қазір Сеулде аудармашы боп қызмет атқарады. Подкастта Аружанның Қазақстанға сапары мен Сеулдегі магистратурада алған біліміне беретін бағасы, аудармашылық жұмыстағы қазақ тілінің рөлі, қазақ қоғамындағы қыздар көретін қысым, тез-тез мәдениет, мүшел жас туралы сөз қозғадық. Аружан Оңтүстік Кореяда білім алғысы келетін жандарға өз тәжірибесін айтып, кеңестерін берді. Елге барған сапарынан түйген ойлары мен әсерлерін айтып, он жылдан кейінгі өзімізге сәлем жолдадық. https://www.instagram.com/aruzhanly?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=ZDNlZDc0MzIxNw==Достар, Аружанның интстаграм парақшасынан Кореяда білім алу мен саяхат, корейлік әртістерді көруге қатысты қызықты ақпарат табасыздар. Аружанға жазылуды ұмытпаңыздар.Рақмет!
-
10
Динара Тілеубек: Иордания екінші үйім, мейірім тізбегі мен мейірім тілі - саяхат философиясы
алақай, бір кесе шай подкасының кезекті эпизоды желіде!бірінші маусым жетінші эпизодтың қонағы - бір ғана жолдорбамен әлемді шарлайтын жиһанкез Динара Тілеубек. Динара ханым Сеулге саяхаттап келіп, бізбен подкаст жазуға келісімін берді. Бұл оның дебют подкасы десек те болады. Сондықтан сіздерден көп қолдау күтеміз. Подкаст сұхбат есебінде өтті. Шығарылымда қонағымыз неліктен жалғыз бір рюкзакпен саяхаттауды таңдағанын, саяхат оны қалай өзгерткені туралы сөз қозғайды. Сонымен қатар саяхаттау арқылы түйген ойлары мен өз саяхат философиясы жайлы айтып берді. Сіздер мейірім тізбегі мен мейірім тілін білесіздер ме? Саяхаттап барған елдерді тізіп санамайтын, жергілікті адамдармен бірге тұрып, олардың өмір салтын өз көзімен көріп қана қоймай, өзі де бірге сезінетін, танымайтын адамдармен тез тіл табысып, түрлі елден жақын отбасындай араласатын адамдарды кездестіретін, автостоппен жалғыз саяхаттаудан еш қорықпайтын саяхатшының әңгімесін тыңдауға шақырамыз. Динара ханымның инстаграмына жазылуды ұмытпаңыз!@dirosie_ https://www.instagram.com/dirosie_?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=ZDNlZDc0MzIxNw==Подкастты барлық подкаст тыңдау жүйелерінен табасыздар. Біз айтқан BBC түсірген бейне сілтемесі:https://youtu.be/SZ5JjLdzQ1o?si=nkJqIKDSqljOaf03PBS NOVA арнасының деректі фильмі:https://youtu.be/7PYLVshtJm0?si=q9bHQw1avHlpSTIgКөп-көп рақмет!
-
9
Дария: Румыния мен Оңтүстік Корея, қазақ тілі, менталды денсаулықтың маңызы, айдентика, "ақырын жүріп анық басу"
Подкасымыздың кезекті шығарылымының қонағы - Дария Корё университетінің әлеуметтану мамандығында оқитын бакалавр студенті. GKS атты Оңтүстік Корея мемлекетінің стипендиялық бағдарламасының 2022 жылғы жеңімпазы. Оңтүстік Кореяға келместен бұрын Румыния елінің мемлекеттік бағдарламасы бойынша грант иегері атанды. Клуж-Напока қаласындағы Babeş-Bolyai университетінде әлеуметтану мамандығына оқуға түскен. Қонағымызбен түрлі тақырыпта сөз өрбіттік. Шетелде білім алғысы келетін жастарға ата-ананың қолдауы маңызды екенін айтып, Дария өз процесі туралы баяндап берді. Сонымен қатар төмендегі сұрақтарға подкаст барысында жауап табуға тырыстық: Шетелде жастардың айдентикасы әлсірей ме? Корей дос табуға бола ма? Менталды денсаулықты күтпесек не болады? Стресті қалай жеңеміз? Оқуға тапсырғымыз келсе, ата-анамызды қалай көндіреміз?Шетелде оқыңыз келсе, дайындықты неден бастаймыз? Подкастта айтылған кітаптың аты: Orientalism by Edward Said.Рақмет!
-
8
Lilja: from MBTI to books, how to explore Han Kang's world, tips for beginner readers
Hello! This is our first episode in English and I am so happy that we recorded it with Lilja!! Lilja is from Iceland and we are currently studying Korean studies together at Korea university.In this episode you will know Lilja's experience in Korea and we discuss books. We hope you'll enjoy it!The books we recommended during the discussion:Han Kang's books:White bookWhe vegetarian Human actsWe do not part "Hobbit" and "The lord of the rings" by J.R.R. TolkienIf I had your face by Frances Cha White nights by F. DostoyevskySiddhartha by Herman HesseReader, come home by Maryanne WolfIndependent people by Halldór Laxness The book of words by AbayNomads by Iliyas EssenberlinThe scent of wormwood by Sayin MuratbekovGravedigger by Dulat IsabekovPachinko by Min Jin LeeSunrise on the reaping by Suzanne CollinsWelcome to the Hyunam-Dong bookshop by Hwang Bo-ReumBefore the coffee gets cold by Toshikazu Kawaguchi What is History, Now? by Helen Carr, Suzannah LipscombHow to move abroad and why it's the best thing you'll do by Jessica Drucker The sympathizer by Viet Thanh Nguyen https://www.goodreads.com/book/show/77287.Independent_PeopleThank you!!!
-
7
Қанатбек: Сеул мен Дубай, шығыс Азиядағы білім беру жүйесі, қазақ тарихы мен әлем тарихы
Бұл бөлімде Сеулдегі Седжон университетінің студенті Қанатбекті қонаққа шақырдық. Мамандығы - Бизнес және басқару (Business administration). Сеулге дейін БАӘ-де білім алғаны жайлы әрі ауысыммен Жапонияда оқығаны жайлы сөз қозғайды. Эпизодта Корея тарихы мен Қазақстан тарихын да түртпей кетпейміз. Сіздерге ұнайды деген ойдамыз.Дисклеймер: Отырар қаласын билеген Хорезм падишахы Қайырханның атын дұрыс айтпаппыз.
-
6
Ержан: екі Корея, солтүстік Кореядан келетін қашқындар жайлы
Бұл эпизодта Ержанмен Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяның қарым-қатынасы, қашқындардың Кореядағы жағдайы мен оларға көрсетілетін кемсітушілікті еліміздегі қандастарымызға жасалатын кемсітушілікпен параллель жүргізіп талқыладық. Қонағымыз Ержан Сеулде орналасқан Солтүстік Кореяны зерттейтін University of North Korea-да магистратурада оқыды. Дәл осы тақырыпта сөйлесуге болатын бірден-бір қонақ. Университетте 북한 정치통일 - солтүстік Корея саясаты мен қайта бірігуі мамандығын биыл ақпанда тәмамдады. Ержанның зерттеу қызығушылығы Солтүстік Корея мен Ресей мемлекетінің қарым қатынасы (북-러 협력강화, 북-러 밀착관계), Корей түбегінің бөлінуі және қосылуы (남북 분단 및 통일 연구), бейбітшілік-평화, Солтүстік Корея мен Ресейдің авторитарлық режимдерін зерттеу: Путин мен Ким Чен Ынның жаңа авторитарлық саясаты - 북한과 러시아의 권위주의체제에 대한 연구: 푸틴과 김정은 신권위주의 정권 중심으로. Ержанның инстаграм парақшасы: @yeechankzЖаңа эпизод қызық болады деген үміттеміз!
-
5
Нұрсұлу: ру сұрасу - қазақша нетуоркиң, MBTI, тіл үйрену, қазақтың оқуда есесі қалған, 31 мамыр
Chunang университетінің магистранты Нұрсұлумен үйді сағынған кезде не істейміз деген сұраққа жауап іздедік. Ағылшын тілін үйрену жолы, қазақ музыкасы, ашаршылық пен репрессия құрбандары жайлы бірер сөз айттық. Подкасымыз ұзақ боп кетті деп айыпқа бұйырмассыздар. Ұзақ болса да тыңдайсыздар деген үміттеміз🫶🏼
-
4
Ержан: Ақтөбеден Сеулге дейінгі жол, білім беру жүйесі, дұрыс қойылмаған мақсат
Алғышқы қонағымыз Ержанмен подкаст жаздық. Подкастта білім беру жүйесінен бастап мәдени таңданыстарға (шок) дейін әңгіме өрбіттік. Сіз шетелде нені көріп мәдени шокқа түстіңіз?
-
3
Кореяда білім алу тәжірибем
Кореяда білім алуым жайлы толығырақ айтып беремін осы шығарылымда :)
-
2
Кіріспе: bir kese şay туралы
Кіріспе шығарылымды тыңдап, подкасымыздың кезекті шығарылымдарын күтіңіздер!Мен кіммін? Неге подкаст осылай аталды? Подкастты бастау себептерім жайлы баяндадым.
No matches for "" in this podcast's transcripts.
No topics indexed yet for this podcast.
Loading reviews...
Loading similar podcasts...