PODCAST · tv
Кино айтшы
by Journeration
“Кино айтшы” бұл фильм мен сериалдарды талқылайтын, сынайтын, мақтайтын және даттайтын подкаст. Журналист, IT мамандар жәнне кинотанушы Қазақстанда және шетелде шыққан (Ресейден басқа) фильмдерді көреді, сосын студияда кездесіп, пікірін ортаға салады. Үшеуі кәсіби киносыншы емес, бірақ болмасаң да ұқсап бақ деген принципті ұстанады. Ал кинотанушымыз краш! Мені қолдау үшін: 4400 4302 1073 8958 AKERKE ORAZ
-
10
«№37» фильмі: Расул неге Балқашқа кетті?
Бір жылдан бері шықпай қалған подкасымның жаңа эпизоды шықты. Бұл эпизодта киноман Ернар, аудармашы Батырбек және Ақерке ешкім түсінбеген «№37» фильмін түсініп көруге тырысады. Фильм режиссер Жандос Айбасовтың алғашқы жұмысы. Жаңа шығарылым ұнайды деп үміттенем, кез келген сынға ашықпын.
-
9
«Қадырдың бақыты»: алғашқы толықметр, қазақ анимациясы және бақыт деген не өзі
Иа, иа, мен сәл тоқтап қалдым. Сәл сүрленіп қалған эпизодты қабыл алыңыздар. Бұл шығарылымда кинотанушы Нұргүл Абдулламен режиссер Қалдыбай Сейдановтың «Қадырдың бақыты» туралы сөйлестік. Бұл режиссердің соңғы туындысы екен. Жалпы эпизодта көбі біле бермейтін ақпарат көп. Тыңдап көріңіздер, өкінбейсіздер. Эпизодта не туралы айттық: «Қадырдың бақыты» басқа қандай мульфильммен бәсекеге түсті? Қадыр бақытын тапты ма? Мультфильмді неге бәрі көру керек? Қолданған джингл: ARO - S.O.Seni Подкасты қолдау үшін: 4400 4302 4721 9048 Akerke Oraz
-
8
«Ойжұмбақ 2» (Inside out 2): Ер Төстікпен ұқсастығы, қазақша дубляждың деңгейі және Ұят
Бұл эпизодта бір апта бұрын шыққан Дисней мен Пиксардың «Ойжұмбақ 2» туындысын талқылаймыз. Тоғыз жыл күттірген мультфильмнің ерекшеліктерін, бас кейіпкерлердің эгосын және туындының бас идеясы неде екенін анықтауға тырысамыз. Эпизодта мына нәрселер талқыланады: Райли мен Ер Төстіктің ұқсас тұстары неде? Мультфильм Қазақстанда түсірілсе қай эмоция бас кейіпкер болатын еді? Қазақша дубляжға көңіліміз толды ма? Бұл эпизодта кинотанушылар: Еңлік Егеубаева және Нұргүл Абдулла. Қолданған джингл: ARO - S.O.Seni Подкасты қолдау үшін: 4400 4302 4721 9048 Akerke Oraz
-
7
«Baby Reindeer» (Бұғышақ) сталкиң туралы жақсы фильм бе?
Бұл эпизодта комик Ричард Гәдтің басынан өткен оқиғаға негізделген сериал туралы айтамыз. Сериал Нетфликстегі барлық рекордты жаңартты. Бүкіл әлем бұл сериалды талқылап жатыр. Эпизодта сталкиң, зорлық, құрбанды айыптау туралы көп айтамыз. Арасында өзіміз де Ричардты басында түсінбегенімізді мойындаймыз. Дисклеймер: зорлық-зомбылық, сталкиң, виктимблеймиң адам құқықтарына қайшы нәрсе! Ал есірткі адам денсаулығына зиян! Подкаста қолданған ән - Aro - S.O. Seni Сұрақтар мен ұсыныстар үшін: [email protected] Instagram парақшамызға жазылыңыз: @kinoaitshy
-
6
Соғыс туралы фильмдер: пропаганда ма, өнер ме?
Мамыр айы басталысымен теледидарда екінші дүниежүзілік соғысы жайлы фильмдер көрсетіле бастайды. Арасында КСРО кезеңінде түсірілген, кейде тәуелсіз Қазақстанда түсірілген фильмдерді көрсетеді. Соғыс тақырыбы үгіт-насихатқа, зорлыққа, өлім мен өмірге толы. Ал осы тақырыпта түсірілген фильмдер ше? Мұндай фильмдерге пропаганда ретінде қараймыз ба, әлде өнер ретінде баға береміз бе? Осы сұрақтарды кинотанушы Еңлік Егеубаевамен талқылап көрдік. Бұл эпизодта мына фильмдер талқыланады: 1. "Ана туралы баллада", 1959 2. "Атамекен", 1969 3. "Отец солдата", 1964 4. "Летят журавли", 1957 5. "Солдаты", 1957 6. "Die Bruke", 1959 Подкасты қолдау үшін: 4400 4302 1073 8958 Подкаста қолданған ән - Aro - S.O. Seni Сұрақтар мен ұсыныстар үшін: [email protected] Instagram парақшамызға жазылыңыз: @journeration
-
5
Корей дорамаларының құдыреті: неге бәрі Кореяны көргісі келеді?
Бұл эпизодта біз журналист Ақдидармен Корей мәдениетіне кіріспе және шолу жасадық. Ақдидар BTS тобының ықпалын, әсерін және олардың өнерін зерттеген. Бұл топ визуализацияны қалай қолданады, фанаттарымен қалай жұмыс істейтіні туралы диплом жұмысын жазған, тіпті сол үшін хейтке ұшыраған. Эпизодта не талқылаймыз? F4-те кімді жақсы көрдік? Корей дорамаларының ерекшелігі неде? Нетфликс дорамаларды қалай өзгертіп жатыр? Дорамалар фильм-туризмді қалай дамытып жатыр?
-
4
«Dune (Құмбел)»: қарғыс атқан шығарма, шөл дала мәдениеті және Зендея.
Абайла, спойлер! Бұл эпизодта спойлер өте көп. Біздің не айтып жатқанымызды толық түсіну үшін алдымен фильмнің екі бөлімін де көруге кеңес беремін. Жаңа эпизодта біз Дени Вильневтің «Дюн» (Құмбел) фильмін талқыладық. Вильнев - Спилберг, Нолан, Бертон сынды режиссерлардың қатарына қосылып жатқан жаңа есім. Фильмдегі діннің репрезентациясы, сүйікті кейіпкерлеріміз және фильмді көрместен бұрын не істеу керегін айттық. Сондай-ақ, бұл шығарманы неліктен қарғыс атқан деп атайтынын түсіндіреміз. Фильмге негіз болған туындының авторы Френк Герберттің өміріне тоқталып, қызық деректерге мән бердік.
-
3
«Менің атым Қожа» кім/не туралы фильм? Майқанова апай краш па?
Фильмді және оған қатысты дүниелерді "Киностанның" атасы Ернар Бекенов пен аудармашы Батырбек Әлімжановпен талқыладық. Бұл эпизодта фильм мен шығарманың айырмашылығын, Майқанова апай краш па және Қожа революционер ма деген тақырыптарды қозғаймыз. Арасында 60-70жж фильм түсірген біздің режиссерлер гений ма, Холлиуд тәжірибесі және Еркін Рақышевтың құлағын шуылдатамыз. "Киностан" телеграм каналы https://t.me/kinostankz Эпизодта кинотанушы Гүлнәр Абикееваның "Нациостроительство в Казахстане и в других странах Центральной Азии" ғылыми еңбегіне сілтеме жасалады. Сұрақтар мен ұсыныстар үшін [email protected]
-
2
«Бизнес по-казахский» неліктен сапалы фильм. Франшиза неге бір орында тұрып қалды?
Бұл эпизодта жылда жаңа жылда бәріміз күтетін "Қазақша бизнес" фильмінің барлық бөліміне қысқаша шолу жасаймыз. Франшизадағы бірінші фильм басқаларына қарағанда неліктен сапалы, әйелдер образы стереотиптер туралы айтамыз. Сондай-ақ, бұл фильмдер Қазақстан киноөндірісіне қандай үлес қосқаны туралы сөйлесеміз. Подкаста қолданған ән: Aro - S.O.Seni Сұрақтар мен ұсыныстар үшін [email protected]
-
1
"Барби" Оскарға лайық па?
“Барби” фильмі Оскар сыйлығына лайық па? “Дәстүр” фильмі мен “Барбидің” айырмашылығы неде? Барби қуыршағы мен фильмін феминизмің көрінісі деп атай аламыз ба? Барбиленд утопия ма? Бұл сұрақтарға барби-кинотанушы Еңлік Егеубаева және барби-киносүйер Ақерке жауап беруге тырысады. Подкаста қолданған әндер: Aro - S.O. Seni Ryan Gosling- I’m just Ken Billie Eilish- What Was I made for Сұрақтар мен ұсыныстар үшін: [email protected] Instagram парақшамызға жазылыңыз: @journeration
-
0
“Дәстүр” фильмін неге түсінбедік?
“Кино айтшы” бұл фильм мен сериалдарды талқылайтын, сынайтын, мақтайтын және даттайтын подкаст. Екі IT маман мен бір журналист Қазақстанда және шетелде шыққан (Ресейден басқа) фильмдерді көреді, сосын студияда кездесіп, пікірін ортаға салады. Үшеуі де кәсіби киносыншы емес, бірақ болмасаң да ұқсап бақ деген принципті ұстанады. Алғашқы эпизод Қуаныш Бейсектің “Дәстүр” фильміне арналады. “Киносыншылар” 5 минут бойы фильмде ұнаған жерлерін талқылады, ары қарай фильмді құтқаруға тырысты. Фильмде зорлық тақырыбы қалай көрсетілді, режиссер мен сценарий авторларының фейлы және мұндай фильмдер не үшін түсірілу керек деген сұрақтарға жауап беруге тырыстық. Подкаст жүргізушілері Ақерке, Еркебұлан және Жалғасхан. Дисклеймер: Подкаста “зорланған қыз” деген тіркес бірнеше рет айтылады. Бұл дұрыс емес тіркес, сол үшін кешірім сұраймыз. Подкаста қолданған ән - Aro - S.O. Seni Сұрақтар мен ұсыныстар үшін: [email protected] Instagram парақшамызға жазылыңыз: @journeration
We're indexing this podcast's transcripts for the first time — this can take a minute or two. We'll show results as soon as they're ready.
No matches for "" in this podcast's transcripts.
No topics indexed yet for this podcast.
Loading reviews...
ABOUT THIS SHOW
“Кино айтшы” бұл фильм мен сериалдарды талқылайтын, сынайтын, мақтайтын және даттайтын подкаст. Журналист, IT мамандар жәнне кинотанушы Қазақстанда және шетелде шыққан (Ресейден басқа) фильмдерді көреді, сосын студияда кездесіп, пікірін ортаға салады. Үшеуі кәсіби киносыншы емес, бірақ болмасаң да ұқсап бақ деген принципті ұстанады. Ал кинотанушымыз краш! Мені қолдау үшін: 4400 4302 1073 8958 AKERKE ORAZ
HOSTED BY
Journeration
Loading similar podcasts...