PODCAST · tv
Qazaq Screen
by Арайлым Серікова
Сәлем, достар! Менің есімім Арайлым, 2 жылдай кино саласында жұмыс жасадым. Ішкі атмосферамен таныстым, арман мен мақсаттар қалыптасты. Бірнеше отандық сериалдар мен фильмдерде жұмыс жасай отырып, барынша тәжірибе мен жаңа білім, іскерлік қарым-қатынас құра алу секілді қабілеттерді шыңдадым. Бұның барлығы 2019 жылдан бастау алған армандар еді. Қазіргі уақытта осы жолды ары қарай жетілдіру мақсатында жұмыс істеудемін.Бұл подкаст атауы “Qazaq Screen” , яғни “қазақ экраны” деген мағынаны білдіреді. Қазіргі таңда қазақ кино индустриясында нендей жаңалықтар болып жатыр, қандай туындылар жарыққа шығуда деген сұрақтармен бөлек жалпы бұл салаға қатысты ойлар жарияланатын болады. Сондай-ақ бұл тек соло-подкаст болып қалмай, осы салада қызмет етіп жүрген арнайы қонақтарымызбен де сұқбат міндетті түрде болады. P.S. Ескерте кететін дүние автордың бұл салада кәсіби білімі жоқ, сол себепті қандай да сұрақтар мен пікірлер болса @arayinspires инстаграм парақшасына жаза аласыздар.
-
3
#3 episode: Отандық өнімді қолдау қажет пе?
Осыған дейін отандық өнім деп жар салғаным да жетеді деген шешімге келдім жақында. Себеп - біреу. Ол - саны мен сапасы жоқ фильмдер алаңы. Осыдан бірнеше жыл бұрын қазақша кино жоқ деп қынжылдық, рас. Бірақ қазір кез-келгені кино түсіріп, экран мен адами құндылықтарды қараға бояп жатқаны өтірік емес.
-
2
#2 episode: “Похищение невесты” - қыз алып қашу туралы фильм емес
Барлықтарыңызға сәлем! Бұл Qazaq Screen подкастының екінші эпизоды. Бұл эпизодта мен 2023 жылғы Alternativa Film Awards жеңімпазы, қырғыз режиссері Мирлан Абдыкалықовтың “Алып қашу” (“Похищение невесты) фильмі туралы сөз қозғайтын боламын. Бұл фильм дәл қазіргі уақытта еліміздің 4 қаласында 24 қазанға дейін тегін көрсетелім жүріп жатыр. Міндетті түрде барып көруді ұсынамын! Көрген соң ойыңызбен менің әлеуметтік желідегі парақшамды белгілеп, бөлісіп қойсаңыз болады. Келесі эпизодта кездескенше! Apple Podcasts: https://podcasts.apple.com/kz/podcast/qazaq-screen/id1773345598 Instagram: https://www.instagram.com/qazaqscreen/profilecard/?igsh=cnJsN284ZjQ5ZXVn Author: https://www.instagram.com/arayinspires?igsh=MTRkdGF6b2dmaHZpNA==
-
1
#1 episode: Қазақ киноиндустриясындағы “қолдау” жайында
Сәлем! Qazaq Screen подкастына қош келдіңіз! Алғашқы эпизодта “қолдау” тақырыбында сөз қозғалды. Жақсы тыңдалым болсын!
We're indexing this podcast's transcripts for the first time — this can take a minute or two. We'll show results as soon as they're ready.
No matches for "" in this podcast's transcripts.
No topics indexed yet for this podcast.
Loading reviews...
ABOUT THIS SHOW
Сәлем, достар! Менің есімім Арайлым, 2 жылдай кино саласында жұмыс жасадым. Ішкі атмосферамен таныстым, арман мен мақсаттар қалыптасты. Бірнеше отандық сериалдар мен фильмдерде жұмыс жасай отырып, барынша тәжірибе мен жаңа білім, іскерлік қарым-қатынас құра алу секілді қабілеттерді шыңдадым. Бұның барлығы 2019 жылдан бастау алған армандар еді. Қазіргі уақытта осы жолды ары қарай жетілдіру мақсатында жұмыс істеудемін.Бұл подкаст атауы “Qazaq Screen” , яғни “қазақ экраны” деген мағынаны білдіреді. Қазіргі таңда қазақ кино индустриясында нендей жаңалықтар болып жатыр, қандай туындылар жарыққа шығуда деген сұрақтармен бөлек жалпы бұл салаға қатысты ойлар жарияланатын болады. Сондай-ақ бұл тек соло-подкаст болып қалмай, осы салада қызмет етіп жүрген арнайы қонақтарымызбен де сұқбат міндетті түрде болады. P.S. Ескерте кететін дүние автордың бұл салада кәсіби білімі жоқ, сол себепті қандай да сұрақтар мен пікірлер болса @arayinspires инстаграм парақшасына жаза аласыздар.
HOSTED BY
Арайлым Серікова
Loading similar podcasts...