Zhuldyz Podcast podcast artwork

PODCAST · education

Zhuldyz Podcast

Жасөспірімдердің жан-жақты дамуына септігін тигізетін подкаст.

  1. 10

    Мен нені армандаймын?

    Бізге армандауды ешкім үйреткен жоқ. Бірақ бала кезімізден бізде арман көп еді. Арман орындалуы үшін не істеу керек? Барлық арман орындала ма? Мұны эпизодта ашып айтамыз. Қазіргі жасөспірімдер не туралы армандайды екен? Оны да осы эпизодтан біле аласыздар. 00:11 Сәлемдесу 00:21 Өткен эпизодтарға шолу 01:51 Бала кезде нені армандадыңыз? 02:03 Менің орындалмаған бала арманым 05:55 Жасөспірімдердің арманы 09:26 Өзгенің арманын армандап жүрген жоқпын ба?09:55 Фрирайтинг техникасы арқылы арманды анықтау 11:32 Әрекет - арманға бастар жол 13:07 Мұхаммед Әли арман туралы не айтқан?

  2. 9

    Мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі | Өзекті мамандықтар | HR саласы | Жұмыс беруші не нәрсеге ашулы

    #мамандықтаңдау#жасөспірімдергекеңес#hr#hrсаласы#zhuldyzpodcast Бүгінгі эпизод қонағы - HR маманы Жұлдыз Ыбытаева. Жұлдыз ханым елімізде енді дамып келе жатқан HR саласы туралы толық айтып беріп, оның өзектілігіне де тоқталды. Сондай-ақ өзекті мамандықтар мен қабілетті анықтаудың лайфхактарын да айтып берді. Қонағымыз көрермендерге 3 сыйлық әкелді. Қандай сыйлық екенін білгіңіз келсе, эпизодты толық көріп шығыңыз. Шарттары эпизодта жасырылған. 00:00-00:00:41 Анонс 00:52 Сәлемдесу 01:08 Қонақты таныстыру 01:52 Подкаста берілетін 3 сыйлық 02:40 HR саласы деген не? 04:24 HR саласының негізгі міндеті қандай? 11:44 Компания қай кезде HR маманын алуы керек? 15:25 HR-ға жақын қай саланы таңдауға болады? 17:53 HR мамандарының жалақысы қанша? 18:38 HR мамандарына сұраныс қандай? 21:27 Бала кезде ойнаған ойыңызды еске түсіріңізші 25:00 Мамандық таңдаудағы тағы бір критерий 25:59 Gallup тесті мамандықты анықтай ма? 27:06 Мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі қандай? 30:43 Нарықта қандай мамандар тапшы? 31:28 Жасөспірімдерге қазірден бастап қандай қабілетті дамыту керек? 33:45 Неге көбі курстан алған білімді бағалайды? 34:03 Диплом керек пе? 35:14 Жұмыс берушілер не нәрсеге ашулы? 37:38 One to One деген не? 40:20 Жасөспірімдерге кеңес Қонағымыз Жұлдыз Ыбытаеваның инстаграммдағы парақшасы: https://www.instagram.com/zhuldyz.ybytayeva/ Подкаст авторы Назира Қасымбекпен байланысу жолдары: Instagram: ⁠https://www.instagram.com/nazira_kassymbek/ Telegram:⁠ @nazira_kassymbekova Gmail: [email protected]

  3. 8

    Түркияда білім алу | Үй| Құжат | Ақша

    #шетелдеоқу#Түркиядаоқу#мамандықтаңдау#университеттаңдау#zhuldyzpodcast Бүгінгі қонағымыз Sakarya University-дің 3-курс студенті Нұрдәулет Бейбітов. Бұл эпизодта Нұрдәулет қандай жағдайда Қазақстанда білім алудың дұрыс екенін, шетелдегі студенттік өмірдің қызықтарын және үй, құжат бойынша жиі кездесетін мәселелерге тоқталды. Тыңдарман, егер сіз шетелдік оқу орнына компаниялардың көмегі арқылы түсуді ойлап жүрсеңіз, оларға қалай алданып қалмау керегі де осында айтылды. Толығырақ мәлімет алу үшін эпизодты соңына дейін тыңдаңыз. Аяғына дейін тыңндап, бүгінгі тақырып туралы өз ойын сауатты білдірген тыңдарманымызға Нұрдәулет Түркиядан арнайы сыйлық беріп жібермек. 28 желтоқсанға дейін пікірлеріңізді жазып үлгеріңіздер.00:53 Қонақты таныстыру03:30 Шетелдегі университеттерді таңдау критерийлері05:17 Мамандықты қалай таңдады?07:26 Түркияда оқудың қиындығы09:52 Түркиядағы студенттік өмір қалай өтеді?13:10 «Сакарьядағы Қазақстан қауымдастығы» ұйымы туралы14:32 Неліктен таңдау Түркияның көп қаласынан Сакарьяға түсті?16:12 Ұйымда қандай қиындықтар кездеседі?20:52 Студенттік өмір мен оқуды қатар алып жүргісі келетіндерге22:22 Шетелге оқуға түсуге көмектесетін компаниялармен жұмыс процесі қалай болады?22:27 Компаниямен жұмыс істеуде басты ескеретін жайт23:33 Түркияға келгеннен кейінгі қадам25:47 Университетке тіркеуде не нәрсеге мән беру керек?26:23 Түркиялық құжат икаметті қалай алу керек?27:54 Компанияларға алданып қалмас үшін не істеу керек?28:52 Бастапқыда өзіңмен қанша ақша әкелу керек?30:45 «Türkiye Bursları» бағдарламасы туралы32:44 Неліктен бакалаврды Қазақстанда оқыған дұрыс?33:37 15 жастағы Нұрдәулетке қандай кеңес бересіз?34:09 Тәуелсіздік күніне арналған жүрекжарды тілегіҚонағымыз Нұрдәулет Бейбітовтың инстаграммдағы парақшасы: https://www.instagram.com/nurdabey/?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igshid=OGQ5ZDc2ODk2ZA==Подкаст авторы Назира Қасымбекпен байланысу жолдары:Instagram: ⁠https://www.instagram.com/nazira_kass...Telegram:⁠ https://web.telegram.org/z/#-1739455823⁠Gmail: [email protected]

  4. 7

    Түркиядағы өмір | Шетелде оқу

    #zhuldyzpodcast#түркиядағыөмір#шетелдеоқу#мотивация#тілүйрену#даму#университет#студент Бүгінгі эпизодта қонақ жоқ. Бір апта бұрын оқу бойынша Түркияға келдім. Бүгін осы жеті күн ішінде көрген, білгенімді, түйгенімді айтқалы отырмын. Бұл Түркияда оқуды, саяхаттауды жоспарлап жүргендерге арналады. Шағын гайдлайн десек те болады) Тыңдап шығыңыздар. Соңында міндетті түрде өз пікірлеріңізді жазып, share жасауды ұмытпаңыздар❤️ 00:18 Түркияға келудегі мақсатым 01:02 Түрік тілін білмей, Түркияға келе берсе бола ма? 02:21 Түркияда мен байқаған негатив 02:42 Түркияның табиғаты көпке ұнай ма? 03:18 Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер 04:28 Сакарядағы жол жүру ережесі мен қауіпсіздігі туралы 04:55 Түркияның аяқ киімге қатысты қызық көрінген өмір салты 05:46 Түріктер қазақтар мен Қазақстан туралы біле ме? 07:03 Түркия мен Қазақстандағы баға айырмашылығы қандай? Түркиядағы өмір мен PhD-ге қатысты инсайттарды Instagram парақшамнан https://www.instagram.com/nazira_kass... көре аласыздар: Подкаст авторы Назира Қасымбекпен байланысу жолдары: Instagram: https://www.instagram.com/nazira_kass... Telegram: https://web.telegram.org/z/#-1739455823 Бұйырса алдағы апта Түркияда оқып жатқан қазақстандық студентпен эпизод жазамыз. Қандай да бір қызықтырған сұрақтарығыз болса, комментарийге немесе телеграм/инстаграмға жаза аласыздар🤗 #zhuldyzpodcast#түркиядағыөмір#шетелдеоқу#мотивация#тілүйрену#даму#университет#студент

  5. 6

    Жазира Өмірзақ: АҚШ-та қазақша білгенім үшін аптасына 100$ табатынмын

    Бүгінгі кейіпкеріміз Жазира Өмірзақ "Болашақ" бағдарламасының түлегі. АҚШ-тағы Иллинойс университетін "Саяси экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Жазира шетелде білім алудың мүмкіндігі мен қиындығын және тіл білудің маңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ мамандық таңдаудағы лайфхактарын бөлісті. 01:08 Қонақты таныстыру 02:46 Оқу-білімге деген құштарлықтың басталуы 04:06 Шетелде білім алу себебі 06:27 Болашақ бағдарламасына түсу процесі 08:57 Шетелде оқығың келетінің қалай түсіну керек? 11:42 17-18 жастағылар шетелге түсуде не ескеру керек? 14:16 «Болашақ» бағдарламасына қатысты қойылатын TOP3 сұрақ 18:24 Мамандық пен университет таңдау критерийлері 21:53 Неге ҚазҰУ-ға түспедім? 23:07 Өз арман-мақсатыңды қалай қорғау керек? 26:38 Шетелге оқуға барғанда не нәрсеге дайын болып бару керек? 32:08 Не үшін шет тілін меңгеру керек? 30:13 Тіл үйренудің қандай лайфхактары бар? 41:29 Өмірді қалай жоспарлау керек? 45:08 Жазира Өмірзақтың өмірлік миссиясы қандай? 47:18 15 жастағы Жазираға қандай кеңес айтар едіңіз? Подкаст қонағы Жазира Өмірзақтың Instagram-дағы парақшасы: https://www.instagram.com/zhazira__om... Подкаст авторы Назира Қасымбекпен байланысу жолдары: Instagram: https://www.instagram.com/nazira_kass... Telegram: https://web.telegram.org/z/#-1739455823

  6. 5

    "Чудо" есіктер ашылмайды

    Бүгінде талапкерлердің IT саласына деген қызығушылығы орасан зор. Алайда соған қатысты пән таңдауда өздері де, ата-аналары да қай бағытты таңдарын білмей қиналып жатады. Эпизод қонағы ''Thousand" IT компаниясының құрушысы Айболат Құлатай IT бағыттарына тоқталып, мамандықты дұрыс таңдау бойынша кеңестерін берді. Сондай-ақ қыздар IT маманы бола ала ма, бұл салаға келу үшін математиканы шағу керек пе деген сұрақтарға жауап берді. Өзінің кейстерінен де көптеген мысал келтірді. Толығырақ подкастан тыңдай аласыздар. Тайм код: 00:00 Анонс 01:03 Сәлемдесу 02:55 IT саласының қандай бағыттары бар? 09:50 Мамандықты дұрыс таңдаудың критерийлері қандай? 12:20 Қыздар IT-ник бола ала ма? 13:21 IT-ді оқытатын жоғары оқу орындары 17:12  Ата-ананың баласына мамандық таңдап бергені қаншалықты дұрыс? 22:43 Университеттерді қандай критерий бойынша таңдау керек? 24:57 IT курстар мен IT-ді оқытатын университеттердің айырмашылығы неде? 28:24 Мектеп оқушылары арасындағы IT хакатондар туралы 32:06 ҰБТ тапсырушыларған қандай кеңес бересіз? 33:57 Табысқа жету формуласы 39:18 15 жастағы Айболатқа қандай кеңес берер едіңіз? Қонағымыз Айболат Құлатайдың инстаграммдағы парақшасы:  https://www.instagram.com/aibolat.kulatay/ Подкаст авторы Назира Қасымбекпен байланысу жолдары: Instagram: https://www.instagram.com/nazira_kassymbekova/ Telegram: https://web.telegram.org/z/#-1739455823 Gmail: [email protected]

  7. 4

    Бәрі үйден басталады

    Біз буллинг деп жүрген ұғым - әлімжеттік көрсету, психологиялық қысым жасау, ортадан бөліп тастау. Кез келген адам/бала буллинге қатысады (қатысқан). Бірі буллинг құрбаны болған, енді бірі куәгер болса, үшінші топ соны жасаған. Бұл тақырып қай кезде де өзекті. Буллинг тек ұлдар арасындағы ұрып-соғу ғана емес. Ортадан шеттету, бір адамды бөліп тастау. Соңғы уақытта осы мәселені көп жасөспірімнен естідім. Подкастың тақырыбы ретінде алғаным да сондықтан. Көбі аутсайдер болады да, өзін жексұрын сезініп, стресске түсіп кетеді. Бұдан қалай шығады? Жауабын психолог Айнұр Дүйсенмен болған сұхбаттан біле аласыздар. Бұдан бөлек, буллингке ұшыраған баланы қалай анықтауға болады? Мұндайда ата-ананың рөлі қандай? Сондай-ақ жасөспірім шақта жаңа ортаға қалай бейімделу керек деген сұрақтарға жауап іздедік. 01:19 Сәлемдесу 02:42 Буллингке ұшыраған баланы қалай анықтайды? 05:25 Неге бала әлімжеттік жасайды? 07:55 Неге балалар буллингке қатысқанын ешкімге айтпайды? 10:21 Ата-ана қалай көмектесе алады? 11:32 Қыздар арасындағы бөліну неден басталады? 14:38 Ортадан бөлініп қалған жасөспірім ситуациядан қалай шығу керек? 17:43 Бала мен ата-ана арасындағы үйлесім жақсы болу үшін не істеу керек? 18:40 Ата ананың қолдауы маңызды 20:50 Жаңа ортаға қалай бейімделу керек? 24:35 Бәрі ата анадан басталу керек 25:00 Неге бәрі өздігінен шешілмейді? 25:40 Мектеп психологтары қалай жұмыс істейді? 29:00 Баламен сөйлесу керек 33:22 Буллингке түскен болсаңыз Подкаст қонағы Айнұр Дүйсеннің Instagram-дағы парақшасы: https://www.instagram.com/psiholog_ainuraduisen/ Подкаст авторы Назира Қасымбекпен байланысу жолдары: Instagram: https://www.instagram.com/nazira_kassymbekova/⁠ Telegram: https://web.telegram.org/z/#-1739455823

  8. 3

    Пән таңдама, мамандық таңда

    Бүгінгі эпизод қонағы Генетика және физиология институтының лаборанты, ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінің 1-курс магистранты Айгерім Мұратбекқызы. Қонағымыз ҰБТ-ға тиімді дайындалу жолдары және мамандық таңдау критерийлері туралы айтып береді. Сондай-ақ тыңдармандарымыз биотехнология саласының бағыттары мен оның функциясы туралы танысады. Айгерім Мұратбекқызы мамандық таңдаудағы қателіктерін және өзінің ҰБТ тапсыру жолын да баяндап берді. Толығырақ подкастан тыңдаңыз. Таймкод 01:00 Подкаст қонағымен таныстыру 02:15 Бала күнгі арманым 06:22 Жоғарғы оқу орнын бітірмей-ақ жақсы маман бола аласың 07:10 Мамандық таңдау критерийлері 08:56 ҰБТ-ға қалай тиімді дайындалу керек? 11:33 Егер оқушы өзіне қызық пәнді таңдайтын болса 12:58 Емтиханға дайындалғанда не жеу керек? Не жемеу керек? 15:35 ҰБТ-дағы проблемный сабақ… 18:33Тест жаттау дұрыс па? 19:56 Биологиядан қалай тиімді дайындалу керек? 23:32 Биотехнология деген қандай сала? 28:21 Жоғары сыныпта оқитын Айгерімге қандай кеңес берер едің?  Спикер Айгерім Мұратбекқызының инстаграммдағы парақшасы: https://www.instagram.com/ay_kerimm/ Подкаст авторы Назира Қасымбекпен байланысу жолдары: Instagram: https://www.instagram.com/nazira_kassymbekova/ Telegram: https://web.telegram.org/z/#-1739455823 Gmail: [email protected]

  9. 2

    Мамандықты өзгерту, жұмыс іздеу талаптары және білімге инвестиция құю

    Маржан Жұмаділова UI/UX дизайнері. Алайда 4 жыл "Менеджмент" мамандығында білім алған. Маржан тұрақты жұмыс пен жалақыға қарамастан, өзін мүлдем басқа салада көргісі келді. Осылайша, IT-дегі шығармашылық жұмыста тәжірибе жинап, бүгінде UI/UX дизайнері болып қызмет етіп жатыр. Бұл сұхбатта кейіпкеріміз саланы ауыстырудан қорықпау керегін, жұмыс іздеу мен оның критерийлерін және мамандық таңдау туралы айтып берді.  Маржанның инстаграм парақшасы: https://instagram.com/marzhan__zhumadilova?igshid=YmMyMTA2M2Y= Подкаст жүргізушісі Назираның инстаграм парақшасы: https://instagram.com/nazira_kassymbekova?igshid=YmMyMTA2M2Y=

  10. 1

    Кіріспе эпизод

    Бұл – кіріспе эпизод. Подкастың мақсаты мен атауына тоқталып өттім.

Type above to search every episode's transcript for a word or phrase. Matches are scoped to this podcast.

Searching…

We're indexing this podcast's transcripts for the first time — this can take a minute or two. We'll show results as soon as they're ready.

No matches for "" in this podcast's transcripts.

Showing of matches

No topics indexed yet for this podcast.

Loading reviews...

ABOUT THIS SHOW

Жасөспірімдердің жан-жақты дамуына септігін тигізетін подкаст.

HOSTED BY

Nazira Kassymbekova

CATEGORIES

Frequently Asked Questions

How many episodes does Zhuldyz Podcast have?

Zhuldyz Podcast currently has 10 episodes available on PodParley. New episodes are automatically indexed when they're published to the podcast feed.

What is Zhuldyz Podcast about?

Жасөспірімдердің жан-жақты дамуына септігін тигізетін подкаст.

How often does Zhuldyz Podcast release new episodes?

Zhuldyz Podcast has 10 episodes. Check the episode list to see recent publication dates and frequency.

Where can I listen to Zhuldyz Podcast?

You can listen to Zhuldyz Podcast on PodParley by clicking any episode. We provide an embedded audio player for direct listening, and you can also subscribe via your preferred podcast app using the RSS feed.

Who hosts Zhuldyz Podcast?

Zhuldyz Podcast is created and hosted by Nazira Kassymbekova.
URL copied to clipboard!