PODCAST · education
Zhuldyz Podcast
by Nazira Kassymbekova
Жасөспірімдердің жан-жақты дамуына септігін тигізетін подкаст.
-
18
Алматыдағы оқу | Студенттердің бейімделуі | Жатақхана | Оқу туралы
Алматы - өзге өңірлердің жастары үшін арман қала. Бәріміз де осында оқып, тұрақтасақ деген арманмен келгенбіз. Алып шаһар тура сол қиялдың жетегімен келген кешегі талапкер, бүгінгі 1-курс студенттерінің күткеніндей ме екен? 18-ге енді толып, ата-анасынан бірінші рет жыраққа шығып тұрған қыздардың өкініші не? Қуанышы қандай Неге студенттер қазір ChatGPT-ға үйір боп алды?Осыдан бөлек талай өзекті сұрақтарға жасөспірімдерге арналған zhuldyz podcast-ның кезекті шығарылымында жауап іздедік.Эпизодқа қатысты пікіріңізді күтемін. Достарыңызға бөлісіп, арнамызға жазылсаңыз қуанып қаламын😊#zhuldyzpodcast
-
17
zhuldyz podcast 2024 жылды қорытындылайды
Бұл шығарылымда автор 12 ай бойы ойға тоқып, көңілге түйген тұжырымдарын айтты. Сондай-ақ жоспар құрудың маңызына тоқталып, келер жылдағы мақсаттарын бөлісті.Бір жыл бізбен бірге болғаныңызға рақмет, тыңдарман! Келер жыл тек жақсылық пен толағай табысқа толы болсын!
-
16
Фитнес | Дисциплина | Дұрыс тамақтану
Бүгінгі эпизод қонағы Айгүл Қарақойшықызымен фитнес туралы әңгімелестік. Сондай-ақ баланы спортқа қалай баулу керек? Неліктен кей адамдар фитнесті құнсыздандырады? Оның пайдасы қандай? деген сұрақтарға жауап іздедік. Тыңдап көріңіз)
-
15
Жалғасбек Ақболат | Ақша жинау | Қаржыны дұрыс басқару | Несие мен бөліп төлеу туралы
#zhuldyzpodcast-тың кезекті қонағы - қаржы маманы Жалғасбек Ақболат. Жалғасбек мырза қаржы сауатына кеңінен тоқталып, қате тұжырымдардың шешімін көрсетті. Сондай-ақ шығарылымда қаржылық мақсатты қалай дұрыс қойып, балаға кішкентайынан қаржылық әдеттерді сіңіру жолдары мен тәсілдері туралы да айтылды.Эпизод өз қаржысын басқарып үйренгісі келетін кез келген жанға арналады.00:09-00:14 Сәлемдесу00:15-00:18 Эпизод қонағын таныстыру01:44-02:38 Қаржы саласын таңдау себебі03:04-05:10 Қаржы сауаты деген не?05:15-07:00 Қаржы мақсатын қалай дұрыс қою керек?07:43-11:18 Ерте жастан қаржылық қорды қалай жинау керек?12:01-15:16 Тауарды несиеге, бөліп төлеу мен каспий редке алу туралы маман пікірі15:52-16:52 Кіріс пен шығысты не себепті есептеп жүру керек?17:02-17:21 Кірістің 10%-ы қайда кетеді?17:22-18:39 Бөліп төлеу мен несиені қандай жағдайда ғана алу керек?19:28-20:35 Баланың қаржылай сауатты болуындағы отбасының рөлі20:37-22:03 Балалардың қаржылай сауатын арттыратын әдістер22:14-25:28 Арнайы балаларға берілген ақшаны ата-аналардың алып қоюы дұрыс па?25:49-26:21 Қолма-қол ақша VS карта26:22-27:48 Кірісті конверттерге бөлу27:54-29:56 Қаржыға қатысты жапон философиясы қандай?30:04-33:31 Студенттердің жұмыс істегені дұрыс па?33:41-36:48 Қаржылай дамуды арттыратын ресурстар37:24-39:54 Мемлекетке қаржыгерлер керек пе?
-
14
Достық. Қарым-қатынас орнату
Адам өміріндегі ең маңызды құндылықтың бірі - достық. Жаңа ортаға бейімделіп, жанына жақсы адамдарды жинау -оңай емес. Өйткені адам тану - маңызды критерий. Достық туралы өзгелер не дейді? Сіздің пікіріңіз қандай? Эпизодты тыңдап, өз пікіріңізді жаза кетіңіз.
-
13
Жатақхана дұрыс па? Пәтер тиімді ме? әлде туыстың үйі жайлы ма?
Бұл эпизод алғаш рет тыңдарман/көрермендердің қатысуымен Инстаграм желісінің тікелей эфирінде өтті. Студенттер үшін тұруға қолайлы мекендерді талдап көрдік. Сіз де тыңдап шығып, өз ойыңызды жаза кетіңіз.
-
12
Кітапты қалай оқу керек? | Хәрри Поттер | Махаббат, қызық мол жылдар
#zhuldyzpodcast-тың бүгінгі қонағы – booklover, филолог Назым Сапар. Бұл эпизодта біз кітап оқу дағдысын қалыптастыру, қазақ әдебиетіндегі жасөспірімдердің қамтылмауы, оқытудағы шектеулер мен педагогикадағы заманауи әдістер туралы әңгімелестік. Назымды жан-жақты ашуға тырыстым. Сондықтан бұл эпизод оқушыға да, жас маманға да, кітап оқу дағдысын қалыптастырып жүрген жан мен ата-анаға да арналады. Айтпақшы, эпизодта сыйлық бар. Шартын сұхбат барысында айттық. Соны орындап, жүлделі болыңыз! Достарыңызға таратуды да ұмытпаңыз!
-
11
Стюардесса мамандығы | Мүмкіндіктері | Мамандық таңдау
zhuldyz podcast-тың бұл жолғы эпизоды Стюардесса мамандығына арналды. Бұл салаға байланысты болашағы жоқ, тұрақсыз дейтін таптаурын ойлар көп. Бүгінгі қонағымыз Балауса Жүнісбекова қазақстандық үлкен авиакомпанияның бірінде жұмыс істеп, мол тәжірибе жинаған. Эпизодты толықтай бұл саланы қалай игеру керек, болашағы, мүмкіндіктері мен қауіп-қатеріне арнадық.00:00-00:13 Анонс02:00-02:20 Қонақты таныстыру03:20- 04:06 Стюардесса болу туралы ой қалай келді?04:24-05:41 Стюардесса тұрақты мамандық па?06:00-07:52 Стюардесса мамандығының қиындығы неде?07:52-09:10 Стюардесса мамандығын оқыту қалай жүреді?09:40-11:58 Сюардесса болу үшін қандай талаптар бар?12:37-20:10 Жұмысқа орналасу кезеңдері қалай жүреді?21:02-21:33 Медициналық тексеріс қалай өтеді?21:42-22:16 Оқыту процесі қалай жүреді? 23:58-24:08 Инструктор емтиханынан өтпей қалса…26:30-26:52 Алғашқы рейс кезіндегі сезім27:40-30:13 Есте қалған рейс31:35-33:16 Сюардессалардың жиі көңіліне тиетін не?34:59-36:13 Сюардесса болудың плюсі39:23-40:30 Жасөспірімдерге айтар кеңесіПодкаст авторы Назира Қасымбекпен байланысу жолдары:Instagram: /@nazira_kassymbekTelegram: https://web.telegram.org/z/#-1739455823#жасөспірімдер#мамандықтаңдау #стюардесса
-
10
Жасөспіріммен әңгіме | Анасымен қарым-қатынас | Мектептегі орта | Орындалмас арман
#буллинг #teenagers #жасөспірімдер #zhuldyzpodcast#teenagers#жасөспірімдер#мамандықтаңдау#орта#буллинг zhuldyz podcast-та жаңа айдар. Атын атап, түсін түстегісі келмейтін, бірақ жасөспірім шақтағы қиындықтары мен оны еңсерудегі әрекеттері туралы сыр шерткісі келетін спикерлер әңгімесі “Құпия жұлдызда” айтылады.Алғашқы қонақ - 17 жастағы жасөспірім. Сыныптастарымен ара қатынасы, мектеп психологтарының жұмысы және арманы туралы сөз еттік.00:00-00:37 Анонс01:20-01:35 zhuldyz podcast-та жаңа айдар02:51-03:14 Жаңа мектепке бейімделуі туралы04:25-04:48 Жас өтпелі кезеңдегі қиындықтар04:55-05:10 Жасөпірім өміріндегі мектеп психологының орны 07:07-07:23 Қыздардың топқа бөліну себептері08:35-09:01 Ортадан бөлініп қалған қыздарға кеңес09:46-10:01 Самооценкамен жұмыс істеу туралы10:21-10:57 Жасөтпелі кезеңдегі ананың рөлі қандай?11:32-12:08 Мамандық таңдау кезіндегі ата-ананың қарсылығы мен кеңесі12:59-13:31 Жаңа ортаның әсері14:02-14:31 Мақсат қою, жоғары нәтижеге ұмтылу15:05-15:34 Трендке ұмтылу, қызығушылықтың өзгеруі17:49-17:56 СоңыҚұрметті тыңдарман, төменге осы тақырып туралы өз ойларыңызды жаза кетіңіздер. Сондай-ақ келесі эпизод тақырыбын да ұсынсаңыздар болады. Ұсынысқа әрдайым ашықпын:))Инстаграм: /@/nazira_kassymbekovaТелеграм: https://t.me/zhuldyzpodcast
We're indexing this podcast's transcripts for the first time — this can take a minute or two. We'll show results as soon as they're ready.
No matches for "" in this podcast's transcripts.
No topics indexed yet for this podcast.
Loading reviews...
ABOUT THIS SHOW
Жасөспірімдердің жан-жақты дамуына септігін тигізетін подкаст.
HOSTED BY
Nazira Kassymbekova
CATEGORIES
Loading similar podcasts...