EPISODE · Nov 19, 2020 · 31 MIN
#103. Көпке ұмтылған жалғыз: Әлеуметтік таным
from Тамаша жыл - The Big Year · host Тамаша жыл - The Big Year
Біз "Тамаша жыл" кітап клубының қазан айындағы таңдауы Эллиот Аронсонның "Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психология" кітабының 4-тарауын сіздермен бірге талдамақшымыз. Бұл эпизодты басынан соңына дейін Швейцариядағы Цюрих университетінің әлеуметтік антропология бойынша докторанты Индира Алибаева жүргізеді. Әлеуметтік таным - бұл біздің басқа адамдар мен әртүрлі әлеуметтік жағдайлар туралы қалай ойлайтынымыз, бұл ақпаратты қалай сақтап, қолданатынымызды зерттейтін әлеуметтік психологияның бөлімі. Уақыт коды: 1:00 - Индираның диссертациясы. Адамның этностық ерекшелігі оның өміріне қалай әсер етеді? 2:28 - Орта ғасырдағы және қазіргі стереотиптер 3:45 - Әлемді қалай түсінеміз? 4:10 - Түсініксіз заттарды қалайда түсінікті етуге тырысамыз 5:27 - Адам белгілі бір ерекшеліктерімен туылады және тәрбие/қоршаған орта қосымша реңк береді 9:18 - Адамның миы жылдам реакция береді: сөйтіп стереотип туындайды 12:09 - Үйреншікті емес жағдайларда орын алатын ойлау жүйесі 13:34 - 100% дәлелденбеген ақпаратқа неге сенеміз? 14:35 - Адамдар үнемі басқа адамдар туралы ойлайды, олардың ойлары қызық; құбылыстардан, заттардан адамның бейнесін іздейміз 16:00 - Адамдарды жіктеу: "өзіміз" vs "бөтен" 18:40 - Адамның пікіріне әсер ететін сыртқы факторлар. Әлеуметтік контекст 19:00 - Бағалау салыстырмалы контексте жүреді 20:00 - Санамыздағы схемалар, модельдер
Embed this episode
NOW PLAYING
#103. Көпке ұмтылған жалғыз: Әлеуметтік таным
No transcript for this episode yet
Similar Episodes
No similar episodes found.
Similar Podcasts
No similar podcasts found.