#105. Жадыра Кеңесбек: көп тіл білуім көп мүмкіндіктер сыйлады episode artwork

EPISODE · Dec 1, 2020 · 47 MIN

#105. Жадыра Кеңесбек: көп тіл білуім көп мүмкіндіктер сыйлады

from Тамаша жыл - The Big Year · host Тамаша жыл - The Big Year

Бүгін біз көп тіл білу, үйрену тақырыбын жалғастырамыз. Бүгінгі біздің қонағымыз - Жадыра Кеңесбек. Жадыра да дәл алдыңғы қонағымыз тәрізді бірнеше тілді жетік меңгерген, онымен қоса оның негізгі маманданған саласы: физика. Инстаграмдағы аккаунты: @jadyra.kenesbek Жадыра ағылшын, қытай, араб, түрік, қазақ және орыс тілдерін біледі. Қазіргі таңда Гонконгте физика мамандығы бойынша докторантурада оқиды, оған дейін ҚазҰУ-де білім алған. Жадырамен қараша айының басында тауда таныстық. Оның бірнеше тілді білетіні, тілді қалай хобби ретінде қосымша дамытып жүргені мені өте қызықтырды. Ең қызығы, пандемия кезінде Жадыраның Қытайдағы лабораториясы уақытша жабылғаннан кейін, Жадыра елге оралып, қытай-ағылшын тілдерінде синхронды аудармамен айналысуда. Синхронды аударма деген сөзді естігенде менің басым айналып, ауырып кетеді. Бұл -белгілі бір кәсібиліктің биігіндей. Бүгін осы тамаша қыздан интервью аламыз. Уақыт тэгтері: 00:26 - Жадыра қандай тілдерді біледі? 01:15 - Жадыра жайлы жалпы ақпарат 02:09 - Өзімді тіл үйренуші энтузиаст деп білемін 02:23- Араб тілін медреседе үйрендім 03:22 - Түрік тілін мектепте тарих, география пәндеріне қызығу арқылы үйрендім 04:27 - Қытай тілін үйренуім кездейсоқ, қызық оқиғадан басталды 07:10 - Қытай тілін кейін докторантурада оқып жүргенде жетілдірдім 08:10 - Профессорымнан қытай тілін үйрену үшін 2-3 сағатқа босатуын сұрадым 09:22 - Тілге, сол елдің мәдениетіне деген үлкен қызуғышылық керек 10:15 - Үйренетін жақсы кітап керек 10:53- Тіл үйренуді аз болса да, күнделікті тұрақты әдетке айналдыру керек 12:30- Тілдің бір пайдасы - білім алу мүмкіндігі 13:02 - Тіл білу пандемия  кезінде маған жаңа кәсіппен айналысуға мүмкіндік берді 15:45- Синхронды аударма кезіндегі күтпеген оқиғалар 20:03- Тілді үйренуді тыңдаудан бастаймын 21:11 - Ешқашан аудармау керек: күнделікті қолданылатын сөздерді үйренемін 22:15 - Біздің миымызы маңызды емес деп санайтын ақпаратты ұмытуға бейім 23:11 - Грамматиканы соңына қарай үйренемін 24:08 - Адам өз өмірінде миға байланысты бір кітап оқу керек 24:17 - Space Repetition әдісі 25:39 - Дыбыстарға үйрену, дыбыстармен үйрену 26:54- Тәжірибемен контексттен түсіне бастайсыз 28:22 - Тіл білу арқылы саяхаттаудың артықшылықтары 29:24 - Неліктен Қытайға саяхат қызықтырды? 31:34 - Гонкогта білім алу қаншалықты сізді өзгертті? 32:18 - Қолыңнан келмесе, оған уайымдама 34:16 - Дағдарыс: жаңа мүмкіндіктер 37:53 - Жақында француз тілін үйренуді бастадым 40:05 - Араб тілінің өміріңіздегі орны 40:58 - Әр тілде әр түрлі адамсыз ба? 42:30 - Адамдарды түсіну оңайлай түседі 44:05 - Тіл білу қартаюды тежейді 44:50 - Әлі талай тіл үйренгім келеді

Episode metadata supplied by the publisher feed · Published Dec 1, 2020

Embed this episode

NOW PLAYING

#105. Жадыра Кеңесбек: көп тіл білуім көп мүмкіндіктер сыйлады

0:00 47:51

No transcript for this episode yet

We transcribe on demand. Request one and we'll notify you when it's ready — usually under 10 minutes.

No similar episodes found.

No similar podcasts found.

Frequently Asked Questions

How long is this episode of Тамаша жыл - The Big Year?

This episode is 47 minutes long.

When was this Тамаша жыл - The Big Year episode published?

This episode was published on December 1, 2020.

Can I download this Тамаша жыл - The Big Year episode?

Yes. Use the download control on the episode player to save the publisher-provided media file.
URL copied to clipboard!