EPISODE · Mar 24, 2021 · 1H 8M
#109. Ақниет Байбоз: 200 доллармен басталған бизнес, докторантура және спорт
from Тамаша жыл - The Big Year · host Тамаша жыл - The Big Year
Бүгін бізде қонақта кәсіпкер, геология ғылымдарының докторы, half ironman-ды аяқтаған триатлоншы - Ақниет Байбоз. Ақниет өзінің бизнеске қалай келгені, сақтап жүрген 200 долларын жарнамаға салып, серіктестерімен бірге жылдық айналымы $2.5 миллионға дейін жететін бизнесті қалай тұрғызғаны туралы айтып береді. Сонымен қатар, эпизодта докторантураны не үшін оқығаны, триатлонмен қалай айналыса бастағанын да шалып өттік. 00:00 - Ақниетті таныстыру 2:17 - Дипломды алған сәттен бастап апатия басталды, түсініксіз жағдайда болдым 3:34 - Группаластарыммен бірігіп, сайт жасаумен айналыстық. Тапсырыс берушінің жұмысына қарай отырып, бизнес идея келді 5:32- Әртүрлі сайттар, лэндинг парақшалар жасадық, бірақ ... 6:42 - Қайтадан көңілім түсті, бірақ ойыма ескі досым келді 7:00 - Барахолкаға барып, бизнес идеямды айттым: ол келісті 7:27 - Жарнамаға $200 салдық 8:08 - Бизнестегі ең басты, маңызды ресурс - серіктестер 8:41- 2020 жылы пандемияға қарамастан, 930 млн теңгеге сауда жасадық 10:20 - Серікстестермен сәтті жұмыс істеудегі бір лайфхак 11:25 - Ештеңеге қарамастан, бір бірімізді қолдауды үйрендік 15:00 -Батыс пен солтүстіктің қазақтары, қытай ұлтының өкілдері біріккенде қандай бизнес шығады? 17:10 - Серіктесімізге киім таңдауды үйрендік, бизнесменнің сағаты оның айлық пайдасымен бірдей болуы керек 20:00 - Алғашқы салған инвестицияларымыз туралы 20:50 - Қаланың ортасынан офис босқа офис алған тәрізді қателіктер болды, ақшаны жеткізбеген сәттер де болды 23:00 - Бар клиенттерімізге сататын өнім ассортиментін көбейтуді ойладық 23:50 - Цех салғымыз келді, бәрі жақсы, бірақ ... 26:00- Өндіруге қажетті бөлшекті сататын Түркиядағы компанияға келіссөзге бардым 29:00- Бизнестегі тәуекелдер, білімнің қажеттілігі. Жақсы білім базасы көпке дейін жетеді 36:50 -40 жастағы өзім қандай болады екен деп қызығамын 37:50 - Не үшін геология ғылымдарының доктор дәрежесін алдым? 44:20 - Палеохантинг деген саланы дамытқым келеді 50:10 - Өміріңнің барлық секторларын қалай үйлестірдің? Делегирование жасау. 55:40 - Серіктестеріммен бірге триатлонмен айналысып, Португалиядағы half ironman жарысына дайындалдық 59:25 - Саяхат жасаудың үш деңгейі 01:02 - Ақниетпен болатын болашақ эпизодтар
Embed this episode
NOW PLAYING
#109. Ақниет Байбоз: 200 доллармен басталған бизнес, докторантура және спорт
No transcript for this episode yet
Similar Episodes
No similar episodes found.
Similar Podcasts
No similar podcasts found.