EPISODE · Jun 13, 2025 · 25 MIN
4-ші маусым. 11-ші эпизод. Биопакеттер пластик пакеттерден экологиялық жағынан жақсы ма, жоқ па?
from Экология без паники
Ыдырайтын қаптар — расымен экологиялық балама ма, әлде жарнаманың бір түрі ғана ма? Мұндай қаптар кәдімгі пластик пакеттерді алмастырып, қоршаған ортаны ластанудан сақтай ала ма? Бұл сұрақтарды біз Қазақстанда биоқаптар өндіретін Батырхан Жұмановпен талқыладық. Ол 2016 жылдан бері жүгері крахмалы негізінде экологиялық қап шығарып келеді. Әңгіме барысында біз бизнес, қаптардың құрамы мен өндірістің қоршаған ортаға әсері туралы көп нәрсе сұрадық. Сосын біз бірнеше ғылыми жұмысты қарап шықтық. Ең қызық деректерді таңдап, сіздермен бөлістік. Неліктен биоқаптардың көмірқышқыл газы мен су ізі көп? Биоқаптар су қоймаларының гүлденуіне қалай әсер етеді? Барлық пластик қапты өсімдіктен жасалған қаппен ауыстыруға бола ма? Бұл және өзге де сұрақтарға жауап — жаңа бөлімімізде. Мазмұны: 02:44 — Өндірушімен сұхбат; 17:30 — Ғылыми зерттеулер. Бізді қалай қолдауға болады? BOOSTY платформасында жазылым рәсімдеңіз:https://boosty.to/ecobp немесе PATREON платформасында: https://www.patreon.com/ecoBP/about Жүргізушілер: Пакизат Сайлаубекова https://www.instagram.com/mrs.greenpeace/ Михаил Беляков https://www.instagram.com/paketamnet/ Бізбен байланыста болыңыз: Instagram https://www.instagram.com/ecologiya_bez_paniki/ Сондай-ақ Telegram-ға қосылыңыз https://t.me/ecologyBezPaniki Жақсы тыңдаулар тілейміз!
Embed this episode
Ready to play
4-ші маусым. 11-ші эпизод. Биопакеттер пластик пакеттерден экологиялық жағынан жақсы ма, жоқ па?
No transcript for this episode yet
Similar Episodes
No similar episodes found.