EPISODE · Nov 3, 2021 · 42 MIN
Айбар Олжаев ипотека, мемлекеттік бағдарламалар, қаржылық сауаттылық және несиден шаршау синдромы туралы
from OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС · host Ainel Amirkhan
OY-DETOX-тің 7-ші эпизоды ипотека тақырыбына арналады. Бұл эпизодта түрлі бағдарлама бойынша әр жылдары ипотека алған Балжан, Бақыт және Асқар өз тәжірибиелерімен бөліседі. Сондай-ақ, "ипотека дегеніміз не?", оны қашан алған дұрыс және алар кезде неге назар аудару керек деген сұрақтарға жауапты табуға сарапшы Айбар Олжаев көмектеседі. Ол "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-ның бас менеджері қызметін атқарады. Эпизодты онлайн түрлі бағдарламаларда жазғандықтан, дыбыстағы қандай да бір ақаулар үшін алдын ала кешірім сұраймын. OY-DETOX-ті тыңдаған қосымшаларыңызда менің подкастыма жазылып, бағалап кетулеріңізді сұраймын. Бұл оның тыңдармандарының қатарын арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ, подкаст патрондарының қатарына қосылып, қолдай аласыздар. Толық ақпарат мына жерде Эпизод таймкодтары: 02:42 - 7/20/25 бағдарламасы бойынша ипотека алған Балжанның тәжірибиесі 06:11 - Отбасы банкінен ипотеканы биыл алған Бақыттың тәжірибиесі 09:02 - мемлекеттік және “Баспана хит” бағдарламалары арқылы ипотека алған Асқардың тәжірибиесі 14:53 шақырылған сарапшы Айбар Олжаев ипотекаға қатысты әуесқой сұрақтарға кәсіби жауап береді. Ипотека аларда неге баса назар аудару керектігі туралы 17:08 - ипотека портфелі мен ипотека алатындардың жалпы портреті туралы 19:31 - баспанаға қатысты әлемдік және жергілікті тенденция туралы 21:22 - базалық ставка, ақшаның құны, инфлянция және несие, ипотека мен депозиттің пайыздық көрсеткіштері туралы 25:25 - пайыздық көрсеткішті қалай есептейміз? 30:47 - қаржылық сауатсыздық, пирамидалар мен фактчекинг туралы 33:40 - “Баспана хит”, “7/20/25 және өзге мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалар туралы 38:18 - ипотеканы төлей алмайтын жағдайда не істеу керектігі туралы 41:09 - несиеден шаршау синдромы туралы Эпизод қонақтары мен тыңдармандарына шексіз алғысымды білдіремін!
Embed this episode
Ready to play
Айбар Олжаев ипотека, мемлекеттік бағдарламалар, қаржылық сауаттылық және несиден шаршау синдромы туралы
No transcript for this episode yet
Similar Episodes
No similar episodes found.