EPISODE · Sep 22, 2020 · 1H 1M
Balmuzdaq Plus: "қара бөлме" теориясы, мәдени барьерлер мен стереотиптер туралы
from OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС · host Ainel Amirkhan
OY-DETOX-тың кезекті эпизодының қонағы жастарға арналған Balmuzdaq + жобасының авторлары, журналистика факультетінің студенттері Заңғар Омар, Алина Жартиева және Сұңғат Анапия. Мен алдыңғы эпизодтарымды зерделей келе подкастыма жастардың дауысын қосайын, олардың қазіргі таңдағы мүдде-мақсаттарымен танысайын және олардың ойларымен өзгелермен де бөлісіп көрейін деп шештім. Бір сағат уақыт ішінде біз қазақ тілінің бүгінгі жағдайы, қоғамдағы стереотиптер, ұрпақтар сабақтастығы аясында бірқатар ой қозғадық. Тайм-кодтар: 00:20 - Менің подкастерлік өмірімдегі жаңалықтар 01:20 - Алақай! OY-DETOX-тің PATREON-ы дүниеге келді. Қандай да бір сомамен қолдау көрсетем деушілерге мархаббат! 02:28 - OY-DETOX деген не? Негізгі концепциясы туралы шағын ақпарат 04:38 - Balmuzdaq Plus жобасының авторлары Алина, Сұңғат және Заңғармен танысу 05:52 - Balmuzdaq Plus жобасының пайда болу тарихы мен неліктен оның дәл осылай аталатындығын талқылау 08:05 - Алина, Сұңғат және Заңғардың бұл жобада бастары қалай тоғысты 11:20 - Қоғам мен жастар арасында тіл мәселесіне қатысты стереотиптер 18:15 - "Қара бөлме" теориясы, мәдени барьерлер мен стереотиптер туралы 23:26 - Balmuzdaq Plus қандай ақпарат таратады, қандай тақырыптарға басымдық береді? 25:35 - Қазіргі жастар қандай ақпаратқа зәру және оларға жол табу тетіктері туралы 36:22 - ата-аналар мен балалар, ұрпақтар сабақтастығы туралы 44:30 - жастардың құндылықтары, жеңіл ақша, саясат пен pop-медиа 46:55 - Алина, Сұңғат және Заңғар қандай ақпаратқа зәру? 50:30 - "Қастандық" теориясы, сторителлинг және документалистік журналистика туралы 55:25 - Алина, Сұңғат және Заңғар үшін OY-DETOX не? 56:12 - Жаттану (Alienation) және редукционизм теориясы туралы Қосымша ақпарат: Balmuzdaq Plus - жастардың стереотиптерімен бөлісетін медиа. Оның ютюб парақшасы - https://www.youtube.com/channel/UCDkKBVOjs5oN-yqEEoy7Iwg Эпизодта "Уральская неделя" басылысының аты аталады - https://www.uralskweek.kz/ Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Embed this episode
NOW PLAYING
Balmuzdaq Plus: "қара бөлме" теориясы, мәдени барьерлер мен стереотиптер туралы
No transcript for this episode yet
Similar Episodes
No similar episodes found.