Skip to content
Қытайда туып, Швейцарияда оқып, АҚШ-та медициналық жаңалық ашқан қазақ Манат Мәуленбайдың оқиғасы episode artwork

EPISODE · Oct 21, 2025 · 1H 41M

Қытайда туып, Швейцарияда оқып, АҚШ-та медициналық жаңалық ашқан қазақ Манат Мәуленбайдың оқиғасы

from Цукербергтің көршілері · host Zuckerberg.korshileri

Қытайдың Шыңжаң өлкесінде туып, 25 жасында Қытай ғылым академиясында жұмыс істеген, әлемнің ең мықты ядролық физиктерінің басы қосылған Швейцариядағы ЦЕРН орталығында квант физикасынан PhD қорғаған, содан кейін АҚШ-қа келіп, ғылыми медицина саласында отыз жыл жұмыс істеп, әріптестерімен бірге өкпенің қатерлі ісігін бірнеше миллиметр түйін кезінде көре алатын құрылғы ойлап тапқан қазақты елестете аласыз ба? Ол кісі қай тілде сөйлеуі мүмкін? Сөз саптасы қандай? Мінез-құлқы қандай? Манат Мәуленбай бүкіл өмірі шет елде өтсе де, нағыз қазақылықтың иісін сақтап қалған ерекше азамат, аса білімді ғалым, потенциалы өте жоғары стартап негізін қалаушы. Подкасымыздың бүгінгі шығарылымында ол "қаймағы бұзылмаған қазақтың ортасы - Алтай өлкесінде өткен балалық шағы туралы, Қазақстаннан көшіп кетуге мәжбүр болған нағашы әжесі туралы, Советтік Қазақстан мен XX ғасырдағы Қытай қазақтарының арақатынасы туралы, медицина технологиясы саласындағы стартабы туралы, Қытайдың шағын ұлттарға қатысты саясаты туралы әңгімелеп берді. Аса қызықты, мағлұматы мол, үйренері көп әңгіме болды деп ойлаймыз. Сапалы қазақша контентті қолдап, лайк басып, комментарий жазып, видеомен бөлісулеріңізді сұраймыз. 0:00:00 Тизер0:01:21 "Алтай - қазақтың қаймағы бұзылмаған ең ақырғы жері". Қытайдың қазақтары туралы0:05:17 "Тарыдай шашылған қазақ". Манат ағаның нағашы әжесінің шекара асқан хикаясы0:11:59 Алтайда қазақ мәдениетінің бұзылмай сақталуының себебі неде? 0:14:41 "Қазақстан тәуелсіздік алғанда, жүрегім өрекпіп жетіп келдім, бірақ көңілім суып кетті"0:16:48 Қытай қазақтары қандай әліппені қолданады? 0:18:09 Қытай қазақтары Советтік Қазақстан туралы ақпаратты қайдан алды? 0:23:23 Қазақстанда шетелден келген қандастарға "Оралман" деп қарауының себебі0:27:50 Қытай үкіметінің Қазақстанға деген ниеті қандай? 0:33:12 "Квантум физикасын Швейцариядағы ЦЕРН орталығында зерттедім" 0:37:21 Қазақ ғылымы Қытайдағы, Швейцариядағы, АҚШтағыдай даму үшін не істеу керек? 0:41:54 "Қазақстан экономикасын өз ерекшеліктеріне негіздеп отырып дамыту керек"0:46:00 ЦЕРН-де PhD жасаған соң неге АҚШ-қа көшіп келді? 0:50:55 Квант физикасынан медицина индустриясына қалай келді? 0:53:18 Өкпе ісігін ең бастапқы кезеңінде табуға мүмкіндік беретін стартабы туралы1:15:52 Қытайда "қайта тәрбиелеу лагеріне" тап болған туған ағасы Қанат Ережеп туралы1:21:55 Қытайдың ұлттарға қатысты саясаты өзгергеннен кейін Қытай қазақтарының көңіл-күйі қалай? 1:25:42 Шыңжаң қазақтары қытаймен қыз алысып, қыз берісе ме? 1:28:40 Қазіргі Қазақстан туралы ойы1:32:35 Болашақтың ғылымы - AI негізделген биология туралы

Episode metadata supplied by the publisher feed · Published Oct 21, 2025

Embed this episode

Ready to play

Қытайда туып, Швейцарияда оқып, АҚШ-та медициналық жаңалық ашқан қазақ Манат Мәуленбайдың оқиғасы

0:00 1:41:35

No transcript for this episode yet

We transcribe on demand. Request one and we'll notify you when it's ready — usually under 10 minutes.

No similar episodes found.

No similar podcasts found.

Frequently Asked Questions

How long is this episode of Цукербергтің көршілері?

This episode is 1 hour and 41 minutes long.

When was this Цукербергтің көршілері episode published?

This episode was published on October 21, 2025.

Can I download this Цукербергтің көршілері episode?

Yes. Use the download control on the episode player to save the publisher-provided media file.
URL copied to clipboard!