EPISODE · Dec 28, 2025 · 2H 3M
Нөл теңгемен басталып, ТМД-ны құйындай жаулап алған стартап. Асылжан Алтайдың адам сенгісіз табысы
from Цукербергтің көршілері · host Zuckerberg.korshileri
Қосымшаларын үш күнде 150 мың адам жүктеп, Duolingo-ны Қазақстанда басып озған, ағылшын тілін әр адамның жеке қызығушылығына қарап үйрететін Aleem атты стартап құрған қазақстандық жасөспірімдер туралы естідіңіз бе? Стартаптың негізін қалаушылардың бірі Асылжан Алтай "Цукербергтің көршілеріне" қонаққа келді. Тез арада "оталып" кеткен бизнестің артында не және кімдер тұр? Бүкіл әлемге ықпал ете алатын өнім жасау үшін қанша қаражат керек? Тек жеткіншектерден құралған команданың тірегі неде? Маркетингке 0 теңге жұмсап, орасан зор жағымды реакция алу үшін қандай қасиеттерге ие болу керек? Қазақ тілін AI қосымша арқылы үйренетін заман қашан туады? 16 жаста салмақты бизнес бастау үшін қандай отбасыда туу керек? Махаббат па, әлде салмақты өмірлік жоба ма? Жар таңдауға деген ерекше көзқарас, және т.б. тақырыптар қозғалды. Aleem стартабына америкалық инвесторлардың назарын аударту үшін оларды x.com (бұрынғы твиттер) платформасында қолдап жіберейік: https://x.com/Al_Darmirnur/status/1990258628025311669?t=z4-1Phob55vNvhPMv7raaQ&s=19Сіздерден лайк, жазылу, комментарий күтеміз. Осы видеоны әлеуметтік желілерде бөліскен сайын, көбірек адамға көрсетіледі. Сапалы қазақша контентті бірге қолдайық0:00:00 Тизер0:01:06 Үш күн ішінде 150 мың жүктеме жинаған Aleem қосымшаcын жасаған стартапшылар туралы0:03:27 "Ағылшын тілін 8 жыл оқысам да, түк үйренбеппін. Ағылшын тілін нәтижелі түрде үйренудің жолдарын іздей бастадым. Ол бизнеске айналды"0:08:52 "Aleem стартабының негізін қалаушылардың ең ересегі - 21-де, ең жасы - 16-да"0:11:22 Қазіргі стартапқа дейінгі "GetEnglish" компаниясының өнімдерін 35 елдің азаматтары қолданып келді0:14:15 ""Aleem" стартабын 0 теңгемен бастадық. Инвесторлар болмады" 0:19:00 "Әр адамның ағылшын тілін үйрететін жеке оқулығы болса ше?"0:20:33 Маркетингке 0 теңге жұмсап, қосымша туралы видео қалайша виралды болып кетті? 0:28:40 Қосымшаның интерфейсі неге қазақ тілінде емес?0:35:12 Aleem ақшаны қалай табады?0:38:55 Асылжанның стартабына америкалық венчур инвесторлары назар аударуы үшін қазақстандықтар көмек бере алады? Қалайша?0:45:19 "Болашақта ағылшын емес, басқа тілдерді де үйретеміз. Қазақ тілін үйренуге де болады"0:49:40 Ағылшын тілін үйренгісі келген адамға үш кеңес0:54:11 Асылжан сияқты бала өсіру үшін не істеу керек? 0:59:28 13 жаста жұмыс істеп бастауға не түрткі болды?1:07:20 Асылжан 16 жасында бастаған ағылшын тілін үйрететін GetEnglish компаниясының тарихы 1:14:11 Қиналған, сүрінген сәттерден қандай сабақ алу керек? 1:21:21 "Үй болуға аса салмақты жоба ретінде қарап, терең зерттеу жасап, өзіме ең көп сай келетін жарды таңдадым"1:40:32 "Буддизм, стоицизм, рухани ізденіс арқылы исламға келдім"1:52:13 "Әлеуметтік желіде ұрысу қате болды"1:55:45 Даналық жасқа қарамайды
Embed this episode
Ready to play
Нөл теңгемен басталып, ТМД-ны құйындай жаулап алған стартап. Асылжан Алтайдың адам сенгісіз табысы
No transcript for this episode yet
Similar Episodes
No similar episodes found.
Similar Podcasts
No similar podcasts found.