EPISODE · Mar 18, 2021 · 1 MIN
Oy-Detox #2 маусым. Аңдатпа
from OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС · host Ainel Amirkhan
Шағын үзілістен кейін OY-DETOX оралды! Баршаңызбен #2 маусымда аман-есен қауышып отырғаныма қуаныштымын. Үш айға жуық демалыста болыппын, бір жағынан демалдым, екінші жағынан подкастың болашағы жайлы ойландым. Сіздерді қайдам, бірақ өз басым сіздерді, түрлі жылы лебіздеріңізді, әлеуметтік желілердегі пікірлеріңізді қатты сағындым. Подкасттың форматын өзгертемін деп біраз бас қатырғаным рас, бірақ жаңа идея ойыма келдмеді, сондықтан формат өзгермейді. Бұл маусымда да мені толғандыратын көптеген тақырыптар аясында әртүрлі замандастарыммен сөйлесетін боламын, бәлкім осы уақытқа дейін сіз көңіл бөлмеген, не ойланып көрмеген тақырыптар болуы мүмкін. Айтпақшы, бір өзгеріс бар. Осы маусымда басқа дизайнермен жұмыс істеймін. Негізгі стилистиканы сақтай отырып, шағын өзгерістер енгіздік. Оны эпизод мұқабаларынан байқайтын боларсыздар. Сондай-ақ, менің телеграмм-арнама жазылуды ұмытпаңыздар, күтемін! Сілтеме осы https://t.me/oydetox Ал, бастадық! Алақай! Жаңа маусым басталды!
Embed this episode
NOW PLAYING
Oy-Detox #2 маусым. Аңдатпа
No transcript for this episode yet
Similar Episodes
No similar episodes found.