Седневті сливать етіп жатыр ма? Әділдік іздеген Боранбаев. Ырымшыл Абат / ҚПЛ #5 тур episode artwork

EPISODE · Apr 22, 2024 · 1H 7M

Седневті сливать етіп жатыр ма? Әділдік іздеген Боранбаев. Ырымшыл Абат / ҚПЛ #5 тур

from Бірінші бол

Бүгінгі подкаст от болды. Өйткені, Қазақстан премьер-лигасының 5-туры аясындағы матчтар голға да, тосын нәтижеге де толы болды. Ермұхамед Мәулен әбден дайындалып, зығырданы қайнап келіпті. "Қайрат" – "Ақтөбе" матчының ұйымдастырылуы мен стадионға билет алып келген кей жанкүйердің даладан қайтқанын айтып шағымданды. Орталық стадионда өткен матчта қонақтар – "ақтөбеліктер" жеңіске жеткен еді. Сол матчтан кейін "Қайрат" футбол клубының басшысы Қайрат Боранбаев төрешілер тарапынан әділетсіздік болғанын айтып сынады. Бірақ Ермұхамед Мәулен танымал кәсіпкердің бұл сыны орынсыз екенін, "Ақтөбе" командасы шын мәнінде жеңіске лайық болғанын атап өтті. Тұрақты сарапшымыз Елдос Ахметов те сенбі-жексенбі күндері өткен ҚПЛ матчтарын жіті қадағалап, кей тұстарын қойындәптеріне түртіп алыпты. "Ордабасының" ойыны неге жүрмеді, неге ел чемпиондары өз алаңында "Қызылжар" командасын тықсырта алмады? Бас бапкер Александр Седнев пен команда капитаны Асхат Тағыберген арасында кикілжің бар ма? Төрт матч бойы 1 голдан артық сала алмай келе жатқан "Ордабасы" командасындағы дағдарысқа бас бапкер кінәлі ме? "Ордабасы" ойыншылары Седневті сливать етіп жатыр ма? Марин Томасовтың "Астана" сапындағы 100-ші голы командасына жеңіс сыйлай алмады. Биыл Қазақстан чемпиондығы үшін талас "Ақтөбе" мен "Тобыл" арасында өрби ме? БІРІНШІ БОЛ жүргізушілері мен арнайы сарапшысы бұл мәселеге де болжамын айтып, биылғы ҚПЛ фавориті кім болатынына тоқталды. Қазақстан ұлттық құрамасында 17 матч өткізген, еліміздегі бірнеше клубтың намысын қорғаған Елдос Ахметов әр подкаст сайын басынан өткен бір қызықты айтып беретін болды. Бұл жолы экс-футболшы қазір түріктердің "Адана" клубында ойнайтын Абат Айымбетовтің ырымшылдығы жайында тоқталды. Бәрін білгіңіз келсе, подкасты соңына дейін көріп шығыңыз!

NOW PLAYING

Седневті сливать етіп жатыр ма? Әділдік іздеген Боранбаев. Ырымшыл Абат / ҚПЛ #5 тур

0:00 1:07:36

No transcript for this episode yet

We transcribe on demand. Request one and we'll notify you when it's ready — usually under 10 minutes.

No similar episodes found.

No similar podcasts found.

Frequently Asked Questions

How long is this episode of Бірінші бол?

This episode is 1 hour and 7 minutes long.

When was this Бірінші бол episode published?

This episode was published on April 22, 2024.

What is this episode about?

Бүгінгі подкаст от болды. Өйткені, Қазақстан премьер-лигасының 5-туры аясындағы матчтар голға да, тосын нәтижеге де толы болды. Ермұхамед Мәулен әбден дайындалып, зығырданы қайнап келіпті. "Қайрат" – "Ақтөбе" матчының ұйымдастырылуы мен стадионға...

Can I download this Бірінші бол episode?

Yes, you can download this episode by clicking the download button on the episode player, or subscribe to the podcast in your preferred podcast app for automatic downloads.
URL copied to clipboard!