EPISODE · Nov 11, 2023 · 59 MIN
Спорттағы "сақалдылар". $775 млн қай спорт түрлеріне бөлінеді — Диас Ахметшәріп
from Бірінші бол
Министрліктің ресми өкілі 775 млн доллардың нақты қай спорт түрлеріне бөлінетінін, жаңадан құрылған ведомствоның алдында қандай міндеттер тұрғанын айтып берді. Азиададағы фиаско, Париж олимпиадасына дайындық мәселесі сөз болды. Диас Ахметшәріп бұдан былай министрлік тек жүлде әкелетін спорт түрлерін (олимпиадалық) ғана қаржыландыру жоспары барын атап өтті. Спорт министрлігі Қазақстандағы 180 спорт түрін қаржыландырып келгенімен, Тәуелсіздік жылдарынан бері Қазақстан қоржынына бас-аяғы 12-13 спорт түрінен ғана медаль түсіп келеді екен. Қысқасы, бюджеттен бөлінген қаражат құмға сіңген судай жұтылып кетіп жатыр. Ұлыбритания олимпиада бағдарламасына кіретін тек 15 спорт түріне бюджеттен қаржы бөледі, Германия 18 спорт түріне қазынадан ақша береді, Өзбекстан тек 17 спорт түріне бюджет қаржысын жұмсайды. Ал Қазақстан 180 спорт түріне қыруар қаражат жұмсап отыр. Одан бөлек, Диас Ахметшәріп кадр мәселесі, спорт медицинасы, инфрақұрылым тапшылығы жайында сөз етті. Қазақстанда ресми түрде тіркелген 13 мың спортшыға 39 дәрігер ғана қызмет етеді екен. Сайтымыз: https://1bol.kz/ Басқа платформалар: Apple Podcasts: https://podcasts.apple.com/kz/podcast/%D0%B1%D1%96%D1%80%D1%96%D0%BD%D1%88%D1%96-%D0%B1%D0%BE%D0%BB/id1713061004 Google Podcasts: https://podcasts.apple.com/kz/podcast/%D0%B1%D1%96%D1%80%D1%96%D0%BD%D1%88%D1%96-%D0%B1%D0%BE%D0%BB/id1713061004 Яндекс Музыка: https://music.yandex.ru/album/27909405?dir=desc&activeTab=about Подкаст жүргізушілері: Олжас Байбосын https://instagram.com/olzhas_baibosin Уәлихан Қосанбай https://instagram.com/ualikhan_kosanbay Подкаст қонағы: Диас Ахметшәріп https://www.facebook.com/profile.php?id=100011442125671&mibextid=ZbWKwL
Embed this episode
Ready to play
Спорттағы "сақалдылар". $775 млн қай спорт түрлеріне бөлінеді — Диас Ахметшәріп
No transcript for this episode yet
Similar Episodes
No similar episodes found.
Similar Podcasts
No similar podcasts found.