EPISODE · Sep 9, 2026 · 1H 49M
Топ университетке түсетін баланы қалай өсірген жөн? Стэнфордтағы PhD студент Әсел Ибадулладан кеңес
from Цукербергтің көршілері · host Zuckerberg.korshileri
Стэнфорд университетінде PhD бағдарламасында оқып жатқан Әсел Ибадулла "Kazakh dream" иегері деп айтуға болады. Зауыт жұмысшысы мен мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келген қыз бала білімге деген құштарлығы мен алғырлығының арқасында Стэнфордтағы ең беделді екі бірдей феллоушипті, Knight-Hennesy және RAISE стипендияларын иеленді. Шымкент қаласындағы НИШ мектебін бітіріп, Астанадағы Назарбаев университетінде бакалавриат аяқтаған соң атақты Йель университетінде магистратурада оқиды. Гарвард университетінде жұмыс істеп, өз бизнесін бастайды. Қазірде Стэнфорд университетінде "Health Policy" бағытында PhD бағдарламасында оқып жатыр. Білім арқылы керемет академиялық карьера жасаған Әсел бүгін әлемнің топ университеттеріне түсуге қатысты кеңестерімен бөлісті. Лайк басып, комментарий қалдыруыңызды өтінеміз. Сапалы қазақша контентті бірге қолдайық! 0:00:00 Әсел Ибадулламен әңгімеден не түйдік? 0:02:14 Kazakh dream иесі болу қандай? 0:06:25 Шымкенттің НИШ мектебінен басталған жол Назарбаев университеті арқылы Йель, Гарвард және Стэнфордқа қалай келді? 0:10:28 400 млн теңге тұратын стипендия туралы. Стэнфордтағы ең беделді екі феллоушипті (Knight-Hennesy және RAISE) ұтқан алғашқы қазақ қызы0:18:25 "Стив Джобсты Стэнфорд түлектері алдына сөз сөйлеуге шақырған адаммен күнде түскі ас ішемін"0:22:29 Йель мен Стэнфордқа түсе алатын бала өсіру үшін нақты қандай қадамдар жасау керек?0:25:43 "Оқуға ешқашан кеш емес: Йельде менімен бірге 60 жастағы магистрант оқыды"0:31:05 "Әкем - зауытта крановщик, анам - мұғалім, тапқан таянғандарын біздің білімімізге жұмсады"0:34:05 "Адам әрекет жасамай тұрып, оны миында "допускать" ету керек"0:38:59 "Біреу киген киімді киіп өстім"0:41:00 Стэнфорд PhD студенттері қай жерде оқиды? 0:44:16 10-15 жастағы баласы бар адамдар оларды топ университетке қалай дайындағаны жөн?0:50:43 "Баланы жұрттың баласымен салыстырмау керек. Ата-ананың балаға айтқан сөзі оның бүкіл өміріне бағыт береді"0:56:06 "Кез-келген адамнан сабақ аламын"0:58:50 "Еуропадағы көп университетке барып керегі жоқ. НУ - аса бәсекеге қабілетті ЖОО"1:04:04 "Шет елдік мұғалімдердің "сен шет елдегі балалардан артық болмасаң, кем емессің" деген сөзі қанат бітірді1:09:50 Жол болмаған, қиналған кезде, сыналған кезде не істеді? 1:21:00 Мотивациялық хат жазу құпиялары 1:26:40 "Қазақ әйелдері өздерін бағалауы керек"1:29:18 "Шымкентке барғанда басыма орамал тағып, сәлем саламын"1:35:59 "Жұбайымның отбасына ризамын"1:44:08 "Елімізге қайтып, ел игілігіне жұмыс істейміз"Самал Жүсіпбековамен болған шығарылым: https://www.youtube.com/watch?v=SjW714XJ7ek&t=357s Әселдің инстаграм парақшасы: https://www.instagram.com/asselibadulla/?hl=en
Embed this episode
Ready to play
Топ университетке түсетін баланы қалай өсірген жөн? Стэнфордтағы PhD студент Әсел Ибадулладан кеңес
No transcript for this episode yet
Similar Episodes
No similar episodes found.
Similar Podcasts
No similar podcasts found.