Тіл кеспек жоқ podcast artwork

PODCAST · news

Тіл кеспек жоқ

Қазақстанның тәуелсіз жаңалықтары

  1. 39

    Зейнетақы қорынан кім және қалай ақша ала алады? Толық түсіндірме

    2021 жылдан бастап Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ала алады. Яғни оны шешіп алып керек-жарағына жаратуға болады. Алайда оны барлық адам емес, зейнетақы есепшотындағы сома “жеткілікті шектен” асқандар ала алады. Бүгінгі шығарылымда осы тақырып аясында және “жеткілікті шек” деген не, ол қаражатты қайда жұмсауға болады деген тақырыпта сөз қозғайтын боламыз.

  2. 38

    “Түкке жарамайды” Тоқаевтың жолдауындағы шын мен өтірік

    Кеше Тоқаев халыққа кезекті жолдауын жолдады. Алдыңғы жолдауындағы сөздері тағы қайталанды - себебі оның көбі орындалмаған. Сонымен қатар, қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін өсіруді, зейнетақы қорындағы қаражатты алу мүмкіндігі туралы және жаңадан құрылуы керек агенттіктер туралы айтты. Бүгінгі шығарылымда осы тақыптар аясында және оның жолдау барысында айтқан сөздері қаншалықты рас екендігі туралы сөз қозғайтын боламыз.

  3. 37

    Тоқаевтың жолдауы: уәделерін неге орындамайды? Және жаңа оқу жылы туралы

    1 қыркүйек — маңызды күн. Біріншіден, жаңа оқу жылы басталса, екінші маңызды нәрсе — Тоқаевтың кезекті жолдауы. Президенттің не айтары белгісіз, алайда бір жыл бұрын не нәрсеге уәде бергенін еске түсіретін кез келді. Жалпы 50 уәде берген, біз ең маңыздыларын таңдап алдық. Одан баска көп оқушының қажет техникаға қолжетімсізділігі әрі білім саласының дайындығы қынжылтады. Ал шенеуніктер болса “мұқтаж отбасыларды қамтамасыз етеміз” деп құр деректер келтіруде. Дәл қазір ата-ананы балам техникасыз,интернетсіз қалай оқиды деген сұрақ әлі де мазалайды. Ал президент жыл сайынғы жолдауын айтады. Бұл жолы не айтары белгісіз, алайда бұл уақытқа дейін жолдауында айтқан уәделері орындалып-орынлалмағанын шолып өтуді жөн көрдік. Бүгінгі шығарылымда мектептерде оқу қалай өтеді, сондай-ақ уәде етілген техниканың беріліп-берілмегендігі және Тоқаевтың уәделері туралы сөз қозғайтын боламыз.

  4. 36

    "Аллаһ жаныңа паралич берсін". Nur Otan депутаты журналистермен қалай сөйлеседі

    Депутаттар таң қалдырудан жалықпайды. Nur Otan депутаты Бекболат Тілеуханның “намаз оқығанда қарғайтын адамдар тізімі” бар екен. Ол тізімде қызметтестері емес, өзіне сын айтушы қарапайым адамдар. Мысалы “пандемия кезінде халыққа көмектеспеді, оралманарға қол ұшын созбады” деп пост арнаған журналист Серік Боқанды қара тізіміне қосып, кешірім сұратты. Бүгінгі шығарылымда сол туралы, шағын және орта бизнестің Тоқаевқа үндеуі және вакцина туралы сөз қозғайтын боламыз.

  5. 35

    Айсұлтанның өлімі мен Лукашенко жүйесінің қирауы

    Кеше Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды деп хабарланды. Оған да отбасының барлық мүшесіне секілді үлкен мансап пен жоғары лауазым дайын тұрған болатын. Алайда ол отбасылық жанжалдарға тап болып, өз отбасының тұтқынына айналды. Әсіресе соңғы жылдары ерекше белсенді болып, отбасында көп дау тудырды: есірткіге тәуелді екенін айтқан уақыттан бастап, Назарбаевтың немересі емес, ұлымын деп астарлап айтқанынан өз отбасының жауына айналды. Бүгінгі шығарылымда Назарбаевтар отбасының осы бір түсініксіз тұсы мен Беларусьтегі жағдайдың оған не қатысы бар екені туралы сөз қозғайтын боламыз.

  6. 34

    Бізге Ресейдің вакцинасын салуды міндеттеуі мүмкін бе?

    Дәл қазір әлем бойынша барлығы вакцина шығару мәселесімен бас қатыруда. Қызығы, Ресей алғашқы болып оны шығарып, тіркеп үлгерді. Әлем ғалымдары былай тез вакцинаны шығару оның сапасына күдік тудырады десе, Қазақстан  Ресей вакцинасын алуға қызығушылық білдірді. Бүгінгі шығарылымда осы туралы және өзіміздің екпе өндірушілер мен Қазақстанда міндетті вакцинация болуы мүмкін бе деген сұрақтарға жауап іздейтін боламыз.

  7. 33

    Сәтпаевтағы тәртіпсіздіктер. Цойдың жоспары мен зейнетақы қорынан ақша алуға тыйым

    Кеше түнде Сәтпаев тұрғындары көшеге шықты. Олар 5 жасар қызды ұрлап, зорлады деген күдіктіні жазаламақ болды.  Күдікті қамауға алынған. Алайда жергілікті тұрғындар қылмыскерді өздеріне тапсыруды талап етіп жатыр. Одан басқа, дүниежүзілік банк болашақта Қазақстан экономикасының жағдайы қалай болатыны туралы жаңа болжам жариялады. Ресми мәліметтерге сәйкес 800 мыңнан астам қазақстандық кедейлікке тап болады. Бүгінгі шығарылымда Сәтпаевтегі жағдай, Денсаулық сақтау министрлігінің ойлап тапқан жаңа айласы, жәрдемақы ретінде зейнетақы қорынан қаражат алу ұсынысы және 2 апталық каранттиннің нәтижесі мен алдағы уақытта карантиннің қалай болатыны туралы сөз қозғайтын боламыз.

  8. 32

    Миллион адамға тамаққа 5 мың теңгеден, тегін тесттер мен әскерге күштеп әкету

    Елде көктемдік әскерге шақыру мерзімі маусым айында бітуі керек еді. Алайда пандемияның әсерінен қабылдау тамыз айына дейін созылды. Бұл арада әскер мен азаматтар арасында түсініспеушіліктер болып жатыр. Бүгінгі шығарылымда сол туралы, қызметінен босатылған шенеуніктер мен тегін ПТР тест туралы сөз қозғайтын боламыз.

  9. 31

    Жүйелі көзбояушылық. 10 ел қатарындамыз. Заңсыз айыппұлдар, 42500 бен Тоқаевтың "қорқытулары".

    Қазақстан коронавирус жұқтырғандар санымен әлем бойынша алғашқы 30 елдің қатарына енді. Әрі елде пневмония мен коронавирус статистикасы біріктірілетін болды. Бүгінгі шығарылымда осы тақырыптар аясында және маскасыз жүргендерге айыппұл мен 42 500 теңгенің тағайындалу тәртібі туралы сөз қозғайтын боламыз.

  10. 30

    42 500 теңге кімге қалай төленеді және Umytpa.kz сайты туралы

    Umytpa.kz сайтына кіріп, коронавирус/пневмониядан қайтыс болған туысыңызды/досыңызды/танысыңызды тізімге енгізіңіз. Ешкім ұмтылмасынТүсірілімнен кейін еңбек министрлігі 42500 теңге кіріс жоғалтқандарға әлеуметтік төлемдерді берудің алдын-ала механизмін жариялады. Жалпы алғанда, бәрі төтенше жағдай кезіндегідей болады.- Жұмысшылардың өтініштерін жұмыс берушілер береді. Әлеуметтік төлемдер тексерілмейді, бірақ учаскелік штаб компанияның қызметкерлерді расымен ақысыз демалысқа жіберген-жібермегендігін анықтай алады;- ИП, яғни жеке кәсіпкерлер өтінімді өздері береді. Олардың әлеуметтік төлемдері тексерілмейді, бірақ аудандық штабта тексеру болуы мүмкін; - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін ЕСП төлеудің қажеті жоқ; - Төлемді бұрын алған адамдарға өтінішті қайта берудің қажеті жоқ.Өтінімдер 17 шілдеде қабылданып бастап, ал төлемдер 20 шілдеде тағайындала бастайды. Өтінішті 42500.enbek.kz порталында, eGov және Telegram-боттарында жіберуге болады. Сондай-ақ, өтініштерді Kaspi Bank және Halyk Bank арқылы беруге де болады.

  11. 29

    "Меннен басқасының бәрі кінәлі". Тоқаев басқа не деді?

    Кеше үкіметтің кеңейтілген отырысы болды. Тоқаев өзінен басқаның барлығын қатаң сынға алды. Бүгінгі шығарылымда отырыста көтерілген негізгі мәселелер туралы, СК-фармация және пневмонияның күрт өршуі туралы сөз қозғайтын боламыз.

  12. 28

    Димаштың саналы ойы туралы, “жұлдыздар” паранойясы және аза тұту күні

    Әлеуметтік желілерде өзінің керітартпа ойын айтып, халыққа не болса соны дұрыс деп үгіттейтіндер көбейді. Сондай адамдардың жауапсыздығы кесірінен ел ішінде коронавирусқа сенбейтіндер көбейді. Бүгінгі шығарылымда “жұлдыздардың” аудиториясы алдындағы жауапсыздығы туралы, және Димаш Құдайбергеновтің алдағы карьерасы туралы сөз қозғайтын боламыз. Одан басқа Тоқаевтың кешегі елге жолдауына да қысқаша шолу жасайтын боламыз.

  13. 27

    Адамдар қырылып жатқанда, Назарбаевтың отшашуы мен Шымкенттегі пикет

    Кеше Астана күні және Назарбаевың туған күні атап өтілді. Сонымен қатар, азаматтық белсенділер бұл күнді “Covid-19-дан қаза болғандарды еске алу күн” деп жариялады. Бүгінгі шығарылымда сол туралы және туған күндегі сөз бостандығын шектеу туралы сөз қозғайтын боламыз.

  14. 26

    42 500 теңге төленбейтін жаңа “карантин” не үшін керек?

    Тоқаев 5 шілдеден бастап 14 күндік карантин болатынын айтты. Еске салайық, бұл апта басында жаңа денсаулық министрі Алексей Цойдың коронавирусқа қарсы ұсынған екінші сценарийі. үгінгі шығарылымда 2 апталық карантин туралы,негізгі ережелер, неге бұл жолы 42500 теңге төленбейтіні мен онлайн өтетін Астана туған күні туралы сөз қозғайтын боламыз.

  15. 25

    Жаңа карантин бастала ма? Шілде-тамызда не болады?

    Кеше кеңесте Тоқаев алда карантиннің қатаң режимі қайта орнайды деді. Алайда оның қанша уақытқа созылатыны, халыққа қаржылай көмек бола ма деген сұрақтар жауапсыз қалды. Бүгінгі шығарылымда карантин туралы және Тоқаевтың айтқан негізгі мәселелері мен Цойдың ұсынысы туралы сөз қозғаймыз.Баршаңызға сәлем, сіздермен Тіл кеспек жоқ – Қазақстан жаңалықтарына тәуелсіз көзқарас және оның жүргізушісі мен, журналист Әсем Жапишева.  Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 40 мыңға жақындады, ал кеше кеңесте Тоқаев алда карантиннің қатаң режимі қайта орнайды деді. Алайда оның қанша уақытқа созылатыны, халыққа қаржылай көмек бола ма деген сұрақтар жауапсыз қалды. Бүгінгі шығарылымда карантин туралы және Тоқаевтың айтқан негізгі мәселелері мен жаңа денсаулық министрі Алексей Цойдың ұсынысы туралы сөз қозғаймыз.Бірақ, бастамас бұрын сізден осы каналға жазылып, видеоға лайк басып, бөлісіп, міндетті түрде пікір қалдыруыңызды сұраймын.

  16. 24

    Беларусьте наразылық басталды, Путин СССР туралы сөйлеуде. Неге Қазақстан назарынан бұл тыс қалмау керек.

    Әдетте мен басқа елдерде болып жатқан жаңалықтарға онша көңіл бөлмеуге тырысам, бірақ кей кездері ол жаңалықтардың біздің елге тікелей немесе жанама қатысы бар. Мысалы, дәл Қазақстан сияқты 30 жылдан бері ұйықтап жатқан Беларусь елінде 9 тамызда болатын президент сайлауының алдында наразылық акциялары мен митингілер өтуде. Екінші жағынан жақында ғана Путин арнайы сұхбат беріп, бұрыңғы Кеңес одағының құрамындағы мемлекеттер Ресейдің біраз жерін жымқырды деген болатын. Украина Ресей ықпалынан шығуға әрекет жасағанынан кейін, Қырымнан айырылды. Қазір Беларусьтегі жағдайдан кейін, Ресейдің қалай әрекет ететіні біз үшін де белгі болмақ. Одан басқа, Тоқаевтың ЕАЭС отырысында Ресейге ашық көрсеткен наразылығы тағы бар.Дегенмен, кеше ғана Мәскеуде өткен Жеңіс күніне арналған шеруде Тоқаев Путиннің дәл қасында отырды. Сонымен Ресейдің қол астынан шығу мүмкін бе және оның бағасы қандай?

  17. 23

    Назарбаевтар билеп, Ильяшев шықты. Басты жаңалықтар

    Дариға Сенат төрағасынан шығарылғанынан кейін, қайда жоғалып кетті деп уайымдам жүрсек, яхтадан табылды. Уайым-қайғы, карантин, коронавирус жоқ, билеп жүр. Дариғаға день победы болғанымен, ел үшін жеңіс күні әлі алыстау сияқты. Карантин бар, коронавирус бар, қазақстандықтардың өзін өзі емдеуге көшкені тағы бар. Осылардың барлығы және Әлнұр Ильяшевтің кеше түрмеден шығарылуы бүгінгі шығарылымда. 

  18. 22

    Алматы облысындағы "ұлтаралық қақтығыс" неге мемлекеттің кінәсі

    Бір аптадан бері әлеуметтік желілерде ұйғыр ауданында болып жатқан қақтығыстар туралы қорқынышты видеолар тарауда.Бейнелерде әскерилер Алматы облысындағы Ұйғыр ауданын қоршауға алып жатыр. Әдеттегідей билік ол туралы тіс жарып, ешқандай ақпаратты тараптағандықтан, елде өсек тарап, неше түрлі әңгімелер айтылды. Бүгін ақыры ресми ақпарат пайда болып, онда Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында он адам қатысқан қақтығыс шығып, бес адам пышақталды деген ақпарат айтылды. Облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Азаттыққа берген ақпаратында кикілжіңнің қазақ және этникалық ұйғыр жастары арасында болғанын растады. Алайда аудан ақсақалдары мәселені ұлтаралық қақтығыс емес, бұзақылық деп қабылдауды сұраған.Ресми түрде қақтығыс себебі – жол үстіндегі көлік жүргізушілердің түсінбеушілігі, бірақ Qazaq Times журналистері оқиғаның себебі басқада деп отыр. Одан басқа, бүгін Алматы облысы әкімшілігі Ұйғыр ауданы деген атау да өзгеруі мүмкін деген хабар шығарды.Сонымен Алматы облысында не болып жатыр? 

  19. 21

    Аштық қорқынышты ма, әлде коронавирус па? Не істеуіміз керек?

    Осыдан бірнеше күн бұрын анам қоңырау шалды. Даусы дірілдеп, біртүрлі, аянышты естілді. Біздің бір алыс нағашыларымыз коронавирустан көз жұмғанын айтты. Бұл менің жанұямдағы осы індеттен екінші өлім. Пандемия басталғалы бері, анам коронавирусқа онша сенбейтін, менің қақсап айтқанымды онша тыңдамайтын, ал енді сенгендей болды. Сіздің көзіңізге бұл ауру онша көрінбеуі мүмкін, сіз де оған онша сенбей, коронавирус туралы жаңалықтардан жалыққан боларсыз. Бірақ ойланып көріңізші, егер әлемдегі барлық үкіметтер, барлық елдер карантинге жабылып, экономикаларын сонша ауыр жағдайға қойып жатса, онда оның шынында да себебі бар шығар? Коронавирус біткен жоқ және бітпейді де. Біздің елде соңғы күндері аурулардың саны күн санап қорқынышты қарқынмен өсуде. Денсаулық министрі Біртанов коронавирус жұқтырып, премьер-министр Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев карантинде. Тек өткен тәуліктің өзінде ғана 800 астам ауру анықталып, бір апта ішінде 21 Қазақстан азаматы көз жұмды - бұл рекорд. Ал ең қиыны, өткен аптада Біртанов айтқандай біз бай ел емеспіз, Еуропа елдері сияқты карантинді ұзақ ұстай алмаймыз. Біздің қанша уақытымыз бар? Және Қазақстанның жағдайы туралы сарапшылар не деп жатыр? Осы туралы әңгімелесетін боламыз.

  20. 20

    Қазақстан Ефремовтің ісінен не үйрене алады? Және Төлесова мен Сағынтаев туралы.

    Алматы мен Астанада кәсіпорындарды қайтадан жаба бастады, полицейдің бас киімін қағып құлатты деп айып тағылған Әсия Төлесова тергеу барысы жүргенше он тәулікке жабылды, халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдына түнеген көп балалы аналарды полиция алып кетті, екі әріптесін қағып өлтірген мас полицей авариядан бірнеше күн бұрын жұмыстан шыққаны белгілі болды, бес жылға сотталған Президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын босап шықты, ал Сағынтаев, Тұрғымбаев, Біртановтар бөлінген ақшаны игере алмаған. Бұл дәл қазір болып жатқан Қазақстан жаңалықтары және осылар туралы бүгін сөйлесетін боламыз.

  21. 19

    Бізді ақымақ санай ма? Коронавирус, Төлесова мен Есмағамбетова туралы

    Белсенді Әсия Төлесова полицейдің бас киімін қағып жібергені үшін қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылып, қамауға алынды. Ал митингіге шыққан адамдар мен жәй азаматтарға қысым көрсеткені үшін ешбір полицей жазаға тартылмады. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова симптомы жоқ адамдар басқаларға сирек жұқтырады деп, денсаулық министірлігі енді оларды басқа тізімге жазатын болды. Осының арқасында ресми статистикада аурулар саны екі есе азайды. Одан басқа Есмағамбетова ол туралы ақпаратты қайдан алғанын да толық ашып айтпады.Неліктен билік органдары халықпен қатынаста ақпаратты толық тарату мен әділеттілік принциптерін ұстанбайды? Халықты ақымақ санай ма әлде өздері ме?

  22. 18

    Қайтадан көзбояушылық па? Тоқаев репрессия құрбандарын ақтауды тапсырды

    Қазір елімізде және әлемде көптеген жаңалықтар орын алып жатыр, бірақ бүгін мен сіздермен өткен күндер туралы әңгімелескім келіп отыр. Кеше 31 мамыр күні Қазақстанда ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болды және де Тоқаев осыған орай үндеу жариялады. Ол тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау және қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырғанын мәлім етті. Бірақ ол құрбандарды ақтау ма басты мәселе әлде кінәлі адамдарды атау ма? Сонымен қатар, елімізде дәл қазір репрессиялар жалғасуда. Саяси көзқарастарын ашық білдіргені үшін заңгер Әлнұр Ильяшев дәл қазір қамауда отыр. Өткен күндерден сабақ алмаған, болашақтан таяқ жейді. Кешегіні еске ала отырып, оның сабақтарынан да үйренуіміз керек. Бүгінгі шығарылымда осылардың барлығын қозғайтын боламыз.

  23. 17

    Алматы полициясы жалған ақпарат таратты. Жаза қайда?

    Алматы қаласы өмірге қайта орала бастады: сауда орталықтары, мейрамханалар, балабақшалар ашылды. Қала сыртында тұратын адамдар Алматыға жұмысқа бара бастады, бірақ біздің полицияның онымен жұмысы жоқ сияқты, блок бекеттерде әлі де қоршаулардан адамдары әрең өткізіп жатыр. Қала сыртында бірнеше шақырымға созылған кептеліс таң сайын пайда болуда. Блок-посттар жалпы тек халыққа ғана емес, полиция қызметкерлерінің өздерінің де қырынан шықты. 25 мамырда Көксай ауылындағы блок-бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қаза тапты. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында ал, оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, қаза тапқан екі полицейдің де артында бала-шағасы қалды.Бүгінгі шығарылымда осы істің іш-қыры туралы сөйлесетін боламыз.

  24. 16

    Тоқаев Путинге қарсы шықты. Ресейдің қол астынан шыға бастадық па?

    Баршаңызға сәлем, Ораза Айт құтты болсын. Сіздермен Тіл кеспек жоқ – Қазақстан жаңалықтарына тәуелсіз көзқарас.Осыдан бес күн бұрын Армения, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан мен Ресей кіретін Еуразиялық экономикалық одақтың отырысында күтпеген оқиға болды – бес елдің президенті ұйым тарихында алғаш рет көзқарас қайшылығына байланысты, алдағы бес жылға арналған даму стратегиясын қабылдаған жоқ. Одан қоймай, Тоқаев тіпті ЕАЭО-ны құру кезінде Қазақстанның көп нәрсеге қарсы болғанын айтты. Ресей бұған қалай жауап берді? Тоқаев саяси ұпай жинап жатыр ма әлде шынында Ресейден тәуелділікті азайтпақшы ма және енді одақтың жағдайы қалай болмақ? Осы туралы ақпаратты жинадық.

  25. 15

    Армян көліктеріне рұқсат берілді, ал митингілерге тиым салынды ма? Басты жаңалықтар

    Коронавирустан әбден шаршап, карантиннен оралуды армандап жүрген халық наразылығын білдіре бастады. Мысалы, Ақтөбеде саудагерлер жергілікті билік орталық базарды ашпаса, көтеріліске шығамыз деп бекініп отыр екен. Сөздерінше, карантин басталған екі айдан бері табыссыз қалған қара халық аштан өлудің алдында отыр. Сондықтан қазір саудагерлер қақпасы жабық базардың сыртынан өздері жабайы базар жасап алып, тауарларын көшеде сатуға көшіпті.Одан басқа дәл сол митингілерге байланысты жаңа заң бекітіліп, шетелдік көліктердің жағдайы бір шешімін тапты. Ал девальвация кезінде ұйықтап жүрген Келімбетов болса елдің экономикасының дамуына болжам жасады. Бүгінгі шығарылымда осылардың барлығы туралы толығырақ сөз қозғайтын боламыз.  

  26. 14

    Аурулар саны қайтадан өсе бастады. Карантин оралуы мүмкін бе?(және Тоқаев пен оппозиция туралы)

    Өткен аптада елде көптеген қызықты жаңалықтар орын алды. Төтенше жағдай алынып, Тоқаев өкілеттілігін күшейтетін заң қабылдады, одан басқа карантиннің қайтып келуі мүмкін деп қорқытты санитарлық дәрігерлер. Бүгін осылардың барлығына шолу жасап, пікір айтатын боламыз. Бастамас бұрын сіздерден осы каналға жазылып, видеомен бөлісуіңізді сұраймын! Рахмет!

  27. 13

    Несие бойынша шегеру аяқталуда. 15 маусымнан кейін кредиттермен не болады?

    Өткен шығарылымда көп адам несие сұрағын комментарийлерде көтерген болатын және оны түсінуге болады: маусымға дейін банктер шегерім бергенімен, кіріс көзінен айырылған адамдар маусымнан кейін де алған кредиттерін төлей алмауы мүмкін. Сондықтан бүгін қаржыгер Дана Жарлығапова factcheck.kz үшін жүргізген арнайы зерттеуді негізге ала отырып, болашақтан не күтуге болатыны туралы болжалды жинадық.

  28. 12

    Төтенше жағдай тоқтатылды. Дәрігерлер төлемдері мен 42500 теңгеге не болмақ?!

    Сонымен халықты әбден әбігерге салған коронавирустың ұшығып кетпеуі мақсатында енгізілген төтенше жағдай мен карантиннің енгізілгеніне мінеки екі айға жуық уақыт болды. Бүгін 11 мамырда елімізде төтенше жағдай режимі алынады, бір миллионға жуық адам жұмысқа оралады, бірақ карантин әлі де сақталады. Ол дегеніміз қалай? Не үшін төтенше жағдайды алып тастап, карантинді қалдырды, Алматы мен Астананың айналасындағы блок-посттар қашан алынады, Тоқаев өз сөзінде не деді және енді әрең қол жеткен 42500 теңгенің жағдайы қалай болмақ? Осы туралы сөз қозғайтын боламыз.

  29. 11

    Кәсіпкерлерді қолдау бірнеше жылға созылуы керек пе?

    Төтенше жағдай режимі енгізілгеніне міне бір айдан асты. Екі мыңнан астам ауру тіркеліп, 19 адам көз жұмды. Ал он мыңдаған адам жұмыссыз қалып, мыңдаған шағын және орта кәсіпкерлердің де бизнесі тоқтап қалды. Коронавирус Қазақстан экономикасына теріс ықпалын тигізгені сөзсіз. Оған қоса біздің экономиканың тірегі – мұнай бағасы кеше жиырма жылда алғаш рет күрт төмендеп, 16 доллардан төмен түсіп кетті. Әрине, карантин режимі халықтың денсаулығын сақтау үшін маңызды. Бірақ, менің осы каналдағы көрермендерімнің бірі комментариінде жазғандай «Бірінші неден өлеміз – аштан ба, коронавирустан ба, білмейміз» демекші, жұмыссыздық салдары вирустан да ауыр болуы мүмкін. Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша 20 сәуірден бастап Алматыда бірқатар кәсіпорын мен құрылыс сауда орталығының жұмысы кезең-кезеңімен іске қосылады, бірақ бұл бизнестің тым болмаса пандемияға дейінгі деңгейіне қайта оралуына көмектесе ме? Сол туралы әңгімелесейік.

  30. 10

    Билікке сын айтқан белсенділерді жаппай түрмеге жабу басталды ма?

    Баршаңызға сәлем, Сіздермен Тіл кеспек жоқ – Қазақстан жаңалықтарына тәуелсіз көзқарас және оның жүргізушісі мен, журналист Әсем Жапишева. Бастамас бұрын сіздермен жақсы жаңалықтармен бөлісейін. 42500 теңгені заңсыз алғандар қылмыстық жазаға тартылады деп халықты тығырыққа тыққысы келген Еңбек министірлігі жұрт мен журналистер жаппай наразылық білдіре бастағанынан кейін, ол шешімін өзгертті. Бірақ бұл жерде де бір кішкентай алаңдаушылық қалды. Сол туралы, ал ең бастысы, үкіметке сын айтқан белсенділерді қамауға неге карантин кезінде ала бастағаны туралы бүгін сөйлесейік. Кеттік.

  31. 9

    42500 теңгені қайтаруға тура келе ме?

    Баршаңызға сәлем! Сіздермен бірге әдеттегідей «Тіл кеспек жоқ» - Қазақстан жаңалықтарына тәуелсіз көзқарас және оны жүргізушісі мен, журналист Әсем Жапишева. Бүгінгі қысқаша шығарылымымыз қазақстандықтардың бас ауруына айналған 42500 теңге туралы болмақ. Иә, оның шаршатқан жыры әлі де таусылар емес. Бір жағынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің хабарлауынша, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты төлем 2 млн 708 мың 666 адамға тағайындалды десе, екінші жағынан елдегі баспасөз құралдары сол әрең алған 42500 теңгені қалай қайтару керек деп мақалалар шығарып жатыр. Оның үстіне кейбір заңгерлер төлемді заңсыз алған адамдар алаяқтық бойынша қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін деген пікір білдіруде. Сонымен 42500 теңгені алғандарға ақшаны қайтарғызуы мүмкін бе? Сол туралы ақпаратты жинадық. Кеттік

  32. 8

    Дәрігерлер көмек сұрауда. Кім араша түседі?

    Баршаңызға сәлем, сіздермен Тіл кеспек жоқ – Қазақстан жаңалықтарына тәуелсіз көзқарас және оның жүргізушісі мен журналист Әсем Жапишева. Соңғы бірнеше күнде елімізде коронавирус статистикасы күрт нашарлады. Әсіресе, ауруға шалдыққан дәрігерлер саны қатты өсті. Тек Алматының өзінде ғана соңғы күндері тіркелген 221 жаңа аурудың - 160 медицина қызметкерлері екен. Дәрігерлердің айтуы бойынша, олар маскілер мен басқа қажетті құралдардың жоқтығынан жаппай вируспен ауырып жатыр, ал медицина шенеуіктері болса, кінәнің бәрі дәрігерлердің өзінен, сақтанудың әдістерін білмейді деп сөздерін жоққа шығаруда. Одан басқа, медицина қызметкерлеріне тиесілі төлемақылар жағынан да бүлік шықты. Дәл сол дәрігерлердің айтуы бойынша ол төлемдер тек бірнеше қаланың аурухана қызметкерлінің қолына тиіп, өңірлерге мүлдем жетпей қалған көрінеді. Шыдамы тауысылған медицина мамандары митингілерге шығып, шенеуіктерге сотқа беріп, Тоқаевқа хаттар жаза бастады. Сонымен, дәрігерлердің халі қандай және осылай кете берсе бізді кім емдейді? Және Айзат Молдағасымованы жауапқа шынымен тарта ма? Сол туралы ақпарат жинадық. Кеттік

  33. 7

    Мұғалімдер мен дәрігерлер алға шыға бастады

    Баршаңызға сәлем, сіздермен Тіл кеспек жоқ – Қазақстан жаңалықтарына тәуелсіз көзқарас және оның жүргізушісі мен, журналист Әсем Жапишева. Сонымен карантин мен төтенше жағдай осы айдың аяғына дейін созылатын болды. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Тоқаев Астана, Алматы, Шымкент және басқа облыстарда шектеу шаралары жалғасатынын және қандай бизнестер біртіндеп ашыла алатындығын жергілікті әкімшіліктер шешетінін айтты.

  34. 6

    Назарбаев жолдауы, ақша, фермерлер мен дәрігерлер

    Сонымен, соңғы кезде жаңалық көп: Қостанайда ауа-райының кесірінен адамдар светсіз, жылу және сусыз отырғандарына бір тәуліктен асты, фермерлер егіндерін сата алмай қиналуда, ауырған дәрігерлер саны біресе азайып, біресе көбеюде, ал Назарбаев болса, елге тағы бір жолдауын шығарды. Жолдауының тоқсан пайызы мақал-мәтел мен басқа әдебиетке толы болғанымен, ол жақта да біраз талқылауға тұрарлық нәрселер бар.

  35. 5

    Коронавирус біте ме? Қалай? Қашан?

    Коронавирус ауруына шалдыққандардың саны әлем бойынша 1 миллионнан асты және халықтардың барлығы ауру барысын баяулату үшін карантинге жабылып жатыр. Қазіргі таңда әлем бойынша ғалымдар, үкіметтер мен медицина қызметкерлері тек коронавируспен ғана айналысып жатыр – олардың мақсаты вакцинаны табу. Солардың ішінде Қазақстан да бар. Алайда, жұмысты күшейте түскеннің өзінде, вакцинаның қашан болатыны білгісіз, ал адамдар ақшалары мен жұмыстарынан дәл қазір айырылып жатыр. Сонымен, коронавирус қашан аяқталады және ары қарай не болмақ? Сол туралы ғалымдар, саясаткерлер мен дәрігер мамандардың не деп жатқанын жинадық.

  36. 4

    Тоқаев әскери жиынды наразыларды көшеге шығармау үшін жасады ма?

    Сонымен кеше Қасым-Жомарт Тоқаев "әскери міндеттілерді жиынға шақыру" туралыжарлық шығарды. Биліктің айтуы бойынша, блок посттарда адам жетпей жатқан көрінеді. Айта кететін жайт, Қазақстан полиция саны бойына әлемдегі топ он елдердің қатарына кіреді. Сонда қалай адам жетпей жатыр және елдегі әлеуметтік жағдай онсыз да шиеленісіп, коронавирус эпидемиясы өршіп тұрған сәтте сап-сау еркектерді неліктен аяқ асты армияға алып кетпекші?

  37. 3

    Жаңартылған көмектің толық тізімі мен алу тәртібі

    Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы мәлімдеме жасағанын естіген боларсыздар. Сөйлеген сөзінде ол коронавирус карантині кезіндегі бюджет ақшасы қайда жіберілетіні туралы айтып, олардың ішіндегі бір жақсы жаңалық, 42500 теңге көмек алуға қақылы адамдардың тізімі кеңейтілгенін айтты. Енді сіз ресми еш жерде жұмыс істемесеңіз де, жәрдемақы алуға өтініш бере аласыз. Бірақ оны еGov арқылы ғана істеуге болады. Оны қалай жасау керектігін және басқа жәрдем туралы осы видеода айтатын болам.

  38. 2

    42500 теңге жәрдемақыны алу шарттары жеңілдетілді

    Сонымен алдағы бірнеше күнде коронавирсқа шалдыққандардың саны әлем бойынша бір миллион адамға, ал Қазақстанда бір аптада мың адамға жетуі мүмкін. Ол Қазақстан аумағында әлі де кем дегенде бір айға төтенше жағдай тоқтатылмайды дегенді білдіреді. Егер сіз жағдайды жеңілдетіп, ауруды таратпауға қалай да ат салысқыңыз келсе, мүмкіндігінше үйде отыруға тырысыңыздар. Қазақтың тойы бітпесін, әрине, бірақ карантиннен кейін. Елдегі медицинаның халін де ескерген жөн. Тозығы шыққан біздің ауруханаларда, аурулармен жатқанша, үйде жатқан әлдеқайда қауіпсіз. Бірақ бүгінгі шығарылым тойлар туралы емес, бәрімізді алаңдататын 42500 теңге туралы болмақ.

  39. 1

    Кредиттен уақытша босатылатын кімдер?

    Бастамас бұрын сізден сүйінші сұрап, жақсы жаңалықпен бөлісейін, коронавирусқа тесттен өттім меннен ол ауру табылмады. Сонымен үйге карантинге қайттым. Сізді де сол бәледен аулақ, деніңіз сау болуды тілеймін. Сонымен әлем бойынша коронавирус пандемиясы жалғасуда. Барлық елдердің үкіметтері халқына көмектесу шараларын енгізуде. Солардың ішінде Қазақстан да бар. 42500 теңге туралы мен өткен шығарылымда айтқан болатынмын, енді оның толық шарттары да белгілі болды. Сонымен бірге, кеше «7-20-25» және «Баспана-хит» тұрғын үй бағдарламаларына өзгеріс енгізді.

Type above to search every episode's transcript for a word or phrase. Matches are scoped to this podcast.

Searching…

We're indexing this podcast's transcripts for the first time — this can take a minute or two. We'll show results as soon as they're ready.

No matches for "" in this podcast's transcripts.

Showing of matches

No topics indexed yet for this podcast.

Loading reviews...

ABOUT THIS SHOW

Қазақстанның тәуелсіз жаңалықтары

HOSTED BY

ЗНУВ

Frequently Asked Questions

How many episodes does Тіл кеспек жоқ have?

Тіл кеспек жоқ currently has 39 episodes available on PodParley. New episodes are automatically indexed when they're published to the podcast feed.

What is Тіл кеспек жоқ about?

Қазақстанның тәуелсіз жаңалықтары

How often does Тіл кеспек жоқ release new episodes?

Тіл кеспек жоқ has 39 episodes. Check the episode list to see recent publication dates and frequency.

Where can I listen to Тіл кеспек жоқ?

You can listen to Тіл кеспек жоқ on PodParley by clicking any episode. We provide an embedded audio player for direct listening, and you can also subscribe via your preferred podcast app using the RSS feed.

Who hosts Тіл кеспек жоқ?

Тіл кеспек жоқ is created and hosted by ЗНУВ.
URL copied to clipboard!