Skip to content
Айқап podcast artwork

Айқап

by Almas

Түсініксіз дүниелерді оп-оңай жеткізуге тырысамызСәлем, Достар! Менің есімім Алмас, мен бұл арнада адекват адамдармен бірге ғылым, бизнес, саясат, саяхат, IT, өнер, өмір, болашақ һәм тарих жайында әңгіме айтатын боламын. Келген қонақтарымыздың өмірінен өткен кейстер туралы сөз қозғаймыз. Міндетті түрде арнаға жазылыңызшы, себебі біздегі контентті көп адам көрсе, өмір соншалықты ғажап болады. Айтпақшы, ұсыныстарыңыз болса [email protected] поштасына жолдаңыз. Сау болыңыз!

From the show's RSS feed, refreshed Jul 25, 2025. Source feed.

Subscribe Bookmark

Episodes

  1. Баспасөз хатшы не үшін керек? PR-шының жалақысы қанша? Әкімдіктердің контенттері неге бірдей?

    Подкасттың кезекті қонағы - PR және медиа мамандары қауымдастығының төрағасы, PR-стратег Ақерке Берлібай. Ақерке Берлібай - / akerke_berlibay Подкаст авторы, медиаменеджер, Kaztourism.media бас редакторы - Алмас Маратұлы - / almas.maratu1y Бұл шығарылымда біз Қазақстандағы PR саласының шынайы...

  2. Қазақстандағы саяси партиялардың идеологиясы қандай? Құрылтайдан қай партия көп мандат алады?

    Айқап подкастының кезекті қонағы — саясаттанушы Ернұр Молдашев.Біз бұл эпизодта Қазақстандағы сайлау жүйесін, пропорционалды және мажоритарлы модельдердің айырмашылығын талқыладық.Сарапшы қазіргі саяси процестерге өз бағасын беріп, маңызды өзгерістерге тоқталады.Сондай-ақ қоғамдағы саяси мәдениет...

  3. Салық кодексі өзгерді: бизнес не істеуі керек? | Айтуар Қошмамбетов

    Айқап подкастының бұл шығарылымы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне арналды. Қонақтарым — ШОБтің лоббисі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айтуар Қошмамбетов және жеке кәсіпкер Фариза Байшина.Осы подкаста біз бизнесті алаңдатып отырған негізгі өзгерістерді...

  4. IL’HAN | Телеграм - музыканттардың басты жауы

    Танымал музыкант Ильхан Ихсан Aiqap подкастының қонағы болды. Подкаст барысында Ильханмен оның шығармашылық жолы, отбасы тарихы мен музыкалық мұрасы жайлы жан-жақты әңгімелестік.⠀Ильхан тегіндегі «-ов» жалғауынан арылу себептерін түсіндіріп, қазақ тіліндегі әншілердің сахнадағы орнын талқылады.…

    more
  5. Alem & ZAQ | Партнерские роды | Балаға вакцина салу | Әкелер декретке шығуы қажет

    ALEM мен ZAQ былтыр алғаш рет әке атанды. Жақында жігіттермен осы үлкен өзгеріс туралы ашық сөйлестік. Әке болу - тек эмоция ғана емес, жауапкершілік, өмір салтын түбегейлі өзгерту. Партнёрлік босану тәжірибесі, баламен алғашқы түндер, ұйқысыз түндер мен толғанысты сәттер - бәрі әңгімеміздің...

  6. Назарбаевтың қателігі | Имамның аяғын уқалау | Діни радикализм | ӨРКЕН КЕНЖЕБЕК

    Айқап» подкастының 18-бөлімінің қонағы – саяхатшы, блогер Өркен Кенжебек. Бұл эпизодта Өркен мырзамен саясат, дін және қоғам туралы ашық әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, ол блогерліктен тапқан алғашқы табысы, Жаңаөзен оқиғасына қатысты көзқарасы және Назарбаев дәуірі туралы ойларымен бөлісті.

  7. Қабыл болатын Ораза қандай? | Рамазан айына нұсқаулық

    «Айқап» подкастының кезекті қонағы – ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің меңгерушісі, ҚМДБ Баспа үйінің директоры Батыржан Берденұлы. Рамазан айына қатысты өзекті тақырыптарды талқылап, оразаның мәні мен маңызы, ауыз бекітудің шарттары, оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар, пітір садақаның рөлі…

    more
  8. Әлішер Елікбаев: Бір сторисім 1 200 000 теңге

    Айқап подкастының 16-бөлімінің қонағы – коммуникация саласының маманы, саяхатшы Әлішер Елікбаев. Бұл эпизодта біз Әлішермен бірге оның кәсіби жолы, қоғаммен байланыс саласындағы тәжірибесі, жарнама және әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану жолдары туралы кеңінен әңгімелестік. Әлішер...

  9. Ердоғанның үйін дронға түсірдім

    «Айқап» подкастының 15-ші бөлімінің қонағы – видеограф, дроншы, блогер by Dastann, Дастан Мұхамедкәрім. Дастан видео саласына қалай келгені, қандай қызықты әрі табысты ұсыныстар түскені жайлы оқиғаларымен бөлісті. Дронның көмегінмен 700 мыңға жуық оқырман жинағаны туралы да айтты.

  10. Көкпар дауы: Қазақ пен қырғыз бір туған ба? Көшпенділер ойыны қалай өтті? |

    «Айқап» подкастының кезекті бөлімі Астанада өткен V-ші Көшпенділер ойынына арналды. Қонаққа тележурналист Азамат Әбілқайыр, қырғыз спорт комментаторы Бексултан Усеналиев және Jaratman media-ның продюсері Изат Мухаметқалиев қатысты. Изат: / izat_mukhametaliev Бека: / usenaliev88 Азамат: /...

  11. Саяси PR дегеніміз не?

    Айқаптың кезекті қонағы - PR-шы, TANBA коммуникация агенттігінің басшысы, PR саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар, Қазақстандық PRshy клубының вице-президенті - Ақсұлу Санғали.

  12. Неге дінде барлық сұраққа жауап бар?

    Айқап подкастының 12-ші бөлімінің қонағы жайдарманшы, сценарист - Рамазан Файлов. Рамазанмен бірге жайдарманның қоғамдағы рөлі, діннің адамға әсері, ағымдардың зияны, сценаристердің еңбегінің құны туралы әңгіме еттік. Бұл подкаст ауыл баласының қалаға ұмтылғаны, ондағы кездесетін қиындықтары…

    more
  13. Астана резина емес

    Айқап подкастының 11-ші бөлімінің қонақтары - журналистер Ерболат Мұхамеджан, Жолдас Өрісбай және медиа маман Жанасыл Болатбек болды. Әріптестерімізбен бірге БАҚ саласындағы өзекті мәселелерді асықпай отырып талқыладық. Шетелдік және қазақстандық журналистиканы салтыстырдық, тәуелсіз журналистің...

  14. Қазақстан Сингапур бола ала ма?

    Айқап подкастының 10-шы бөлімінің қонағы - MIND ғылыми-аналитикалық орталығының координаторы Альтаир Ахметов. Альтаир Амангелдіұлы - 2019 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ректоры, 2019-2023 жылдар аралығында Президент әкімшілігі мемлекеттік басқару бөлімінің...

  15. Ішкі туризм, туристік этика, Қазақ туризм туралы

    Айқап подкастының тоғызыншы бөлімінің қонағы, туризм маманы, Қазақ туризм Ұлттық компаниясының басқарушы директоры - Даниель Сержанұлы. Біз Даниель мырзамен Қазақстан туризмінің потенциалы туралы әңгіме қозғадық. Біздің ішкі туризмді БАӘ мен Египет елдерімен неге салыстыруға болмайтынын түсінуге...

  16. Футбол, футзал, легионерлер

    Айқап подкастының сегізінші бөлімінің қонағы, тележурналист, Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті - Нұрсұлтан Құрман. Нұрсұлтан мырзамен подкаст барысында Қазақстан футбол құрамасының Еуропа чемпионатына бару мүмкіндігі, Дуглас пен Игитасыз Қазақстан футзалының болашағы, жалпы…

    more
  17. Жастар проблемасы, балалар контентінің тапшылығы

    «Айқап» подкастының жетінші бөлімінің қонағы, 91 тобының мүшесі, артист - Данияр Құлымша. Даниярмен подкаст барысында оның өмірлік принциптері, шығармашылығындағы жаңалықтары, отбасымен қарым-қатынасы туралы әңгімелестік. Жаңа Қазақстан туралы ойын білдік. Қазіргі уақыттағы жастардың басты...

  18. Әйелім менен 8 жас кіші

    Айқап подкастының алтыншы бөлімінің қонағы, кино, театр және дубляж актеры - Абай Асылхан. Абай өзінен 8 жас үлкен аруға ғашық болып, отбасын құруды жоспарлағанда оның туыстары қарсы болады. Сөйтіп екі жас бірнеше уақыт бойы күйзелісте жүреді. Түрлі өмірлік сынақтарға тап болады. Абай осы…

    more
  19. Кредитке батқан халық

    Айқап подкастының бесінші бөлімінің қонағы, қоғам белсендісі - Тоғжан Қожалы. Біз Тоғжан ханыммен алдағы Парламент сайлауы, қазақ әйелі, кедейшілікке тап болған қазақ халқы туралы әңгімелестік. Экс-президент Назарбаев және президент Тоқаев жайлы да сөз болды. Тоғжан ханымнан біздің биліктің неге...

  20. Шымкенттің келіндері

    Айқап подкастының төртінші бөлімінің қонағы, PR маман - Айман Сахова. Біз Айманнан екі баланың анасы бола тұра Huawei сияқты халықаралық алпауыт компанияда жұмыс істеуге уақыт табудың жолдарын сұрадық. Айманмен қазіргі қазақ әйелі қандай болуы керектігі туралы сөйлестік. Бұл шығарылым жаңадан...

  21. Оралманның ішкі күйі, қазақ тілі, Украинадағы соғыс

    Айқап подкастының үшінші бөлімінің қонағы, продюсер - Ерболат Беделхан. Біз Ерболат мырзамен оның Моңғолиядан оралған кездегі ішкі күйі туралы, Қазақстанға келген кезде кімдердің қолдау көрсеткені туралы әңгіме айттық. Қазақ тілінің қазіргі жағдайы, тілдің бизнес тіліне айналғаны туралы да біраз...

  22. Міржақып. Оян, қазақ!

    Айқап» подкастының екінші бөлімінің қонағы - режиссёр, сценарист, San Francisco Art University түлегі Мұрат Есжан. Біз Мұрат мырзамен 2022 жылы жұртшылыққа ұсынылған «Міржақып. Оян,қазақ!» сериалы туралы әңгімелестік. Әңгіме барысында қазіргі қазақ киносы мен сериалдары, актерлердің шеберлігі...

  23. Қаңтар. Сайлау. ЛГБТ.

    Айқап подкастының алғашқы бөлімінде қонақта, біздің досымыз, саясаттанушы Ернұр Молдашев. Біз Ернұрмен қанды Қаңтар, батыстың неліктен ЛГБТ-ны қолдайтынын және қайырымдылық жасаудың жолдары туралы әңгімелестік. Онымен қоса 2022 жылы орын алған саяси процесстер жайлы да сөйлескен едік. Подкастты...

About this show

Түсініксіз дүниелерді оп-оңай жеткізуге тырысамызСәлем, Достар! Менің есімім Алмас, мен бұл арнада адекват адамдармен бірге ғылым, бизнес, саясат, саяхат, IT, өнер, өмір, болашақ һәм тарих жайында әңгіме айтатын боламын. Келген қонақтарымыздың өмірінен өткен кейстер туралы сөз қозғаймыз. Міндетті түрде арнаға жазылыңызшы, себебі біздегі контентті көп адам көрсе, өмір соншалықты ғажап болады. Айтпақшы, ұсыныстарыңыз болса [email protected] поштасына жолдаңыз. Сау болыңыз!

Hosted by

Almas

Categories

Frequently asked questions

How many episodes does Айқап have?

Айқап has 23 episodes on PodParley. The most recent episode was published on September 30, 2026.

What is Айқап about?

Түсініксіз дүниелерді оп-оңай жеткізуге тырысамызСәлем, Достар! Менің есімім Алмас, мен бұл арнада адекват адамдармен бірге ғылым, бизнес, саясат, саяхат, IT, өнер, өмір, болашақ һәм тарих жайында әңгіме айтатын боламын. Келген қонақтарымыздың өмірінен өткен кейстер туралы сөз қозғаймыз. Міндетті...

How often does Айқап release new episodes?

Айқап publishes monthly, based on its 23 episodes since September 2024.

Who hosts Айқап?

Айқап is created and hosted by Almas.
Link copied