PODCAST · religion
Ruhani Portal
by Ruhani Portal
✅Бұл арнада Қисса-сүл әнбия, Сияр шәріп, Мың сұрақ, Яссауи Феномені, Салт дәстүр жайлы қазақ даласының мыңдаған жылдық Ислам өркениетінің құндылықтары, қиссалар мен аңыздар, ғибратты оқиғалар жинағын бөлісеміз.✅Қазақ ұлтының ғасырлар сүзгісінен өткен саф құндылықтарынан көкіректеріңізге НӘР алып, өмірлеріңізге МӘН дариды деп сенеміз. ✅Құрметті тыңдарман. Бұл құндылықтар күллі қазақ халқынық хақы саналады. Бұл ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ешқандайдада коммерциялық бағытта ЖАСАЛМАҒАН. Қалауыңызға қарай кез-келген форматта оқып-тыңдап-көре аласыз. Отбасы Хрестоматиясы жобасы.
-
176
Дәуітке тиіспе | Салт-дәстүр сөйлейді
Дәуітке тиіспеДәуіттің тұсында Ғайдуна деген қаланы ордалы жылан басады. Олардың көптігі сондай күрек басындай жерге он жылан сыяды екен. Қарсы келген адамға атылып, бет қаратпапты. Күресуге дәрмені қалмаған патша ақсақалдарды жинап, кеңеседі. Қариялардың бірі: – Дәуіт пайғамбардан көмек сұрайық. Аллаға тілегімізді жеткізіп, мына пәледен құтқарсын, – дейді. Оның сөзін бәрі қоштайды. Сөйтіп Дәуітке хабаршы жібереді. Дәуіт Мақпар тауында ұста екен. Хабаршы ел тілегін айтып, көмек сұрайды. Дәуіт кеудесінен бір түйме үзіп алады. Оны төске қойып, балғамен үш рет ұрады. Түймесі жәндікке айналады. Оны хабаршыға беріп:– Қалаға кіргенде босат. Жыланды қуып шығады, – дейді. Халқы Дәуітті күтіп отырады. Хабаршыны көріп: – Дәуіт қайда? – деп сұрайды. Жігіт жәндікті көрсетіп:– Міне, – дейді. Жәндік секіріп түсіп, жыландармен айқасқа түседі. Қылыш қолымен жыланның көзін ойып, қаладан қуып шығады. Ерлігіне риза болған ел оны «Дәуіт», «Дәуіттің жәндігі» деп атап кетеді. Оған қасиетті, киелі деп құрмет көрсетеді. Үйге дәуіт келсе, «пәле-жала есіктен кетеді, құт төбеден келеді» дейді. «Дәуіт бар жерде жылан жүрмейді», «Дәуітті жер – тәуір жер», «Дәуітке көзінен айрылар жылан кездеседі», «Дәуітті тәу еткен құр қалмас» деген тәмсіл сөздер осыдан қалыпты.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
175
Құмырсқаға тиіспе | Салт-дәстүр сөйлейді
Құмырсқаға тиіспеҚазақ халқы құмырсқаға құрметпен қарайтын болғандықтан, оны жөнсіз өлтіруге болмайды деп санайды. Себебі құмырсқа діни аңыздарда Нұх пайғамбардың кемесіне азық тасуға жәрдемдескен екен. Нұх пайғамбар кеме жасап болған соң, Тәңірден:– Уа, Тәңірім, мынадай алып кемеге мұншалықты көп азықты қалай жинаймын? – деп сұрайды. Жаппар Хақ:– Құлым, қам жеме. Мен – шебер Алламын! Кемең ертең азыққа толады, – дейді. Ертесіне қисапсыз құмырсқалар аузына бір-бір дәннен тістеп, кемеге астық тасиды. Нұх оларға риза болғандықтан, құмырсқа кемеге бірінші болып кіреді . Жүсіп пайғамбар сегіз жыл зынданда жатқанда аштан өлу қаупі туады. Сонда Алланың әмірімен құмырсқалар азық тасып, Жүсіпті асырайды. Жүсіп пайғамбар оларға риза болып: – Илеуің бұзылмасын, ешкім саған жәбір көрсетпесін, – деп бата беріпті. Содан бастап қазақ арасында «құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды» деген ырым қалыпты деседі. Тағы бір аңызда құмырсқа Сүлеймен пайғамбарға ақыл-кеңес беріпті. Бірде Сүлеймен құмырсқаға қонақ болады. Үйіне қайтқалы жатқанда Мәзере құмырсқа: – Сүлеймен, бір қолқам бар, – дейді. – Құлағым сенде, – дейді. – Біз кішкентай болғандықтан, адамның аяғының астында қалып, өліп қалып жатамыз. Бұдан былай әскерің қызыл жалау ұстап жүрсін. Қызыл түсті көргенде тапталмас үшін біз жол беріп қашайық, – депті. – Дегенің болсын, – деп құмырсқамен қоштасады. Содан бері Сүлейменнің әскері қызыл жалау ұстап жүретін болыпты. Құмырсқалар да әліге дейін қызыл жалау көрсе, індеріне қашады екен. Сондықтан да бағбандар бау-бақшаға құмырсқа қаптап кетсе, қызыл шүберек байлап қояды. Оны көрген құрт-құмырсқа дереу індерінетығылып, бақшаға жоламайды екен. Кейбір кісілер үйлерін құмырсқа басып кеткенде дәрі шашып қырмайды. Бөлмеге қызыл матадан жасалған майда жалауларды қадап шығады. Туларды көрген жәндіктер аз уақытта көзден ғайып болады екен.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
174
Сақалыңды сипама | Салт-дәстүр сөйлейді
Сақалыңды сипама Алла тағала ең алғаш жер бетіне иелік ету үшін Әбілет пен Тәбілет деген екі, мақұлықты жібереді. Оларға қақ тастан үй салып беріп: – Сендерді жер бетіне жібердім. Қақ тастан үй тұрғыздым. Әдептен аспай, менің берген нығметтеріме шүкіршілік етіп, сән-салтанатпен тату-тәтті тіршілік кешіңдер. Ұрпақтарыңды көбейтіңдер. Бірақ, некесіз, дәретсіз қосылмаңдар, ұрпақтарың азады, – дейді. Олар мінсіз, сұлу болғандықтан бір-бірін көріп ынтықты. Алланың әмірін ұмытып, некесіз қосылады. Одан Ібіліс туады. Олардың бірінші ұрпағы некесіз болғандықтан, Тәбілеттің толғағы ауыр болыпты. Ол Ібілісті қара тастың үстінде босанады. Сол кезде Ібіліс иегімен қара тасқа құлап түседі. Содан иегі екіге жарылып, ойылып қалады. Қазақтағы «иегің тасқа тигір» деген қарғысы осыдан қалған екен. Ібіліс кейін ержеткенде иегіндегі жырықты жасыру үшін қауғадай етіп сақал қойыпты. Бірақ, сақалын жел ұшырып, иегіндегі жырық көрініп қалады екен. Ібіліс адам кейпінде ел ішіне кіргенде сақалы ашылып кетпес үшін үнемі екі қолымен сипай береді екен. Осыған байланысты қазақта «сақалды сипай берме, шайтан қағып кетеді» деген ырым қалыпты.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
173
Бетіңді баспа | Салт-дәстүр сөйлейді
Бетіңді баспа Әбілет пен Тәбілет зина жасағаннан кейін күнәнің оты жүректерін өртепті. Алланың дидарына қараудан мақұрым қалғанын ұғыпты. Ұяттың отынан бетін басып отырып қалады. Екі бетінің нұры солып, жүздері қап-қара болып кетеді. Әдетте, осындай ауыр күнә жасаған адамдар екі бетін басып отырып қалады екен. Сондықтан «себепсіз екі бетіңді баспа» дейді. Ал, Әбілет пен Тәбілеттің жүздері қарайып кеткендіктен зина жасаған адамдарды жүзіқара деп атайтын болыпты.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
172
Ашына атауы | Салт-дәстүр сөйлейді
Ашына атауыӘбілет пен Тәбілеттің алғаш туған баласы Ібіліс екен. Онан кейін Ашына деген қызды туыпты. Артынша Дию мен Жын деген егіз баласы дүниеге келіпті. Жынның нәсілі қыз екен. Олардың соңынан Түлен мен Құлан деген екі егіз ұл, Албасты мен Үббе деген екі қыз туады. Ібіліс өзінің туған қарындасы Ашынаға көңілі ауады. Бірақ әке-шешесі оны Жынға айттырып, Ашынаны Диюға бермек болады. Ібіліс әке-шешесіне білдірмей Ашынамен көңіл құрады екен. Осыдан бастап некесіз қатынас қылып, күнә жасайтындарды «ашына», «ашыналар» деп атайтын болыпты. Бір күні Әбілет пен Тәбілет оны біліп қойып, Ібілісті қуып жібереді. Ол ата-анасына ерегісіп, Алланың дәргейіне алаңсыз қызмет етуге кетіп қалады. Әбілет пен Тәбілеттің ұрпағы жер бетінде арсыз, опасыз, ұятсыз, сайқал іс-әрекеттердің алғашқы ұрығын шашқан екен. Содан бастап осыған дейін Адам ұрпағын арсыз істерге шатылуы Әбілет пен Тәбілеттің ұрпағынан қалған екен деседі. Жер бетін ойрандағаны үшін періштелер оларды тозаққа сүйрей жөнеледі. Сол кезде олардың ұрпағы тым-тырақай қашады. Қапылыста Жын мен Дию күлге тығылады. «Күлдің үстінде ойнама», «күлді баспа», «күлді есіктің алдына төкпе» деген тыйымдар осыдан қалыпты. Албасты мен Үббе суға сүңгіп жоғалады. «Түнде суға барма», «түнде жалғыз шомылма» деген тыйымдар осыған орай айтылған. Құлан мен Түлен бұталардың арасына сіңіп, ғайып болады. «Бұтаның түбіне ұйықтама», «біссмілласыз жатпа» деп айтатыны осыдан екен. Ашына лас қоқыстарды паналапты. Ашына болған адамдар осыдан бастап жасырынып іс қылатын болыпты.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
171
Ысқырма | Салт-дәстүр сөйлейді
ЫсқырмаӘбілет пен Тәбілет балаларын үйге шақырғанда ысқырады екен. Ысқырықты естігенде жын-пері, диюлар әке-шешесіне қарай асығатын болыпты. Діни-аңыздардың баяндауынша, періштелер әке-шешесін тозаққа алып кеткелі, жындар күл-қоқыста жасырынып жатады екен. Егер біреу байқаусызда ысқырса, «әке-шешеміз келіп қалған ба?» деп қуана сол адамға жүгіреді дейді. Егер оның адам баласы екенін көріп, сонша жерден жетіп келген алданғанын білсе, ашуланып адамды ұрады екен. Ондай адам ақыл есінен айырылып, жынданады деседі. Сондықтан «ысқырма, шайтанды шақырасың» деген тыйым пайда болыпты. Әсіресе, үйдің ішінде, қорада ысқыруға болмайды дейді. Үйді жын-жыпыр жайлап алуы мүмкін деген сенім бар.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
170
Саусақты сықырлатпа | Салт-дәстүр сөйлейді
Саусақты сықырлатпаІбілістің әке-шешесі Әбілет пен Тәбілет құлшылық кезінде таңдайын қағып, оғаш дыбыс шығарады екен. Ал тәспі тартқанда саусақтарын сықырлатады екен. Ұлық Алла оларды осы жаман әдетінен қанша тыйса да, олар жалғастыра беріпті. Осының кесірінен Әбілет пен Тәбілет Тәңірдің теріс назарына ілігіпті. Осыған орай, қазақтар балаларын «таңдайыңды тартпа, саусағыңды сықырлатпа, ол – шайтанға тартқан тәспің. Бағың байланады, бақытың қайтады» деп тыйып отыратын болыпты.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
169
Үйге сол аяқпен кірме | Салт-дәстүр сөйлейді
Үйге сол аяқпен кірмеӘбілет пен Тәбілеттің оң аяғында құт, сол аяғында жұт болады екен. Олар үйге кіргенде үнемі сол аяқпен, сыртқа шыққанда оң аяқпен қадам басады екен. Соның кесірінен үйін жұт жайлап, құты далаға қашыпты. Береке дарымапты. Тәңірсі Адам атаны жаратқанда: – Сенің оң аяғыңа құтты, сол аяғыңа жұтты жасырдым. Оң қолыңа береке дарыттым. Басқан қадамың оң болса, құтың да қасыңда болар, – дейді. Содан бастап Адам ата жолға шыққанда, үйге кіргенде, бір іске бекінгенде оң аяқпен «біссімілдә» деп бастайтын болыпты. Киімді оң жақпен киіп, сол жағынан шешеді екен. Сәлемдескенде де береке болсын деп оң қолын ұсынады. Осы үлгі өнеге кейінгі барша ұрпағына таралыпты.Енді бір қадым аңыздарында Жаппар Хақ әу баста тозақты жаратпақ ниетте емес еді деп баяндалады. Әбілет пен Тәбілет үйге сол аяқпен кіргенде тозақ пайда болған екен. Ұлық Алла екеуінің оспадарсыз іс-әрекеті мен бұзық ниетіне қарай тозақты жаратыпты.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
168
Шапанды желбегей жамылма | Салт-дәстүр сөйлейді
Шапанды желбегей жамылмаӘбілет пен Тәбілетке Алла тағала көктен шапан түсіріп: – Жалаңаш жүрген жақсы емес. Тәндеріңді көрсетпей, үстеріңе шапан киіп жүріңдер, – дейді. Олар шапанды желбегей жамылғанда жеңдеріне жамандық ұя салыпты. Осының кесірінен олар бәле-жалаға жиі шатылыпты. Содан бастап қазақ арасында шапанды, үстіңгі киімді желбегей жамылмау туралы тыйым пайда болыпты. Сонымен бірге, шапанды әруақтар, қолы жоқ кемтар, мүгедек адамдар желбегей жамылады деген де түсінік бар. Бұлай істеу өлім шақырады, жамандық шақырады деп жориды.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
167
Жақты таянба | Салт-дәстүр сөйлейді
Жақты таянбаӘбілет пен Тәбілет жағын таянса, жер беті алай-дүлей болып, астан-кестеңі шығып жамандық атаулы жанына жиналады екен. Осыдан бастап ел ішінде «жақты таянуға болмайды» деген ырым пайда болыпты.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
166
Аяқты айқастырма | Салт-дәстүр сөйлейді
Аяқты айқастырмаАлла тағала озалда Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлыққа жер бетінен үй салып беріп: «Осы жерде тіршілік етіңдер», – дейді. Олар періште болғандықтан нәсілі еркек те, әйел де емес екен. Екеуі аяқтарын айқастырса, әйелге, аяқтарын талтайтып отырса, еркекке айналыпты. Ер адамға аяғын айқастыру жараспайды екен. Ал қыз балаға аяғын талтайтып отыруға осылайша тыйым салыныпты.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
165
Ораза ұстау | Салт-дәстүр сөйлейді
Ораза ұстау Адам ата мен Хауа ана пейіште тыйым салынған бидай дәнегін жейді. Бұған дейін қалдық шықпайтын жұмақтың ең асыл тағамдарын таңдап жейтін еді. Тұңғыш рет жерде өсетін тамақты жегендіктен, адамның асқазаны бірінші рет ас қорытып, нәжіс шығаратын болды. Онда пейіштің былғанатыны анық еді. Сол кезде Ұлық Алла қаһарына мініп, Адам ата мен Хауа ананы жәннаттық мәртебесінен айырады. Алланың әмірімен олар пейіштен қуылып, жерге түседі. Жеп қойған бидайдың қалдығы адамның асқазанында отыз күн қорытылмай жатып қалады. Одан түгел тазару үшін Алла оларға отыз күн ораза ұстауға әмір беріпті. Содан бастап Рамазан айында отыз күн ауыз бекітіп, ораза ұстау мұсылманға парыз болып бекіпті.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
164
Марқұмның атын атап, құран оқу | Салт-дәстүр сөйлейді
Марқұмның атын атап, құран оқуЕскендір дүниеден өтерінде уәзірлеріне: – Жер бетінде өлген адамның саны жоқ. Қияметте ат тұяғындай жерден жетпіс мың адам тіріледі. Мені адам аяғы баспаған, тірі жан көмілмеген жерге апарып жерлеңдер. Мен көптің бірі емеспін. Жарты әлемді билеген сүйегі асыл, қаны қасиетті патшамын. Менің қияметте танымайтын бөтендермен қатар тұруым жараспас. Мақшар алаңына жиналуға Алладан әмір болғанда бір өзім бір мекеннен жалғыз тұрып Алланың алдына бір өзім дараланып барғым келеді, – дейді. Дүниеден өткен соң, уәзірлері, туыстары қырық күн ақылдасып, бұрын-соңды адам ұрпағы жерленбеген жер іздепті. Кеңесе келе олар Ескендір патшаны биік таудың ұшар басына апарып жерлейді. Нөкерлері патшамызды кісі баласы көмілмеген тың жерге жерледік деп қайтыпты. Күндердің күні анасы ұлын сағынып, моласына барыпты. Оның рухымен тілдеспек болып: – Ескендір! – деп дауыстайды. Ешкім үн қатпайды. Екінші мәрте: – Ескендір, ұлым! – деп тағы бір дыбыстайды. Анасы ұлын он рет атап шақырса да жауап болмапты. Ақырында анасы Ескендір Зұлқарнайын деп шақырады. Сол кезде әруақ тіл қатады. – Балам-ау, мен бағанадан бері неше рет шақырып жатырмын. Неге дыбыс бермедің? Әлде ол жақтағы жағдайың ауыр ма? – депті. Сонда ұлы: – Жоқ, анашым. Бәрі жақсы. Сіз атымды ғана атап шақырғанда мұнда талас басталды. Себебі, алақандай жерде есімдері Ескендір қойылған үш жүзге жуық әруақ қатар жатырмыз. Атымыз аталғанда: – Мені шақырып жатыр. Жоқ, мені шақырып жатыр, – деп таласып қалдық. Ақырында, Зұлқарнайынды қосып айтқанда ғана талас тоқтады. Күмәнсіз мені ғана шақырғаны анық болған соң, басқалары жол берді, – депті. Осыдан бастап, өлген кісіге Құран оқып, дұға жасағанда әкесінің және атасының есімдерін де қосып атау дәстүрге айналған екен.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
163
Марқұмдарды риза ет | Салт-дәстүр сөйлейді
Марқұмдарды риза етЖүрек көзі ашылған бір әулие жапан түзде келе жатып, түнде жалғыз қалады. «Жалғыз қалсаң, зиратқа түне» деген сөз есіне түсіп, қорымға барып қоныпты. Түннің бір уағы болғанда ол қабір әлемінде еріндері кезеріп, беттері жарылып шұбырып кетіп бара жатқан тобырды көреді. Бұл олардың көшбасшысымен тілдесіп: – Кімсіңдер? Бұл не тобыр? Жаяулап-жалпылап қайда бара жатырсыңдар? – деп сұрайды. Әруақ: – Біз осы қорымдағы әруақтармыз. Ұлық Алла бізге мейірім-шапағат етіп, әр сәрсенбі кешке қарай құранның сауабын алу үшін үйімізге қайтарады. Егер ұрпақтарымызда құран оқытатын жер болса, сол жерден нұр алып, қуат алып, жұма күні түстен кейін қайтамыз, – дейді де жүріп кетеді. Әулие кісі оқиғаның нәтижесін көру үшін жұма күні қорымға тағы да түнепті. Бұл жолы көштің алдында желмая мінген бақытты кісілер келе жатыр екен. Оларға сәйгүлік мінген қуанышты жандар ілесіпті. Осылайша көш сән-салтанатымен жалғасып кете беріпті. Көштің соңғы жағында тай мінген, тайқар мінген пақырлар келе жатыр. Ең соңында бір кемпір мен шал арып-ашып, көшке зорға ілесіп келеді. Әулие кісі осы екі бейбақпен тілдесіп: – Сендер неге жаяу келе жатырсыңдар? Сендерге не себепті көлік нәсіп болмады? – деп сұрайды. Олар: – Біз екі күн құран дәметіп, бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмады. Ешбір үйде бізге арнайы құран оқылмады. Ал мына сән-салтанаты асып, көліктің жақсысын мінгендер – құранға қарық болғандар. Түйе мінген, ат мінген бақытты жандардың бала-шағасы арнайы ас беріп, көрші-қолаңдарын жинап, марқұм бауырларына құран оқытты. Ал біздің артымызда жалғыз ұл қалып еді. Одан хабар жоқ. Өлі болса, қасымызда жүрер еді. Соған қарағанда, ол тірі. Бірақ бізге арнап құран бағыштаған емес. Соның себебінен біз осындай пұшайман халге түстік. Қабірстанда құраннан басқа зат бізге азық болып жарытпайды екен, – деп мұңын шағыпты. Ертесіне әулие кісі қос бейбақтың жалғыз ұлын бір байдың қойын бағып жүрген жерінен тауып алып: – Әй, балам! Мына баққан малыңа бай не ақы төлейді? – деп сұрайды. – Жылына он саулық, – дейді қойшы. – Тілімді алсаң, бір саулықты сойып, әке-шешеңе құран оқыт. Олар құранға мұқтаж, – дейді. – Мен өзім жарлы жетіммін. Тапқан малым қара басыма зорға жетеді. Жасым келсе де, әлі қатын ала алмадым. Құран оқытуға шамам жоқ, – дейді ол. Әулие кісі: – «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген. Ата-анаңның әруағын риза етсең, тұрмыс-тіршілігіңді Тәңір өзі түзейді. «Тірі дүниеге тоймайды, өлік құранға тоймайды» деген. Бірінші солардың мұқтаждығын өте, – дейді. Жетім бала әулиенің тілін алып, бір саулығын сойып, бейсенбіде көрші-қолаңды жинап, құран оқытады. Әулие жұма күні қорымға тағы түнейді. Баланың ата-анасы қос-қос тұлпар мініп, көштің алдында мейманасы тасып, шат-шадыман халде келе жатыр екен. Көп ұзамай, жетім баланың мал-басы көбейіп, жақсы жерден қалыңдық айттырып, ешкімге күні түспейтін бақытты ғұмыр кешіпті.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
162
Құранның шарапаты | Салт-дәстүр сөйлейді
Құранның шарапатыБірде Ғайса пайғамбар сапарлап келе жатып, жол жиегіндегі моланы көреді. – Уа, Жасаған Ием, бұл мола кімдікі? – деп сұрайды. Алла: – Бір пақырдың моласы? – деп жауап береді. – Мұның ахиреттік жағдайы қалай? – Тірісінде құлшылық пен сауаптан мақұрым болған. Тек өлейін деп жатқанда кәлимаға тілі зорға келді. – Апыр-ай, онда жағдайы қиын шығар. Мен тірілтіп, түрін көрсем бола ма? – деп рұқсат сұрайды. Алла: – Рұқсат! – дейді. Ғайса дұға қылып еді, өлік моладан тіріліп тұра келді. Қараса сымдай тартылған сымбатты, көркем жігіт екен. Екі бетінен нұры тамып тұр. Ғайса түсінбей: – Уа, Тәңірім, сен мына адамды құлшылық пен сауаптан мақұрым болған сорлы деп едің. Мынаның бет әлпетінен пейіштің лебі есіп тұр ғой, – дейді. Сонда Алла: – Бұл пақырдың моласы жол үстінде жатыр. Өмірде ғапыл болғанымен, жанынан өткен-кеткен адам дұға оқып, бет сипайды. Жиі оқылған дұғалардың шарапаты оның жатқан жерін жайлы етті. Жанын менің нұрыммен шомылдырды, – деп жауап береді. Осыдан соң Ғайса кез келген қорымның жанынан өткенде дұға жасамай өтпейтін болыпты.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
161
Бата беру | Салт-дәстүр сөйлейді
Бата беруЫбырайым пайғамбар өте қонақжай адам болыпты. Үйіне келген адамға ас бермей шығармайды екен. Асығыс жолаушының өзіне нан ауыз тигізбей жібермепті. Бір күні уахи ала келген Жебірейіл періштенің өзін дастарханға сүйрейді. Жебірейіл:– Асыңа рақмет, әй, Алланың халилі. Мен Алланың уахиын жеткізу үшін ғана келдім, – дейді асығып. Ыбырайым:– Уахиды артынан айта жатарсың. Әуелі адал дастарқаннан дәм тат! Маған серік бол! – дейді. Періште амалсыз көнеді. Дастарханға ас келсе де, періште табаққа қол созбай отыра береді. Пайғамбар:– Неге дәм алмайсың? – дейді. Жебірейіл:– Мен – періштемін. Бұл дүниенің тамағын ішпеймін. Себебі, бұл дүниенің өз тәртібі бар. Бес күн жалғанда ішкен-жегеннің, көрген қызықтың есеп-қисабы бар. Ертең мақшар алаңында бұл пәнидегі ішкен-жегеннің сұрауы болады. Мен соны ойлап, уайымдап отырмын, – дейді. Ыбырайым езу тартып:– Сен ондадастарханға бата беріп, менің отбасыма дұға ет. Астың өтеуі сол болсын, – дейді. Жебірейіл келіседі. Дастарқан басында екеуі сырға толы рухани сұхбат құрады. Періште Ыбырайымның ықылас-пейіліне риза болып, астан соң, дастарқанға бата жасап, дұға етеді. Жебірейіл кетіп бара жатқанда Ыбырайым оны тоқтатып:– Маған қандай уахи алып келіп едің? Айтпадың ғой, – дейді. Жебірейіл: – Біздің сұхбатымыз Алланың уахиы еді, – депті. Осыдан бастап астан соң, дастарханға бата жасап, дұға тілеу деген дәстүр пайда болыпты.Қазақ арасында осы дәстүрдің берік орныққаны соншама, тіпті ел арасында мынадай аңыздар көп тараған. Кейбір әулие қарттар айналасында отырған адамдардың түгел ас ішіп болуын күтетін болған. Тіпті керек десеңіз киіз үйдің есігінің алдында жем шұқып отырған торғайлардың да жем жеп болуын тосқан екен. Рухани сұхбатты уахиға теңегендіктен де әулие адамдар дастарқан басында дүние сөзін сөйлеп, мағынасыз сұхбат құрудан сақтанған.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
160
Ібілістің балалары | Салт-дәстүр сөйлейді
Ібілістің балаларыТәңірі тағала Адамды топырақтан жаратып, барлық мақұлыққа орынбасарын тамашалауды бұйырды. Періштелер жиналып, Адамды айналып қарап көрді. Сол кезде Ібіліс лып етіп Адамның мұрнынан кіріп, оның бүкіл дене мүшесін, ағзасын, қан тамырларын аралап шығады да, үш баласын Адамның үш жеріне орналастырады. Бірінші баласын Адамның өңешіне жайғастырып:– Сен көмейде отыр! Адам сөйлегенде сөзінің арасына анайы сөздер салып тұр! Сенің әсеріңнен жағынан жаңылып, басы бәлеге шатылатын болсын! – деп тапсырады. Екінші баласын жүрекке орналастырып: – Адамның жүрегіне күмән саласың! Соңғы демі үзілгенше күдіктен арылмайтын болсын! – дейді. Үшінші баласын қуықтың басына қойыпты: – Сен кіші дәрет алғанда бір тамшы зәрін тұтып қал! Адамдар құлшылыққа кірісіп, намазын өтеп жатқанда бір тамшы зәрді ағызып, оның дәретін бұзасың, – дейді. Содан бастап Ібілістің үш баласы адамның үш жерінде отырып, кесірін тигізетін болыпты. Егер пенде аңдап сөйлемесе, басы дауға шатылып, тірісінде Аллаға иман келтірсе де, күмәннан айықпайтыны және намазының жиі бұзылатыны содан екен.Сондықтан мұсылмандар дәрет алғанда тамағын терең шайып, «ғар-ғара» тартып, өңештегі шайтанды қуады. Алланың есімдерін зікір етіп, жүректегі шайтанды тоқпақтайды. Дәрет алғанда таһараты кәміл болмай, намазға тұрмайды. Екінші бір аңызда Ібіліс періште сипатында келіп, Адам мен Хауаға бір қоржын беріп кетеді. Ол кезде Адам ата мен Хауа ана әлі еш нәрсенің байыбын білмейді екен. Қоржында ашып қалса, лып етіп балық шығады.– Е, мынау балық екен ғой. Суға жіберейік! – дейді де, суға жібереді. Қоржынға тағы қолын салып қалғанда саусақтары күйіп қалады. Онда шоқ жатыр екен. – Мынау шоқты не үшін салған? Отқа тастамай ма? – деп, оны күлге лақтырып жібереді. Қоржында тағы бір зат қомпиып жатады. Қараса, ет екен. – Еее, бізге азық жіберген екен ғой, – деп оны жеп қояды. Қоржындағы үш зат Ібілістің балалары екен. Кейін Ібіліс балаларын шақырып алып:– Үшеуің жайлы жерге орналастыңдар! – дейді шаттанып. Балыққа ұқсайтын ұлына: – Сен суға келген адамды азғыр! – дейді. Шоққа ұқсайтын екінші баласына: – Кім күлді басса, соны тура жолдан тайдыр! – дейді. Етке ұқсайтын кенжесіне қарап: – Ең жақсы жерге жайғасқан сенсің. Адамның ішінде отырып, оны азғырасың, – депті.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
159
Өсек айтпа | Салт-дәстүр сөйлейді
Өсек айтпаБірде Мұхамбет пайғамбар сахабаларына: – Өсек айту – ғайбат, зинадан да ауыр күнә, – дейді. Сахабалар таңғалып: – Уа, Алланың елшісі! Өсек зинадан қалайша ауыр болады? – деп сұрайды. – Зина жасаған адам өз ісін күнә деп біледі. Шын тәуба қылып, өкінсе, Алла кешеді. Өсекші өз ісін күнә деп ойламайды. Екі адамды шағыстырып, бүлікке жол ашады. Бәлесінен қаншама жан азап тартып, қиянат көреді. Өсектің зинадан ауыр болатын себебі – осы, – депті. Мұсылмандар арасында өсек айтуға тыйым осылай шыққан екен. Қазақ арасында да осыған байланысты «Ердің ғайбатын айтпа, қайратын айт» деген сөз тараған екен.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
158
Ынтымақты бұзба | Салт-дәстүр сөйлейді
Ынтымақты бұздыЕртеде Нығмет пен Үсен деген ағайынды жетімдер Шаһимардан деген байдың малын бағыпты. Екеуі кисе киімге, ішсе тамаққа жарымайды. Жиырма жыл жалшылықта жүреді. Бай олардың жайын ойламапты. Бір күні екеуі бөлек шығып, байдан ақысын сұрамақ болады. Сараң бай арық ат пен бұзаулы сиыр берді. Берген ақыға разы болмаса да, қанағат тұтудан басқа жолдары жоқ еді. Ат пен сиырды жетелеп, басы ауған жаққа жүре береді. Қас қарая бір өзеннің жағасына келіп демалады. Кешке сиырды сауып, сүтін пісіріп отырғанда аттың дүбірін естиді.– Әй, кім бар? Сөйлес! Құдайы қонақпын! – дейді дауыстап. – Кімсің? – дейді екеуі.– Атым – Қызыр. Қырғауылдай қорғалап, бөденедей жорғалап келемін, – дейді. – Қызыр болсаң, қонатын жерге қон. Бізде қазір саған орын жоқ, – дейді. Қызыр кетіп қалады.Сәлден соң тағы ат дүбірі естіледі. – Әй, кім бар? Сөйлес! Құдайы қонақпын! – деп дауыстайды. – Кімсің? Қайдан келесің? – Атым – Бақ. Қырдан, ойдан келемін, – дейді.– Бақ болсаң, орныңды тап. Саған орын жоқ, – дейді. Бақ та кетіп қалды. Үшінші дүбірлеген атты даусы естіледі.– Әй, кім бар? Сөйлес! Құдайы қонақпын! – дейді жолаушы. Бұлар:– Кімсің? Қайдан келесің? – деп сұрайды.– Атым – Дәулет, – дейді.– Ендеше дәулетті жерге бар. Іздегенің біз емес, – дейді екеуі. Дәулет те кетіп қалады.Сүт пісті деген кезде ат дүбірі тағы естіледі. – Әй, кім бар? Құдайы қонақпын! – дейді аттылы. – Кімсің? Қайдан келесің? – Атым – Ынтымақ, – дейді. Сол кезде екеуі жүгіріп шығып, аттың шылбырына оратыла кетіп:– Ынтымақ болсаң, қонақ бол. Біздің іздегеніміз – сенсің, – дейді екеуі.Соятын атты көлденең тартып, «Әумин!» деп бата сұрайды. Ынтымақ:– Жан баққан жалғыз атты маған сойсаңдар, қалай күнелтесіңдер? – дейді.– Үйде ынтымақ болса, жоқшылық кірмес. Қайғы-мұң баспас. Мал тағы да бітер, бақ қайта қонар. Батаңды бер, – дейді жігіттер. Ынтымақ екеуіне риза болып, екі алақанын жайып жіберіп:– Құдай оңдасын, Қызыр қолдасын! Бақ қосылып, Дәулет дарысын. Аллаһу акбар! – деп бата береді. Нығмет пен Үсен атты сойып, етін қазанға салады.Ет пісті деген кезде сырттан көп аттың дүбірін естиді. Қараса, Қызыр, Бақ, Дәулет – үшеуі қайта келіп тұр екен. Екі жігіт жүгіріп шығып, қарсы алады. Оларды әлгінде қондырмағаны үшін кешірім сұрайды. Қызыр:– Балаларым, оған қысылмаңдар, Ынтымақ болмаса, Қызыр қонбайды, Бақ қарамайды, Дәулет дарымайды. Біз Ынтымақтың бастауымен келдік. Көсегелерің көгеріп, өркендерің өссін! – дейді.Ертесіне төрт қонақ батасын беріп, аттанады. Содан бастап Нығмет пен Үсеннің үйіне береке дариды.Бай болып, бақуатты жанға айналғанда да, екі жігіт ынтымағын жоғалтпапты. Ұрпақтарына «Ынтымақтан биік, ынтымақтан күшті ештеңе жоқ» деп өсиет қалдырған екен.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
157
Жезөкше атауы | Салт-дәстүр сөйлейді
Жезөкше атауыІбілістің о баста өкшесі болған екен. Ібіліс қарғыс қамытын киген соң, ерлі-зайыптылардың арасына от салып, араздастырып, ажыратып жіберуді кәсіп қылыпты. Иманы әлсіздерді зинақорлыққа азғырады екен. Осындай лас іспен айналысып, адамдардың қарғысын ала берген соң, екі өкшесі ойылып түсіп қалыпты. Өкшесінің орны уақыт өте келе мүйізденіп, қатаяды. Жұрт оны «жезді өкше», «жезөкше» деп атапты. Ел арасында жеңіл жолға түскен әйелді жезөкше деп атау осыдан қалған деседі. Қазақта «ерлі-зайыптының ортасына есі кеткен түседі» деген мақал Ібіліске қарата айтылған екен.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
156
Таңғы асты тастама | Салт-дәстүр сөйлейді
Таңғы асты тастамаБірде Жақып пайғамбар таңертең жолға шықпақ болады. Бәйбіше: – Мына таңғы асты ішіп кет, шайды дайындап қойдым, – дейді. Жақып: – Жолдан қаламын, – дейді де, бұрылмай кете барады. Жолда келе жатса, алдынан жылан кездеседі. Жақып онға қарай жүрсе, ол оң жаққа, солға қарай жүрсе, жылан да солға қарай жүреді екен. Бір кезде Жақып қамшысын алып: – Мен пайғамбармын ғой, неғып жолымды бөгейсің? – деп жыланды осып жібереді. Жылан ініне қашып тығылады. Жақып әрі қарай жүре бергенде, атының аяғы бір тесікке тығылып, өзі аттан құлап түседі. Қараса, атының алдыңғы аяғы сынып кеткен екен. Жақып атын жетектеп, кейін қарай үйге қайтады. Бәйбішесі алдынан шығып: – Не болды? – деп сұрайды. Жақып:– Атымның аяғы қайырылды, – дейді. – Мен біліп едім. Таңертең ықыласымды ескермедің. Сен үшін ерте тұрып ас дайындап едім. Дәмнің киесі ұрған ғой, – дейді. Осыдан бастан қазақ арасында «Таңғы асты тастама, кешкі асты бақпа» «Таңғы ас Тәңірден», «Таңғы аста несібе көп» деген түсініктер тараған деседі.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
155
Ырысты аяқасты етпе | Салт-дәстүр сөйлейді
Ырысты аяқасты етпеНұх пайғамбар бірде ұлдарына:– Уа, ұлдарым, жолдарың оңғарылып, сапарларың сәтті болсын! Құдай сендерді ырыстан, ынтымақтан айырмасын! – деп бата беріпті. Ұлдары:– Әке, ынтымақты түсіндік. Ырыс деген не? – деп сұрайды балалары. – Ырыс – Құдайдың адамға беретін несібесі, ырзық-нәпақасы. Ұлық Алла адамзатқа төрт ырыс нәсіп етті. Біріншісі – ақ ырыс. Ол төрт түлік малдың желінінен шыққан сүт, айран, май, құрт. Екіншісі – көк ырыс. Жерден өсіп-өнген көкөністі айтады. Үшінші ырыс – қызыл ырыс. Ол – төрт түлік мал мен аңның адал еті. Төртіншісі – дәнді ырыс. Оған дәнді-дақылдарды жатқызады. Ынтымақтарың кетпесе, ырыстарың түгел болады, – деп сөзін аяқтаған екен жарықтық. Содан бастап аталған төрт затты ырысқа жатқызып, оларды қастерлепті. Аяқасты етуге, қорлауға тыйым салыпты.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
154
Табалдырықта тұрма | Салт-дәстүр сөйлейді
Табалдырықта тұрмаАдам ата Қағбаның іргесін қалап, оны «Құдайдың үйі» деп атайды. Қағбаға құлшылық жасап, ескірген жерін жөндеп тұрады екен. Дүниеден өтерінде ұлы Шишке Қағбаның кілтін ұстатып, оны күтіп, таза ұстауды аманат етіпті. Шиш әке өсиетін бұлжытпай орындайды. Оның ықылас-пейіліне риза болған Жебірейіл Шишке үй салуды үйретеді. Оған дейін Адамның ұрпағы ағаштан салынған лашықтарда өмір сүрген екен. Шиш құрылыс өнерін үйренген соң, алғаш өз үйін кірпіштен тұрғызады. Баспанасы дайын болған кезде оған бірінші болып қонаққа келген Құт екен. Ол үйден орын беруін сұрайды. Шиш: – Қалаған жеріңнен қоныс ал! – дейді. Құт табалдырыққа келіп жайғасады. Осыған орай ел арасында «табалдырықта тұрма», «табалдырықты баспа, үйдің құты қашады» деген ырым сақталыпты. Артынша Шиштің үйіне Бақыт келіп бас сұғады. Ол төрден орын беруді сұрайды. Шиш рұқсат береді. Бақыт төрге жайғасады. Қазақта құрметті қонағын төрге отырғызып, бата сұрау осы ырымнан қалған екен деседі. Бақыттың соңынан Береке кіреді. Ол Шиштің дастарханынан орын алыпты. «Дастарханда береке бар» деген түсінік осыдан қалыпты. Көп ұзамай Ынтымақ келіп, пайғамбардың қонысынан жай сұрайды. Ол босағаға орналасады. Қазақта «босағаң мықты болсын» деген сөз «ынтымағың мықты болсын» деген тілек екен. Ал «босағада тұрма» дейтіні «ынтымақты бұзасың» деген ырымы деседі. Шиш ізгі амал, қасиеттерді орналастырып жатқанда үйдің бір саңылауынан жын-перілер жасырынып келіп, үйдің бұрыштарына тығылады. Кім бұрышқа отырса, соның арқасына мініп, кеудесін басады екен. Қазақта «қара басты», «еңсені езді» деген тіркестер осыған орай айтылған деседі. Ырым білетін есті кісілер жастарға «бұрышқа отырма» деп тәрбиелейді екен. Үйдің ішін адыраспан не аршамен аластағанда жын-перілер жоғалады деген түсінік бар.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
153
Ғұсыл дәретпен жүру | Салт-дәстүр сөйлейді
Ғұсыл-дәретпен жүруКебін екі түрлі болады: бірі – марқұм болған жанды арулап орайтын бөз мата, екіншісі – адамның ғұсыл-дәреті. Діни кітаптарда ғұсылсыз өлген адамның жаназасы шығарылмайды деп жазылған деседі. Ертеректе Үрімжі жерінде бір бай қайтыс болады. Ел-жұрт жиналып жаназасын шығарайын десе, бай сол түні тоқалымен қоныпты. Молда: – Марқұмның ғұсылы бар ма еді? – деп сұрайды жамағаттан. Байдың тоқалы: – «Ғұсылды таңертең аламын» деп ерініп жатып қалып еді. Таңертең тіл тартпай кетті, – дейді жылап-сықтап отырып. Молда: – Ғұсыл – адамның рухани кебіні. Онсыз мен жаназа шығара алмаймын, – дейді. Жұрт: – Енді не істейміз? – дейді.– Пәлен деген жерде түген деген молда бар. Соған барып көріңдер. Кітаптарын ақтарып отырып, бір пәтуа табар, – деп молда кетіп қалады. Байдың ұлы түгенше молдаға барса, ол да пәтуасын таба алмайды. Келесі бір молдаға жібереді. Байдың ұлы оған да барады. Ол молда да шара таппайды. Іздеп жүріп бір молдаға барғанда, ол: – Қашқар қаласында Әзмолда деген дін ғұламасы бар. Бір білсе, сол білер. Болмаса, шара не?! – деп шығарып салады. Байдың ұлы Әзмолдаға барады. Мән-жайды түсінген молда кітаптарын ақтарып отырып, мынадай пәтуа айтады: – Әкеңнің ғұсыл-дәретін түгендеудің бір ғана жолы бар. Оның жаназасына өзіңнен мал шығармайсың. Ел-жұрттан жылу жинап ас бересің, – дейді. Баласы: – Елден жылу жинап не керек? Мал өзімде де жетеді. Қанша керек болса, сонша соя аламын, – дейді.– Жоқ. Өзіңдікі жарамайды. Елді аралап, ағайыннан жылу жинайсың. Көп мал көңілге кір салады. Тәкаппарлыққа ұрындырады. Осынша байлығың бола тұра, қайыршыдай елден жылу жинағанда, кәпір нәпсің езіліп, көңілің кірден ашылады. Алланың қалағаны – осы тазалық. Көңілдің тазалағы арқылы әкеңнің ахуалын жақсарта аласың, – депті. Байдың ұлы еліне келген соң, арланбай халықтан жылу жинапты. Әкесінің жаназасын абыроймен атқарған екен деседі. Қариялар осы оқиғадан соң балаларына: «Ғұсылды таңға қалдырма, қашан өлерің бір Аллаға мәлім», – деп өнеге айтып отырады екен. Исламда ғұсылсыз қадам басқан адамды «жер қарғайды», «жерді арамдайды» деген түсінік бар. Бұл жайында Қашаған жыраудың да «Дін тірегі – ибалық» деген насихатында:...Таң намаздан бейхабарКүн шыққанша жатқаның.Білдің бе шайтан үстіңеЖылы көрпе жапқанын?!Үстің – көрпе, астың – құс,Ойласаң, ұйқы – жаман іс,Ғаламат болар көрген түс.Дәреже көріп жүрсіңдерШайтанның сыйлап, баққанын.Періштелерді қуарсың,Дүниені харам қыларсың,Ғұсылсыз қадам басқаның, – деп айтылған. Ғұсыл-дәреті мұсылман үшін өте маңызды болғандықтан, молдалар: «шариғат бойынша насыбай ататын адамның ғұсыл-дәреті кәміл боп саналмайды. Себебі тістің насыбай қатқан түбіне су толығымнен бармайды» деп үкім беріпті.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
152
Дәрет алып, таза жүр | Салт-дәстүр сөйлейді
Дәрет алып, таза жүр Мұхамбет пайғамбар үнемі дәрет алып, таза жүруді насихаттаған. Дәретсіз адамға жын-пері, шайтан үйір болады. Ол туралы пайғамбар өзінің хадисінде: «Адам баласының көзі ілінген заманда, шайтан оның желкесіне үш түйін байлайды. Сол арқылы адам баласы ұйықтап кететін көрінеді. Ұйқыдан оянған кісі Алла тағаланың есімін аузына алып, «біссімілдә» деп орнынан тұрса, бір түйіні шешіледі, дәрет алып, тазарған кезде, екінші түйіні шешіледі. Намаз оқығанда үшінші түйіні де шешіледі. Адам баласы сонда ғана басқаларға мейірімді болады, әрі серпіліп сергек жүреді, жолы да ашылады, ісі де оңға басады. Бұл үшеуінің біреуін де орындамаған адамның жолы бітеледі. Денесі салданып, ауыр тартып тұрады. Басқаларға мейірімі де болмайды. Қайда барса кедергіге ұшырайды», – деген екен. Қазақтың таза жүрмесең, бар жақсылықтың есігі жабылады. Басыңдағы бақ құсың ұшады. Дәретсіз адамнан қара жер де жиренеді. Күн көзі де жатырқайды. Жатқанда да, тұрғанда да, жүргенде де таза жүрген адамның әр басқан ізінен нұр қалады деуі тектен-текке айтылмаған. *** «Ахуал қиямет» кітабын жазып, халық арасына таратқан Шәді Жәңгірұлы үнемі елді имандылыққа, адамгершілікке шақырып отыратын кісі екен. Шайыр Шаяндағы Аппақ ишан медресесінде он екі пән ілімінен дәріс алған ғұлама жан болыпты. Ол шәкірттеріне: – Барлық жақсылық тазалықтан басталады. Дәреті толық, таза жүрген адамға бәле жоламайды. Періштелер жолдасы болып, жүрегінде нұры тасып жүреді. Кемелдік қасиет те ондай адамға тез қонады. Нас адам көрде де тыныш жата алмайды. Сондықтан шамаларың келгенше, дәрет алып жүріңдер, – деп ақыл айтады екен. Арасында «Ахуал қиямет» қолжазбасынан таза жүруге қатысты шумақтарды оқып береді. Ол мыналар: Мәләк айтар: жалған емес бұл айтқаның, Айтайын осы еді ғой күнәң сенің, Көр азап ақиқатта сідіктен-дүр, Жүрмеді таза болып ағзаларың.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
151
Дәретті сол қолыңмен ал | Салт-дәстүр сөйлейді
Дәретті сол қолыңмен алҚиямет-қайым орнап, махшар майданы кезінде Ұлық Алла әулие, ғұламаларға: – Мұхамбеттің тозақта жатқан үмбеттерін құтқарыңдар, – деп әмір етеді. Әулиелер сәлдесін тозаққа тастайды да: – Әй, Мұхамбеттің қарабет үмбеттері! Мынаған жабысыңдар! Алла сендерді құтқаруға рұқсат етті! – дейді екен. Сол кезде азапта жатқан жандар жапа-тармағай жабыса бастайды. Оң қолымен дәрет алып, лас жүргендер сәлдені былғайды екен. Сонда құтқарушылар: – Тәйт, әрі! Қолың лас! Сәлдені былғайсың, – деп қағып тастайды екен. Осыған орай мұсылмандар тақуалыққа, тазалыққа қатты мән берген.Сол қолымен тамақ ішуге, оң қолымен дәрет алуға тыйым салыныпты.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
150
Аяқты аспанға көтерме | Салт-дәстүр сөйлейді
Аяқты аспанға көтерме Әбілет пен Тәбілеттің аяқтарын көкке көтеріп жататын жаман әдеті болыпты. Осы әдеттерінен тыйыла алмапты. Кейін күнәлі боп, Тәңірі алдына барғанда оларды ерекше жазалайды. Екеуінің аяғын аспаннан келтіріп, салбыратып іліп қояды. – Уа, Тәңірім, неге бізді бұлайша жазаладың? – дегенде Тәңірі тағала:– Сендер үнемі аяқты көкке қаратып жататын едіңдер. Бұл мен үшін жағымсыз қылық деп талай рет ескерттім де. Құлақ аспадыңдар. Енді осы әдепсіз қылықтарың үшін қиямет қайымға дейін тұрасыңдар, – дейді. Осыдан бастап ел арасында аяқты көкке көтеріп жатуға болмайды деген тыйым таралыпты. Көкке аяқ созсаң, Тәңірі шамданады деп сенеді. «Аяғы аспаннан келді», «көктен келді» деген тіркестер Әбілет пен Тәбілеттен қалыпты.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
149
Әруаққа құран бағыштау | Салт-дәстүр сөйлейді
Әруақтарға құран бағыштауӘруаққа құран бағыштаудың сауабы туралы Рабғузидің «Қисса сүл-әнбиясында» мынадай аңыздар бар. Ұлық Алла ешқашан, ештеңеден жаралмаған, әуелден бар зат еді. Әлемнің іші де, тысы да бір өзі. Әлемнен бөлек те емес, бірге де емес құпия қазына болатын. Тәңірі тағала түр-түсі, шет-шегі, бет-келбеті, салмағы, мекені болмайтын мәңгілік құбылыс. Құдай өзінің құпиясын ашып, рухани қазынасы мен шарапатын он сегіз мың ғаламға тарату үшін, өзіне орынбасар жаратуды ұйғарды. Сол кезде тау-тас, орман-ағаш, от-су, аспан-жер барлығы «адамды менен жаратса екен» деп таласады– Мен биікпін, менен жарат, – дейді тау. – Мен әзизбін, менен жарат,– дейді алтын. – Мен тасқынмын, менен жарат, – дейді су. – Мен дүлеймін, менен жарат,– дейді жел. – Мен күштімін, менен жарат, – дейді от. – Мен асқақпын, менен жарат, – дейді аспан. – Мен жұмсақпын, менен жарат, – дейді ағаш. – Мен қаттымын, менен жарат, – дейді тас. Сөйтіп барлығы таласып жатқанда, жер ғана сынықтық танытып: – Мен мақұлық атаулының табанының астында жатамын. Ұлық Алла орынбасарын мұндай қадірсіз заттан жаратпас. Түбім – топырақ. Бүкіл күл-қоқысты маған көмеді, лас суды маған төгеді. Мен бұл құрметке лайықты емеспін, – деп ойлайды. Сонда Алла тұрып: – Әй, тау, сенде бір мін бар, тәкаппарсың, кішіреюді білмейсің. Алтын, сенде бір мін бар, баяның жоқ. Сыртың жылтырақ, ішің қалтырақ. Су, сенде де мін бар, тасығанда өткел бермейсің. Жел, сен – тұрақсызсың, мінезің құбылмалы. От, сенің мінің – қатыгезсің, жанғанда жақсы мен жаманды айырмайсың, жан-жағыңды жайпап кетесің. Аспан, сенің мінің – мақтаншақсың, өзіңнен басқаны көзге ілмейсің. Ағаш, сен – әлсізсің, сынақта сынып кетесің. Тас, сен – мейірімсізсің, жақынға жылуың жоқ, – дейді. Сосын жерге қарап:– Адам тәнін сенен жаратамын, сен – кішіпейілсің. Менің ең жақсы көретін мінез-құлқым осы. Бүкіл тіршілік иесі саған тәуелді болады. Мінезің ауыр, сабырлы. Қойның толған береке. Алтын-күміс, ас-ауқат түгел дерлік сенен өніп шығады. Күллі мақұлық нәжісін саған төксе де, сен одан хош иісті гүл шығарасың. Лас су жерге сіңіп, тәтті бұлаққа айналады. Жасаған жақсылығыңды міндетсіну сенде жоқ. Адам сенен жаралып, өлген соң саған оралады. Адам ұрпағы тірісінде неғұрлым саған ұқсаса, соғұрлым менің алдымда қадірлі болады, – дейді. Осы кезде қара жер Алладан дат сұрайды. – Уа, Жаратқан Ием, адамды менен жаратқаныңа қарсы емеспін. Олар қанша мыңдап жерленсе де, мен олардың денесін шірітіп, тәндерін топыраққа айналдырамын. Бірақ, адам баласы ғапылдықтан күнәні көп жасайды. Олар өмірден өткен кезде, менің қойныма таудай күнәлар арқалап келеді. Сонда олардың ауыртпалығын кім көтереді? Жасаған қиянаттары мен зорлық-зомбылықтары менің де арқама батар, – дейді. – Қара жер қайғырма! Мен шебер Алламын. Олардың күнәсін жойып, саған салмақ салмауға құдіретім жетеді. Мен адам ұрпағына Құран түсіремін. Марқұм болған адамдардың ұрпақтары әруақтарды еске алып, оларға құран оқытып, дұға ететін болса, олардың күнәлары жойылып отырады. Сонда саған да артық жүк түспейді. Мұсылмандар әруаққа құран оқуды тоқтатқанша осылай жалғаса береді, – дейді. Қара жер сонда барып тынышталыпты.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
148
Бүйіріңді таянба | Салт-дәстүр сөйлейді
Бүйіріңді таянба Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған екен. Бірде құлшылық уақыты таяғанда ол ұлдарын ертіп мешітке келеді. Халық жиналып үлгермепті. «Отыз ұлым да бір жамағат қой» деп, жұртты күтпестен, ұлдарымен ғибадатты бастап кетеді. Намазда екі жаққа сәлем беріп жатып, «Расында да өзімнің әулетім бір қауым ел екен» деп астамшылық ойлайды. Намаз бітіп, бата жасаларда отыз ұлы сәждеден тұрмай қалады. Дәуіт секем алып, тіксініп қалады. Астамшылық ойлап, халықты күтпегені үшін Алла оның отыз ұлына сол мезетте қаза жеткергенекен.Сол кезде пайғамбар малдасынқұрып отырған бойы қолын екі бүйіріне таянып қайғырыпты. Содан бері ел арасында біреудің жақыны қайтыс болса, бүйірін таянып отырып аза тұту дәстүрге еніпті. «Бейуақытта екі бүйірін таянуға болмайды, жамандық шақырады» деген түсінік бар.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
147
Қолды жуған соң сілкіме | Салт-дәстүр сөйлейді
Қолды жуған соң сілкімеБірде Ғайса пайғамбар жолаушылап келе жатып Ібілісті көреді. Ібіліс ізіне жүздеген ұрпағын ертіп алып, сап болып кетіп бара жатыр екен. Ғайса: – Әй, Ібіліс, мынаның барлығы балаларың ба? – деп сұрайды. – Иә, балаларым. – Не деген көп! Қалай өсіп, көбейгенсіңдер? – деп таңғалады. Сонда Ібіліс:– Кей адамдар қолын жуған кезде сілкілейді. Сілкігенде шашыраған әр тамшыдан менің балаларым пайда болады. Адам қолын жуғанда«сүлгімен сүртпей сілкісе екен» деп тілеп тұрамын, – депті. Ібілістің жауабын естігенде Ғайсаның жүрегі дір ете қалыпты. Содан бастап ол: «Жуған қолды сілкімеңдер», – деп үгіт-насихат етіпті.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
146
Әулиенің басына кісі жерлеу | Салт-дәстүр сөйлейді
Әулиенің басына кісі жерлеуТүркі даласында Қожа Ахмет Яссауиден басталған «әулиеден шарапат тілеу культі» көшпелі қазақтардың кісі жерлеу ғұрпына да өзгеріс әкелді. Тарих толқынында елге еңбегі сіңген, танымал тұлғаларды Әзірет Сұлтанның басына әкеліп жерлеу дәстүрі пайда болды. Қазіргі таңда соңғы табылған ресми деректерге сәйкес мұнда 170-ке жуық тұлғалар жерленген. Оның ішінде 25 хан-сұлтандар, 26 би-абыздар, 49 батыр, 60-тан аса игі жақсылар бар. Аңыздарды айтпағанда хатқа түсіп, қатталып қалған деректер де баршылық. Солардың бірнешеуін ғана келтіреміз.Қаз дауысты Қазыбек би 1763 жылдары қыс мезгілінде дүниеден өтеді. Оның денесін былғарымен орап, қыс бойы сөренің үстінде сақтайды. Көктем туғанда Бекболат бастаған елу жігіт бидің денесін Әзірет Сұлтанға әкеліп жерлейді. Басына құлпытас орнатады .Бөгенбай батыр 95 жастан асқан шағында дүниеден өтіп, денесін Түркістанға жерлеген екен. «Мәйітін Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мешітіне жерлеу үшін батырдың денесін таза арулап, былғарыға орап, қыс бойы сөреге қойып сақтаған. Абылай ханның жарлығы бойынша 1778 жылы көктемде баласы Тұраналы мен қанжығалы Айтбай Аткелтірұлы бастаған елдің игі жақсылары батырдың сүйегін нарға теңдеп, Түркістанға жеткізіп, Қожа Ахмет Ясауи мешітіне жерлепті». Қазіргі Торғай өңірінен Ақпанбет батыр әкесі Шақшақұлы Жәнібекті Түркістанға әкеліп жерлеген. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Сайрамда, ұрыс даласында қайтыс болған Шекті Тілеу батырдың денесін баласы Жолдыаяқ батыр Әзірет Сұлтанның қасына жерлейді. Артынша ұлының да денесі әкесінің қасына қойылады. Бұл жайында ел аузында: Қалмақтар Жетісуды көктей өтіп,Сайрамды жермен жексен ойран етті.Жан алып, жан беріскен осы ұрыстаБатыр Тілеу ат үстінде қапы кетті.Сарбаздары кеңесіп, ақылдасып,Батыр-бидің сүйегінЯссауи дүрбесіне табыс етті, – деген өлең нұсқалары сақталған.Өкінішке орай, СССР кезінде бұл тарихи тұлғалардың моласы аяусыз қорланған. Басына қойылған белгі тастар жойылған. Соның кесірінен жерленген тұлғалардың толық дерегін білу мүмкін емес. Тіпті, қазақтың ең атақты ханы Абылайдың Яссауи дүрбесіне жерленген мүрдесінің өзін анықтау үлкен дау-дамайға айналды. СССР кезінде үзіліп жалғасын таппай қалған ең киелі дәстүрлердің бірі әулиенің жанына кісі жерлеу ғұрпы болды. Осы дәстүрді үлгі етіп, әулиенің басына жерленуге тырысқан бір-ақ танымал тұлға бар. Ол – Өзбекәлі Жәнібеков. Ол кісінің зираты Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданындағы Арыстан бап әулиенің қорымында жатыр.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
145
Нан қиқымын қастерле | Салт-дәстүр сөйлейді
Нан қиқымын қастерле Бірде Ыбырайым пайғамбар Құдайға: – Уа, Тәңірім! Өзімді бай еттің, төрт түлігімді сай еттің. «Алмақтың да салмағы бар» деген. Мыңғырған малдың сұрауы қиын бола ма деп қорқамын. Артығын қайтып ал. Мен азға қанағат қылайын! – дейді. Тәңірсі оған: – Әй, Ыбырайым, берекем қашып, малым сарқылсын десең, бұдан былай нанды отырып емес, аттың үстінде же! Нанның қиқымы шашылып, жерге түссін! Нан рәсуа болса, берекең кетеді. Мен ырысты нанның қиқымына жасырғам. Сен ас жегенде бір түйірін де жерге түсірмей, етегіңе салып жинап аласың. Сондықтан береке дарып, саған дәулет тез бітті, – депті. «Нан қиқымын теріп же, бай боласың» деген сөз Ыбырайымнан қалыпты деседі . Осы тыйымға орай ел ішінде мынадай да қызық аңыз сақталған. Ертеде ағайынды жалшы жігіттер байдың қойын бағып жүреді екен. Бай олардың еңбек ақысына бір жапырақ нан мен бір кесе сүт береді екен. Бір күні ағасы нан жеп отырып, оның қоқымын жерге түсіріп алады. «Ысырап болды ғой» деп, нанды іздей бастайды. Кеш батып, қас қарайып қалған кез екен. Ол нанның қоқымы түскен жерге таяғын қадап кетеді де, «ертең жарық кезде келіп, тауып алармын» деп ойлайды. Ертесіне келсе, таяғы қап-қатты, ауыр темірге айналып кетіпті. Оны жерден әрең дегенде суырып алады. Қараса, темір дегені алтын екен. Жігіт бір күнде байып шыға келеді. Ертесіне інісі қалай байығанын сұрайды. Ағасы болған жайтты айтып береді. Інісі де ертесіне нанды жерге шашып, қоқым түскен жердің бәріне ағаш қадап кетеді. Таңертең келіп қараса, ағаштары алтынға емес, сом темірге айналыпты. Ниетінде кінәраты бар інісі ақжүрек ағасы сияқты бай бола алмапты.Нанның қиқымын қадірлеу туралы ғибратты аңыздар миғраж оқиғасында да айтылады. Мұхамбет пайғамбар миғражға барғанда бір адамды көреді. Ол түйенің үстіне мініп алыпты. Қолында ұзын, инедей жұқа таяғы бар екен. Сонымен тау-тасты шұқып, бір нәрсе іздеп жүреді. Әлсін-әлсін бір құс келіп, оның басынан шұқып өтеді екен. Пайғамбар Жебірейілден: – Бұл кім? Не қылған пенде? – деп сұрайды. Жебірейіл періште: – Бұл адам пәни дүниеде нанның қиқымын бейберекет шашып жеген. Ысырап, обал дегенді білмеген. Ысырапшылығы үшін Алла тағала ол адамға махшар алаңында жер бетінде өзі түсірген нанның қиқымын түйенің үстінде тұрып тергізеді, – дейді. – Ал құс не үшін оның басын қайта-қайта шұқып кетеді? – Ол нанның қиқымын таптап жүре беретін еді. Жинауға ерінетін. Нанның обалы қара құсқа айналып, төбесінен осылай шұқып кетеді, – деп жауап береді. Пайғамбарымыз миғраждан келгесін сахабаларына нанның қиқымын шашпау, теріп алып қастерлеу туралы өсиет айтқан екен. Осы өсиет бізге жетіп, қазақтар «пайғамбар сүндеті» деп нанды қатты құрметтейтін болыпты. Бертінге дейін қазақ арасында «нанның қиқымын шашпаңдар, обал болады. Құт-берекені періштелер мен хордың қыздары нанның қиқымына жасырады. Қиқымды теріп жесең, бай боласың» деген де түсінік болған-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
144
Сәлемдесу үлгісі | Салт-дәстүр сөйлейді
Сәлемдесу үлгісіПайғамбар миғраждан үмбетіне тоғыз қасиетті зат әкеліпті. Олар: жастық, жайнамаз, бөрік, шапан, орамал, намаз, дастархан, Құран, сәлемдесу үлгісі екен. Пайғамбар миғражға көтерілгенде алдынан періштелер шығып: – Ассалаумалейкум, әлемнің рақымы! – деп сәлем береді. – Уалейкүмсалам! – деп жауап береді. Мұндағы «Ассалаумалейкум» сөзі «Алланың нұры жаусын, бар жақсылықты нәсіп етсін» деген мағынаны береді. «Уалейкүмсалам!» – деп сәлемін қабыл алғанда, «Саған да Алланың сәлемі мен игілігі болсын» деген тілек айтылады. Тәңірсі миғражда пайғамбарға: – Үмбетіңе сәлемді парыз етемін! Бір-біріне сәлем берсін! Кім көп сәлем берсе, менің нұрым мен рақметіме бөленеді! – дейді. Пайғамбар миғраждан келген соң, үмбетіне Алланың сөзін жеткізіпті. Екінші бір аңыздарда Ібіліс жаңадан жолыққан екі адамның арасына от салуға дайын тұрады екен. Олар: «Ассалаумалейкум!» – деп сәлемдессе, Ібілістің жоспары күйрейді екен. Әлімсақта Алла Адам атаға: – Періштелерге «Ассалаумалейкум!» деп сәлем бер! – дейді. Адам ата оларға сәлем береді. Періштелер: – Уалейкүмсалам, Алланың халифасы! – деп сәлемін қабыл алады. Сол кезде Тәңірден әуез келіп:– Әй, Адам, бұдан былай сәлем беру ұрпағыңа үлгі болсын! – дейді. Адам ата мен періштелердің алғашқы сәлемдесуі адамзатқа өнеге, дәстүр болып орныққан екен . Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» деген естелік кітабында сәлем беру дәстүрі жайлы былай деп жазады: «... Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жанбастай жайғасып, баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем дастархан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да, құлағыма: «Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?» – деп сыбырлады. Мен қатты қызарақтап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассалаумалейкум, аталар!» – деп әр сөзімді қадап-қадап айттым. Бұған, әрине, бәрі күлісіп жатыр. Әйткенмен, мені араз етіп алмау үшін бәрі де бірауыздан: «Уалейкүмсалам!» – десті. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтады. Жақсы сөзге мәз болып мен әкемнің тізесін ала жайғастым. Ол басымнан сипап отырып: – «Жарайсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді», – дейтін-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
143
Бесікке бөлеу дәстүрі | Салт-дәстүр сөйлейді
Бесікке бөлеу дәстүрі Бесік Айырқалпақ Айдаһар бидің заманында дүниеге келген деседі. Ол кезде ұлан-байтақ даланы Мизам баб қорғайды екен. Қара қытайлар Сарыарқаның кеңдігіне қызығып, жиі шабуыл жасап отырады. Бірақ Мизам бабқа шамасы жетпей, үнемі жеңіліс табады екен. Мизам баб ағаш егуді, бау-бақша жасауды кәсіп етеді. Жұрт «ағаштың пірі – Мизам баб» деп атайды. Аңызда Жетісу мен Алтай өңіріндегі ну орман Мизам бабтың еккен ағашынан шыққан деседі. Ол жүз елу жыл жасап қайтыс болыпты. Бабтың дүниеден қайтқанын естіген қытайлар бір күнде келіп, оның орманын өртеп жібереді. Бұл кезде Мизамның баласы Айдаһар алыста жүр екен. Әкесі түсінде аян беріп: «Пейілі тар қаскүнем менің орманымды өртеді», – дейді. Айдаһар би ертесіне жетіп келеді. Орман түгелімен жанып кетіпті. Тек бірлі-жарым тобылғының қисық бұтақтары ғана оттан аман қалған екен. Айдаһар әкесіне Құран бағыштап, қисық ағаштарды өзімен бірге ала кетеді. Бір күні Айдаһардың сәбиі уанбай, жылай беріпті. Әйелі екеуі не істерін білмей қиналады. Емші-тәуіптерді жағаласа да, баласы жұбанбайды. Би қатты сасады. Қызының жылағанына шыдай алмай, далаға шығып кетеді де, Құдайдан медет тілейді. Бір уақта қызының дыбысы шықпай қалады. «Бір нәрсе болды ма екен» деп үйге жүгіріп келсе, қызының жанында ақ киімді бір кісі отырады. Ол жанбай қалған тобылғының қисық бұтағына бөпені салып тербетіп отыр екен. Айдаһар жақындағанда көзден ғайып болады. Би мұны «Құдайдан келген ишарат» деп түсінеді. Түнімен қисық ағаштарды құрастырып отырып, бесікті жасап шығады. Сәбиін соған салғанда ол жұбанып, тәтті ұйқының құшағында тербелген екен. Бесіктің пайда болуы аңызда осылай баяндалады. Бесік ең алғаш тобылғыдан жасалғандықтан, ол қасиетті ағаштардың біріне айналыпты. Одан бесік, қамшы, ыдыс-аяқтар жасапты. «Бесікті отқа жақпа», «аяқасты етпе», «қадірлеп ұста» деген ырымдар осыдан кейін шыға бастаған екен. Тобылғы бесікте тербелген сәби «арыстандай топ жарады, жолбарыстай жол тосады» деп ырымдайды.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
142
Қызды төрге шығару | Салт-дәстүр сөйлейді
Қызды төрге шығару Нұх пайғамбардың Хам, Сам, Жаппас атты үш ұлы мен Уәсила деген қызы болыпты. Пайғамбар үнемі қызына құрмет көрсетіп, мүлде дауыс көтермейді екен. Қызы да әкенің қалауын қабағынан түсінетін сұңғыла болып өседі. Нұх дастарқан басында отырғанда үнемі қызын үш ұлынан жоғары, төрге отырғызады екен. Бұл үлкен ұлы Самның көңіліне күдік салыпты. «Уәсиланың жасы бізден кіші. Неге менен жоғары отыруы керек. Әкеміз бізді алалайды-ау» деп ойлайды. Бір күні дастарқанда отырғанда: – Әке, Уәсила кіші болса да, неге бізден жоғары отыруы керек? Ұлдың мәртебесі қашан да биік емес пе? – дейді. Нұх: – Біздің ырзық-несібеміздің көп болуы Уәсилаға байланысты. Құт қызды жағалап жүреді. Оны босағаға отырғызсаң, шамданады. Төрге шығарсаң, қуанады. Орны жайлы болса, дастарқаннан ас-тағамды үзбейді. Тұрмысыңды түзейді, – депті. Содан бастап Нұхтың үш ұлы қарындасын төрге шығарып, құрмет көрсететін болыпты. Үш ұлынан өрбіген ұрпақ бұл жоралғыны сақтап, берік ұстайды. Қазақ арасында «Қызыңды төрге отырғыз!», «Қызды босағаға отырғызба!» деген талап-ырымдар осыдан шыққан екен.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
141
Тұсау кесу | Салт-дәстүр сөйлейді
Тұсау кесуТәңірі тағала Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлықты жаратып, жер бетіне жібереді. Олар өте ажарлы, сұлу болған екен. Бір-бірін ұнатып қалады. Тәңірсі екеуіне: – Некелерің қиылмай, бір-біріңе қосылмаңдар! – деп ескертеді. Бір күні екеуі шыдай алмай, бір-біріне қосылып қояды. Дүниедегі ең алғашқы зинақорлық осыдан басталыпты. Діни аңыздарда қиямет-қайымда зинақор адамдар Әбілет пен Тәбілеттің қауымында тіріледі екен деседі. Некесіз қатынастан дүниеге Ібіліс келеді. Адам ата мен Хауа ананы жер бетіне жіберер кезде Ұлық Алла оларға да ескертіп: – Некелерің қиылмай қосылмаңдар! – дейді. Адам ата мен Хауа ана: «Мақұл!» – деп уәде береді. Бірақ, ол заманда Ібіліс малғұн атанып, оларды азғырып, тура жолдан тайдыруға серт берген кезі екен. Жаппар Хақ Жебірейілге:– Адам мен Хауаның аяғын тұсаула! Жерге табаны тиген соң, тұсауларын кес! Ібілістің азғыруына еріп, тура жолдан таймасын! – дейді. Жебірейіл олардың аяғын көк шөппен байлаған екен. Жерге түскен соң тұсауларын кеседі. Некелерін қияды. Кейін бұл оқиға дәстүрге айналады. Содан бастап жаңа туған баланың табаны жерге тиер кезде тұсауын кесіп, күрмеуін шешеді екен. «Баламыз алғаш қара жерге қадам басты, тура жолдан таймасын» деп ырымдайды. Тұсауы кесілмеген сәбидің иманы әлсіз болады деген де түсінік бар.Тұсау кесер кезде Адам ата мен Хауаның арасы жеті қадам болған екен. Жебірейіл Адамды жеті қадам жүргізіп барып, Хауаға қосады. Осыған орай сәбидің тұсауын кесуші адам оны жеті қадам жүргізіп барып кесу салты сақталыпты. Баланың тұсауын көк шөппен, малдың тоқ ішегімен, ала жіппен кеседі. Ала жіппен кесерде өзгенің «ала жібін аттамасын», яғни «біреудің дүниесіне көзін тікпесін, қолын сұқпасын» деп ырымдайды. Тоқ ішікті байлағанда «бай болсын, дәулетті болсын» деп тілек тілейді. Бұл жерде тұсауды өткір пышақпен, жүзін көкке қаратып кесу дәстүрге енген.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
140
Қолға су құю | Салт-дәстүр сөйлейді
Қолға су құю Қазақ халқында үйге қонақ келгенде жас баланың қолына құман беріп, мойнына сүлгі асып, ас ішердің алдында қолға су құйғызатын дәстүр бар. Аңыз бойынша бұл дәстүр Сүлеймен пайғамбардан қалған деседі. Дәуіт пайғамбар отыз ұлынан айрылған соң қайғыдан қан жұтады. Тәңірсі оны жұбату үшін оған тағы бір ұл сыйлайды. Бірақ Жебірейіл періште келіп:– Әй, Дәуіт! Жаппар Хақ саған бір ұл нәсіп етеді. Бірақ шарты бар: ол баланың қызығын тоғыз жыл ғана көресің. Осыған ризасың ба? – дейді. Дәуіт іштей қынжылса да: «Жаппар иемнің әміріне не қылса да, ризамын», – деп келіседі. Көп ұзамай ұлды болып, есімін Сүлеймен қояды. Дәуіт патша болғандықтан, оның сарайына күн сайын жүздеген адам қонаққа келеді екен. Сол кезде жеті жасар Сүлейменді бір қолына құман, бір қолына сүлгі ұстатып, сарайдың алдында қызметке қояды. Бала күні бойы кірген-шыққан қонақтың қолына су құйып, алғысын алады. Оның адал қызметіне риза болған қонақтар: – Ғұмыр жасың ұзақ болсын! – Құдайдың сүйікті құлы бол!– Басыңнан бақ, астыңнан тақ кетпесін!– Әділ патша бол!– Екі дүниенің сырын біл!– Дұшпаныңа қатал, досыңа адал бол! – Ғалым бол! – деп, тоқсан тоғыз түрлі тілек айтып, бата береді екен. Арада он бес жыл өтеді. Сүлейменнің бұғанасы бекіп, қабырғасы қатайып, ойы да, бойы да өсіп, азамат болып ер жетеді. Бір күні Дәуіт Құдайдан: – Уа, Тәңірім, маған ұлыңның қызығын тоғыз жыл ғана көресің деп едің. Бұл не хикмет? – деп сұрайды. Ұлық Алла: – Рас айтасың. Сүлейменнің пешенесіне тоғыз жылдық ғұмыр жаздым. Бірақ зерек ұлың қонаққа қызмет етуден шаршамады. Ақсақалдардың батасын алуға құмар болды. Күн сайын жұрт оған менің 99 есімімді айтып, шын жүректен алғыс жаудырып, батасын береді. Көптің алғысымен оның ғұмыр жасы ұзарды. Менің бір есімім – Халық. Халықтың тілегін қабыл етпеу ұлықтығыма сын болар. Бүгіннен бастап Сүлейменге 99 түрлі мұғжиза беремін. Жердегі бүкіл тау-тас, аң-құс, он сегіз мың ғаламға патша қыламын! – деді. Содан бастап Сүлейменге дарымаған керемет қалмапты деседі. Осыған орай «Сүлеймен де су құйған», «Су иесі Сүлеймен» деген сөздер ел арасына таралыпты. Қазір де қазақ халқы үйге қонақ келгенде жас баласының қолына құман мен сүлгі беріп: «Үлкен кісілердің батасын ал», – деп су құйғызады. «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген тәмсіл сөз Сүлейменнен қалған екен.Қонақтың қолына құманмен су құюға байланысты ел аузында мынадай бір хикая сақталған. 1945 жылы соғыстан қайтқан бір жауынгер еліне келіп, ас беріп, Құран оқытады. Жауынгердің өзі қонақтардың қолына су құйып, бәйек болып, құрақ ұшады. «Беріңіз, аға, мен құяйын!», – деген жас балаларға кезек бермепті. Қонақтар үйіне қайтқан соң жауынгер ауырып, төсек тартып жатып қалады. Көңілін сұрай келген ағайындарына ол: – Майданда жүргенде Құдайдан күндіз-түні: «Иә, Алла, тек туған жеріме аман жеткізе гөр. Жат жерде өлуден сақта. Атамекеніме табаным тигесін, жанымды алсаң ризамын», – деп тілеуші едім. Дұғам қабыл болып, Отанға аман-есен оралдым. Ел ішінде ұзақ жасағым да келді. Көптің батасын алсам, бір шарапаты тиер ме деп құманмен де өзім су құйдым. Бірақ батаны аямай жаудырған жұрт: «Ғұмырың ұзақ болсын! Жүз жаса!» – деп бір тілек айтпады ғой. Егер осылай дегенде, Алла көптің тілегін қабыл етіп, өмірімді ұзартар ма еді, кім білсін... Амал нешік, енді қайтып басымды көтермеспін. Себебі, соғыста елге жеткен соң жанымды алсаң ризамын деген сертім бар. Сол сертім жібермеді білемін, – депті. Содан көп ұзамай дүниеден өтіпті.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
139
Үлкенді құрметте | Салт-дәстүр сөйлейді
Үлкенді құрметтеҚазақта үлкенді құрметте, жол бер, көліктен түсіп сәлем бер деген әдеп-талаптары бар. Заманында Жүсіп пайғамбардың әкесі он ұлын ертіп, Мысырға келе жатады. Жүсіп оларды қарсы алу үшін алдарынан шығады. Ол аттан түсейін деп жатқанда бір уәзірі: – Тақсыр, келе жатқан әкең болса да, аттан түспей амандас. Мысыр патшалығының айбынды абыройын сақтау керек. Олар саған кіріптар болып келе жатыр, – дейді. Жүсіп: – Құдай әкесіне құрмет көрсетпегендерді сүймейді, – дейді. – Алла сенің ниетіңді жүрегіңнен көріп тұр. Кешірімді кең Құдай сендей пайғамбардың кішкене күнәсін кешпегенде, кімнің күнәсін кешеді дейсің? – дейді уәзірі. Жүсіп осы сөзге иланып қалады. Әкесіне аттан түспей сәлем береді. Бұл Алла сүймейтін әдепсіз қылық еді. Осы әдепсіздігі үшін ұлық Алла Жүсіпті жазалайды. Әдетте Алланың әмірімен пайғамбардың денесі көмілсе де, топырақта шірімей саламат сақталатын. Жүсіптің мәйітіне ондай бақыт бұйырмайды. Тәні топыраққа сіңіп жоғалады. Қала берді, Тәңірсі Жүсіптің ұрпағынан пайғамбар шығармайды. Содан бастап «Егде адамға көлік үстінде сәлем берме» деген тыйым шыққан екен. Қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі аушадияр жанрында да осы көркем әдеп үлгісі көрініс тапқан:Ау, шадияр – жиырма үш, Ақыл-қайрат бойға күш. Жасы үлкенге кез болсаң, Сәлем беріп аттан түс.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
138
Үһлеме | Салт-дәстүр сөйлейді
Үһлеме Ертеде бір жігіттің қарт шешесі болыпты. Шешесі ауырып, төсек тартып жатып қалады. Жігіт отын шауып, оны қалаға сатады екен. Шешесі күнде баласының қамын ойлап, төсекте отырады. Баласы кешке үйге келгенде: – Балам, шаршамадың ба? – деп сұрайды екен. Баласы шаршаса да, білдірмей:– Шаршағаным жоқ, апа! – деп жауап береді. Бұл сөз ауру шешесіне кішкене де болса қуат берді екен. Бір күні баласы жұмыстан шаршап келеді. Жанына батқан ауырлығы шаршатты ма, баласы ошақтың жанына жылынып отырып, аһлап-уһлейді. Шешесі ұлының қатты қажығанын сезеді. Баласының жағдайы жанына батқан шешесі ұлын түнімен уайымдап, жүрегі қысыла бастапты. Баласы еш шара жасай алмай отырып қалады. Таң ата шешесі сары уайымнан жантәсілім болыпты. Баласы анасының жүрегіне қайғының дертін салғанына өкініп, өкіріп жылапты. Содан бері ата-анаңның жанында отырғанда аһлап-уһлеуге болмайды, олардың жанына батады деген тыйым пайда болыпты. Екінші бір аңызда Мұхамбет пайғамбар дүниеге келген кезде Ібіліс «аһ-уһ» деп күрсініп, қайғырған екен деп айтылады.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
137
Бос бесікті тербетпе | Салт-дәстүр сөйлейді
Бос бесікті тербетпеБос тұрған бесікке Ібіліс баласын салып қояды екен. Бос бесікті тербеткен шайтанның баласын тербеткенмен бірдей. Сондықтан «бос бесікті тербетпе» деп тыйым етеді. Ібілістің баласы бос бесікте жасырынып жатады екен. Сәбиді бөлер кезде отпен аластамаса, жасырынып жатқан шайтан баланың ішінен нұқи береді. Содан сәбидің іші ауырады. Мазасы қашады. Сондықтан бөпені бесікке бөлерде аршамен, адыраспанмен болмаса жеті шырпымен аластаған жөн деген дәстүр шығыпты.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
136
Қыз баланы құрметте | Салт-дәстүр сөйлейді
Қыз баланы құрметтеБаяғыда бір жігіттің жалғыз аты болыпты. Бір жаққа шыққанда, қарындасы оның атын қарауылдайды екен. Бірде қарындасы аттан көз жазып қалыпты. Ағасы:– Ат қайда? – деп сұрайды. Қарындасы:– Көз жазып қалдым, – дейді. Ағасы ашуланып:– Жоғал, онда, – деп қарындасына қолы тиеді. Қыз ағасына өкпелеп, басы ауған жаққа кетіп қалады. Жолда келе жатып: – Бүйткен ағам бар болсын. Онан да тас бауыр құсқа айналып кеткенім жақсы емес пе? – дейді. Содан тілегі қабыл болып, заматта құсқа айналып кеткен екен.Ертеңіне ағасы қарындасын іздеп шықса, бір жалғыз ағаштың түбінен қарындасының киімдерін көреді. Ағаштың бұтағында бір құс қонып отыр екен. Жақын барса, әлгі құс: – Көк, көк, – деп дыбыстайды екен. Қарындасы бұрын ағасын «көке» деп атайды екен. Құстың «көк, көк» деп дыбыстағаны «көке» дегені екен. Ағасы қарындасын танып, оны ренжіткеніне қатты өкініпті. Аңыздың айтуынша, ағасы қатты қайғырғаны сонша, самай шашы ағарып кетіпті. Ал беймәлім құс содан бастап ел арасында «көкек» атаныпты. Көкектің өз атын өзі шақырады дейтіні «көкесінің» атын атағанына байланысты деседі. Осыдан бастан ел ішінде «қыз баланы ренжітпеу керек, қарындасына қол көтеруге болмайды» деген ырым-тыйым пайда болыпты. Қарындасты қадірлеу жөнінде тағы бір аңыз былай сөйлейді. Қорқыт ата қырық жыл өлімнен қашады. Ажалға айла таптырмай ұзақ жасапты. Өлімге себеп болар барлық апаттың алдын алып, аралда қобызын зарлатып отырады екен. Оған шәкірттері тостақпен ас әкеліп тұрыпты. Бір күні қарақұрт тостаққа жабысып аралға өтіп кетеді. Қорқыт ауқаттанып отырғанда өрмекші башпайын шағып алады. Қорқыт қарақұрттың уынан ісініп, дірілдеп, жаналқымға келеді. Соңғы демі үзілер шақта шәкірттеріне: – Мені кебіндеп жерлегенде сол аяғымның башпайларын көмбей, сыртқа шығарып тастаңдар, – деп өсиет айтады. Шәкірттері: – Баба, неге олай дейсіз? – дейді. – Себебі бозбала шағымда сол аяғымның башпайықарындасыма тиіп кетіп еді. Қарындасына қолы, не аяғы тигендердің көрдегі азабы қатты болады. Осы қателіктің өкініші өзекті өртеп кетті. Көмілмеген аяғым кейінгі ұрпаққа өнеге болсын. Қыз баланы ұрып-соқпаңдар. Құдайдың қаһарына ұшырайсыңдар, – депті жарықтық. Қорқыттың оқиғасы қыз баланы құрметтеп, оған қол көтеруге тыйым салған дәстүрге себеп болған екен.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
135
Нан қиқымының шарапаты | Салт-дәстүр сөйлейді
Нан қиқымының шарапатыДіни аңыздарда перғауынның саусақтары тозақ отына күймейді деп айтылады. Мұса пайғамбарға қиянат жасап, оның қауымын азапқа душар қылған перғауын Алланың қаһарына ұшырайды. Әскерімен бірге қызыл теңізге қарық болыпты. Алайда оның бір ғана Құдай сүйер ісі болыпты. Ол тамақтан соң дастархандағы қалған-құтқан нан қоқымын саусақтарымен сыпырып жеп қояды екен. Осы қылығы үшін Құдай оның саусақтарын отқа жандырмай, сау-сәлемет сақтаған дейді-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
134
Азан шақыру дәстүрі | Салт-дәстүр сөйлейді
Азан шақыру дәстүрі Ескі кітаптарда «тағдыр тақтасының кілті – азан» деп айтылады. Адам тілек айтар алдында азан шақырса, «тағдыр тақтасы» кітабының кілті ашылады, тілеген бар тілек сонда жазылады. Адам тілек тілеп болып, бетін сипағанда «тағдыр кітабы» қайта жабылады. Егер бетін сипамаса, жын-перілер келіп адамның пешенесіне жаман жолға өзгертіп жібереді деп сенеді. Бұл дәстүрді «азан айту» немесе «азан шақыру» деп атайды. Әлі күнге дейін Қытай қазақтарының арасында кеңінен таныс. Ал тәуелсіз Қазақстан аумағында Қазан революциясына дейін болған. Қазір азан тек намаз оқитын кезде және балаға есім қоятын кезде айтылады. Этногроф Болат Бопайұлының айтуынша, «азан шақыру» – қазақ арасынан жоғалған дәстүрлердің бірі. Ал, Қытай қазақтарында біреу үй салса, үйленсе немесе баласы оқуға сапарға аттанса, артынан ата-анасы, туған туыстары дауыстап азан айтып, артынша қолын жайып тілек тілейді.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
133
Ит көйлек кигізу | Салт-дәстүр сөйлейді
Балаға ит көйлек кигізуДүние есігін ашқан сәбиге ең алғаш тігісін сыртына қаратып, киім тігіп кигізеді. Бұл киімнің атын «ит көйлек» немесе «ит жейде» деп атаған. Киімнің бұлай аталуы жайында мынадай қызық аңыз бар. Тәңірі тағала адамның мүсінін жасағанда, оның кіндігінен алынған бір шөкім балшықтан итті жаратады. Иттің үнемі адамнан айырылмай, қайда барса да, иесінің мал-мүлкін қорып, адамға серік болып жүретін себебі сол екен. Кіндік балшығынан жаралған соң, алғашында оның терісі түксіз, жалаңаш болыпты.Адам ата жаралған соң, оны қырық күн, қырық түн ит күзетіпті. Ібіліс Адамға жақын келіп: – Алла сені несіне жаратқан?! Түрің құрысын! – деп, Адамның бетіне түкіріп жібереді. Сол сәтте ит Адамды қорғап, Ібіліске тап береді. Ібіліс итке ашуланып, қаһарын төгеді. Ібілістің қаһары асып түсіп, ит тоңып өледі. Алла тағала иттің ерлігіне риза болып, оны қайта тірілтіп, денесін жүні қалың терімен қаптайды. Адамның шаңырағынан мекен береді. Ал Ібіліс Адам бетіне түкіргендіктен, адам әр түрлі кеселге шалдығатын болыпты.Ит Адам ата мен Хауа ана жер бетіне түскен кезде де алғаш рет соларға сенімді серік болыпты. Оларды бәле-жаладан, қауіп-қатерден құтқарып, қорған болған екен. Жаңа туған баланы да пәле-жәледен қорғасын деп ит көйлек кигізіп ырымдау содан қалыпты. Ит көйлекті бала қырқынан шыққанша кигізеді. Оны шыт, сиса, бәтес, бөз сияқты жұмсақ маталардан жасайды. Тысын сыртына қаратып, шетін бүкпей пішеді. Жағасын ойып, өңіріне баланың басын сыятындай етіп тік тілік жасайды. Баланы қырқынан шығарғасын ит көйлекті далаға тастамайды. Дауға барған адамдар, жауға шапқан батырлар баласының ит жейдесін қойнына тығып, өзімен бірге ала жүрген. Себебі, «көйлек қауіп-қатерден, пәле-жаладан сақтайды» деп ырымдаған. Баласы жоқ әйелдерге ит көйлекті ырым етіп береді.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
132
Ауызға түкірту ырымы | Салт-дәстүр сөйлейді
Жас баланың аузына түкіртуҚызыр ата бірде Әзірет Сұлтанға қонаққа келеді. Ясауи бабамыз шәкірттерін отынға жұмсайды. Жолда жаңбыр жауып, әкелген отынның бәрі су болады. Бықсып жанбайды. Сүлеймен есімді шәкірттің ғана ағашы құрғақ екен. Асты соның отынымен пісіреді. Қызыр: – Ұлым, сенің шөпшегің неге құрғақ? – дейді. Бала: – Мен отынды шапаныммен орап, су тигізбей әкелдім, – дейді. Баланың зеректігіне риза болған Қызыр: – Балам, сенің атың «Хәкім» болсын. Алла саған хикмет берсін, – деп бата беріп, оның аузына түкіреді. Қызырдан шарапат жұғып, Сүлеймен хикметке жүйрік болады. Құранның мағыналы сырларын өлеңге қосып жырлайды. Ел-жұрт оның хикметтерін жаттап, Құранға сауаты ашылады. Содан бері сыйлы қонақтарға сәбидің аузына түкірту дәстүрі пайда болады. «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат» деген сөз осыдан қалса керек.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
131
Жақсы есім таңдау | Салт-дәстүр сөйлейді
Жақсы есім таңдау Адам ата мен Хауа анаға Жаппар Хақ бір бала беріпті. Екеуі кей кездері балаға таласып қалады екен. Бірі: – Менің балам, – десе, бірі: – Менікі, – депті. Екеуінің арасында алғаш талас, жанжал болыпты. Мұны көріп тұрған Алла баланы көгершінге айналдырып жібереді де: – Бала екеуіңе де ортақ. Біріңнің қуатыңмен, біріңнің шуағыңмен дүниеге келді. Бұдан былай таласпаңдар, тату болыңдар! Алғашқы балаларың көгершінге айналып, көкте ұшады. Осы татулықтарыңның белгісі болады, – депті. Көгершін қазақ түсінігінде Адам атаның алғашқы баласы екен. Ер мен әйелдің кейде «бұл менің балам, жоқ, менің балам» деп таласып қалатыны осы оқиғаның жұрыны деседі. Хауа анамыз екінші рет құрсақ көтеріп, бір ұл, бір қыз туады. Адам ата «Ұлыма қандай ат қою керек екенін Алладан сұрайын» деп тауға кетеді. Сол кезде Ібіліс малғұн періште кейпінде Хауа анаға келіп:– Мені Алла жіберді. Ұлына «Қабылхарис деп ат қойсын!» деп айтты», – дейді. Харис Ібілістің бір есімі еді. Хауа ана баласының құлағына «Қабылхарис» деп азан шақырып ат қояды. Адам ата таудан келгенде Ібілістің ат қоюға араласқанын біліп, қатты алаңдапты. Кейін есейген соң Қабылдың Ібілістің арбауына тез көніп, бауыры Әбілді өлтіруіне осы есімі әсер еткен деседі. Осы оқиғадан соң әйел адамның балаға азан шақырып ат қоюына тыйым салынады. Ат қойған кезде де жақсы, рухани мәнді атты таңдап қою жоралғы болып жетіпті. Осыған орай бертіндегі қазақ сахарасында өткен мынадай оқиғаны айта кетудің сәті түсіп тұр. Абыз бидің батасын алмақ боп үш жігіт ел сыйлаған шешен қарияға келеді. Серікбай мен Жаманқұлдың сөзін тыңдап, оларға өзінше баға берген би үшінші жігітке қарап: – Шын асылдың көзінде жасыл от болады деуші еді. Қарағым-ай, ныпсыңды айтшы, – депті. Сонда әлгі жігіт: – Әкемнің аты – Аманбала, өзімнің есімім – Кәріпжан, – дей бергенде, Абыз би бармағын тістеп, тіксініп қалыпты. – Қап-ай! «Ат аспаннан, нұр пейіштен» деуші еді. Ой, пәле-ай, бекер болған екен. Әкең бұл атты бекер қойған ғой саған, – деп басын шайқаған Абыз би отырып былай деп бата берген екен:Ырысын жауға бермес,Намысын дауға жібермес,Елдің ері, кісі танысам, сен боларсың, Бірақ, қарағым, түбі бір нәрседен кем боларсың!Кәріпжан қартайған кезінде: «Жаманға бұйырған көп жақсы аттың бірін әкем маған неғып қимады екен?» – деп налиды екен. Өйткені, қара қылды қақ жарған әділ би өз кіндігінен перзент көрмепті. Сондықтан сәбиге көркем есім қою ата-ананың міндеті саналыпты-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
130
Құт қойдың құлағында | Салт-дәстүр сөйлейді
Құт қойдың құлағында Ертеде Сырлыбек деген кісінің үйіне қонақ түседі. Ол ит-құстың тілін біледі екен. Қонақ үйде отырып сырттан ұлыған қасқырдың даусын естиді. Оған ит арпылдап үреді. Қасқыр: – Әй, ит екеш, інім. Әлімсақтан екеуміз туыс едік. Алла менің жеті несібемді желден, бір несібемді үйден жаратқан. Бүгін көзім осы ауылға түсті. Маған бір қой бер! – дейді. – Қасеке, менің тоқтығым осы қойлардың амандығы емес пе? Қойды алдырсам, қожайынға ұятты болмаймын ба? – деп ит көнбейді. Қасқыр: – Ендеше, қонағыңның атын бер! – дейді қасқыр. – Қазір босағадан сығалаймын. Қонақ маған сүйек берсе, аттын қорғаймын. Егер сараң болса, ала бер! – дейді. Қонақ мұның бәрін естіп отырады.Бір уақытта, қонаққа ет тартылды-ау дегенде, ит жайлап келіп, босағаны сығалайды. Қонақ итке қолындағы жамбас сүйегін лақтырып жібереді. Мұны отағасы түсінбейді. Кәде етіп, сыйлап берген асымды далаға тепкені несі деп іштей ренжиді. Тамақ желініп болған соң, бәрі ұйқыға кетеді. Таңертең қонақ абыр-сабыр айқайдан оянады. Түнде қасқыр шауып, қорадағы қойларды айдап кетіпті. Үй иесі қонаққа:– «Қонақ жақсы болса, қой егіз табады, жаман болса, қораға қасқыр шабады» деген. Пиғылың лас екен, – деп ренжиді. Қонақ сыртқа шықса, батысқа қарай екі ізді, шығысқа жүрген төрт ізді байқайды. Қожайынға: – Қам жеме, қойың аман! Шығыста жайылып жүр. Ал, итің қасқырмен жан алысып, жан берісіп жатыр. Батысқа кеткен із соны меңзейді. Итіңнің артынан барма! Ол "ием келді" деп саған алаңдап, қасқырға алдыруы мүмкін. Қасқырдың артынан барсаң, ол сасқаннан артына қарайды. Итің бас салып талайды, – дейді. Сырлыбек қонақты ертіп, қасқырдың ізімен жүреді. Айтқандай, ит пен қасқыр бір-бірін ала алмай, көзбен арбасып тұр екен. Қасқыр адамды иісінен танып, жалт бұрылғанда ит тамағынан шап береді. Қасқыр жеңіледі. Сырлыбек қонағын ертіп шығысқа барса, сай ішінде қойлары жайылып жүреді. Буаз қойы егіз тауап, қозыларын емізіп тұр екен. Сырлыбек қуанып: – Аңдамай, ашумен айтқан сөзімді кешір! Қонақ жақсы болса қой егіз табады екен. Тегін адам емес екенсің. Тағы бір күн қонақ бол! – дейді. Қонақ тағы бір күн қонақтайды. Ертесіне үй иесі одан: – Не бұйымтайың бар? – деп сұрайды. – Итке қатты қызығушы едім. Көңілім бөрібасарға ауды. Қарғысын берсеңіз, жетектеп кетер едім, – дейді. – Итіңіз не, марқа қой берейін, жылқы жетектетейін. – Жоқ, ниетіңе рақмет. Итті бұйымтай еттім! – деп, итін жетектейді. Ит кетіп бара жатып, киіз үйдің іргесінде жатқан шиге дәрет сындырады. Қонақ: – Қожайын, мен ойландым. Иттен гөрі мына жаман шиді алсам, қалай қарайсың. Кемпірім: «Ши әкеп бер!», – деп қақсай беруші еді. Тілегін орындайын, – дейді. Сырлыбек келіседі. Қонақ шиді ала бергенде әлгі қойдан туған егіз қозының бірі шидегі иттің дәретін жалайды. Қонақ қайтадан қожайынға бұрылып: – Шиді басқа жерден табармын. Көңілім жаңа туған қозыңызға түсті. Жас қозының етіне аңсарым ауып жүр еді. Іздегенге сұраған. Маған қозыңды сойып бер! – деп қозыға бата жасайды. Сырлыбек қонағының көңілін қимай, әлгі қозыны бауыздайды. Қонақ: – Қозының басына ешкімнің қолын тигізбей алдыма тарт. Құмарым қанып, бір тояйын, – деп өтініш қылады. Ас піскен кезде Сырлыбек қозының басын әкеледі. Қозының бір құлағы жоқ екен. Қонақ: – Қожайын, малдың басына ешкімнің қолы тимесін деп өтініш етіп едім, құлағы қайда? – деп сұрайды. Жалғасын аудиодан тыңдаңыз:-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
129
Жеті желпектің шарапаты | Салт-дәстүр сөйлейді
Жеті шелпектің шарапатыБаяғыда бір жолаушы келе жатып, сандық тауып алады. Ашып қараса, ішінде алтын тас жатыр. «Құдайым жоқ жерден берді ғой» деп шаттанған бейбақ алтынға қолын соза бергенде алтын тас үлкен жыланға айналып, өзіне тап береді. – Ей, бейшара, не тапсаң да, өз сорыңнан көр. Сандықта жатып мың жыл бойына: «Біреу мені босатса, алтынмен аптап, күміспен қаптаймын», – деп тіледім. Ешкім құтқармады. Бүгін: «Кім де кім құтқаратын болса, соны жұтамын», – деп серт бердім. Сен кезіктің. Енді сертімді орындаймын, – дейді. Жолаушы шыр-пыр болып жалынса да, жылан көнбейді. Кенет отыз жолаушыны оның көзі шалады. Қуанған жолаушы олардан араша сұрайды. Олар жыланнан қорқып:– Бұл жылан алып екен. Бұған шамамыз жетпес, – деп кетіп қалады. Жылан жақындай түседі. Бейбақ: – Өлген жерім осы болды ғой, – дей бергенде, тағы да бес кісінің сұлбасы көрінеді. Жолаушы: «Құтқар!» – деп жалынады.– Отыздың шамасы жетпегенде, бізден не күтесің? – деп олар да кетіп қалады. Жылан төне түседі. Бейбақ иманын үйіреді. Сол кезде бір аласа бойлы адам келе қалады. – Ей, жылан, мына бейбақтың не жазығы бар? – деп сұрайды. Жылан мән-жайды баяндап: – Отыздан қайыр, бес жаннан пайда болмағанда, сен не істей аласың? Жолыңнан қалма, – дейді. Аласа адам:– Ей, жылан, жазықсыз жанға жала жаппа. Өтірігіңе сенбеймін. Айтқаның рас болса, мына денеңмен, кішкене сандыққа қалай сыйдың? Көз көрмей, көңіл сенбейді, – дейді. Жылан бұлқан-талқан ашуланып: – Сандықтан қалай шықсам, солай сыйып та кетемін, – дейді де, түтінге айналып, жоғары көтеріліп, сандыққа кіріп кетеді. Аласа адам сандықты тарс жауып:– Жыланнан құтылдың. Енді жолыңнан қалма, – дейді. Жолаушы қуанып: – Айлаңды асырдың, батыр. Қарыздармын. Жөніңді айт, кімсің? – дейді. – Бұл жылан – орынсыз айтқан өз сөзің. Он пәленің тоғызы тілден. Орынсыз сөз иесін қабады. Ақылды адам тілін буады. Отыз кісі – ұстамаған оразаң, бес кісі – қаза қылған бес уақыт намазың. Құлшылыққа салғырт қарадың. Олардан қайран болмады. Бірақ сен жұма сайын жеті шелпек пісіріп, кедей-кепшіктерге садақа бердің. Мен – өзің пісіріп таратқан шелпекпін. Сені құтқаруға Құдай жіберді, – депті.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
128
Кәрі жіліктің киесі | Салт-дәстүр сөйлейді
Кәрі жіліктің киесіҚазақта кәрі жілік кәделі сый саналады. Кәрі жілік ел басын сақтайды деген сенім бар. Оны үйдің оң босағасына, қорасының айналасына байлап іліп қояды. Кәрі жіліктің киесі туралы ел ішінде мынадай аңыз бар. Ертеде бір байдың қорасын қырық қарақшы торуылдайды. Бірақ, қанша тырысса да, малын ала алмайды. Байдың қорасын қарулы жасақ күзетіп тұрыпты. Бірақ, таң ата қарауылдар көзден ғайып болады екен. Ұрылар тылсым жайды түсінбейді. Ертесіне біреуін тыңшылыққа жұмсайды. Ол байға жолаушы кейпінде келіп сыр тартады. Байдың жалғыз ұлы мен бәйбішесінен өзге ешкімі жоқ екен. Тыңшы қайта келіп:– Байдың малын күзететін не жалшы, не күзетшісі жоқ. Бәрін барладым. Көршілерінен де сұрадым. Ешбір жасағы жоқ. Бізге елестеген болуы керек, – дейді. Ұрылардың басшысы:– Ендеше бүгін шабамыз, – деп атқа қонады. Бұл жолы да ұрылар қораға тақап келгенде қарулы жасаққа кезігеді. Ұрылардың бірнешеуі жараланып, кейін шегінеді. Ертесіне ұрының басшысы байға өзі барып: – Байеке, мен ұры едім. Он күн болды сіздің малыңызды торып жүргеніме. Бірақ, қораңызды күзеткен қалың әскер алдырмайды. Күндіз көзден ғайып болады. Не сыр, не киеңіз бар, айтыңызшы? – деп ағынан жарылыпты. Бай ұрыны ертіп алып, қорасында ілулі тұрған кәрі жілікті көрсетеді: – Әкем марқұм дүниеден өтерінде: «Кәрі жілік көрсең, қораңа байла. Малыңа қорған болады», – деуші еді. Өсиетін орындап, кәрі жілік іліп қойдым. Содан бері малға қасқыр да шаппады, ұры да түспеді, бірде-бір малым жоғалмады, қайта мыңғырып өсіп келеді. Соның шарапаты болмаса, менде басқа кие жоқ, – депті.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
-
127
Үлкеннің жолын кеспе | Салт-дәстүр сөйлейді
Үлкеннің жолын кеспе Бірде Әзірет Әлі жолда келе жатқан бір шалдың алдынан менсінбей кесіп өтеді. Мұны байқап қалған Мұхамбет пайғамбар:– Әлижан, қарттың жолын неге кестің? –деп сұрайды. – Ол кісі мұсылман емес қой. Ондай құрметке лайық көрмедім, – дейді Әли. Пайғамбар:– Әли, есіңде болсын! Үлкен кісіге құрметі жоқ жанды Тәңірім сүймейді. Ол мұсылман болмаса да,сақалының ақтығы сенің бәсіңнен артық. Барып, одан кешірім сұра! – дейді. Әзірет Әлі қайтып келіп, қариядан кешірім сұрайды. Ол:– Неге кешірім сұрайсың? – деп қайран қалады.– Мен тәкаппарлықпен жолыңызды кесіп өттім, сізді менсінбедім. Сол үшін кешіріңіз, – дейді. Сол сәтте әлгі қария Қызыр бабаға айналып шыға келеді.– Әй, Әлижан, мен сені сынап едім. Егер артыңа қайырылмай кете бергеніңде, тәкаппарлық сені тозаққа түсірер еді. Құдай бір апаттан аман сақтапты. Өркенің өссін! – деп, батасын береді. Әли сыннан аман өткеніне шүкірлік айтып, пайғамбарға келеді. Расул: – Әй, Әли мен саған «Ол қарттың сенен бәсі артық» деп айтып едім ғой. Бұдан былай үлкеннің алдын кеспе! – дейді. Осыдан бастап, пайғамбардың бұл сөзі қауымға тез таралып, келе-келе көркем сүндеттердің біріне айналыпты.-------------------------------------------------🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052• VK: https://vk.com/club224884126*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
We're indexing this podcast's transcripts for the first time — this can take a minute or two. We'll show results as soon as they're ready.
No matches for "" in this podcast's transcripts.
No topics indexed yet for this podcast.
Loading reviews...
ABOUT THIS SHOW
✅Бұл арнада Қисса-сүл әнбия, Сияр шәріп, Мың сұрақ, Яссауи Феномені, Салт дәстүр жайлы қазақ даласының мыңдаған жылдық Ислам өркениетінің құндылықтары, қиссалар мен аңыздар, ғибратты оқиғалар жинағын бөлісеміз.✅Қазақ ұлтының ғасырлар сүзгісінен өткен саф құндылықтарынан көкіректеріңізге НӘР алып, өмірлеріңізге МӘН дариды деп сенеміз. ✅Құрметті тыңдарман. Бұл құндылықтар күллі қазақ халқынық хақы саналады. Бұл ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ешқандайдада коммерциялық бағытта ЖАСАЛМАҒАН. Қалауыңызға қарай кез-келген форматта оқып-тыңдап-көре аласыз. Отбасы Хрестоматиясы жобасы.
HOSTED BY
Ruhani Portal
CATEGORIES
Loading similar podcasts...