Әдеп Podcast podcast artwork

PODCAST · news

Әдеп Podcast

Журналистикадағы этикалық дилеммаларды талқылайтын орын. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбайдың бірлескен жобасы

Publisher-supplied feed metadata · PodParley refreshed Jun 10, 2026 · Source feed

  1. 11

    «ХАБАР» агенттігінің ЖИ эксперименті қандай этикалық мәселелерді бұзды? | Әдеп Podcast

    4 маусым күні «Хабар» телеарнасы әнші Жасұлан Базарбаевтың сөйлеуі кешігіп жатқан қызының дауысын жасанды интеллектінің көмегімен синтездеп, оның еркін сөйлеп тұрған видеосын эфирде тосынсый ретінде көрсетті. Журналистер мұны «қайғыны эксплуатациялау», «келісімсіз кәмелетке толмаған баланың бейнесін қолдану» және «қоғам мүддесін ескермеу» деп сынады. «Хабар» агенттігі әзірге жағдайды түсіндіріп, мәлімдеме жасамады. Журналист Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай және бүгінгі эпизод қонағы журналист Хәлима Тәжіқұл мемлекеттік телеарнаның осы шешімінің астарына үңіліп, этикалық мәселелерді талқылады. Ақсәуленің айтып кеткен тәсілі Spelling to communicate немесе Rapid Prompting Method деп аталады. Ол тәсілдер туралы толығырақ мына деректі фильмде жақсы түсіндірілген: https://www.youtube.com/watch?v=8h1rcLyznK000:00 – Анонс01:15 – «Хабар» агенттігіндегі КешREC бағдарламасындағы ЖИ кейсі02:22 – Сынға ұшыраған видео03:43 – Әқсәуле Әлжанның дисклеймері04:11 – Оқиғаның контексі05:50 – «Жасұлан Базарбаевтың өтінішін «Хабар» «тиімді» пайдаланғысы келген»08:18 – «Ата-анасының келісімі болса да, кейінгі кері салдарының алдын алу маңызды»09:40 – Журналистің «шындықты іздеу» және «зиян келтірмеу» қағидалары бұзылған10:42 – «Журналистің міндетіне біреудің арманын орындау кірмейді»12:17 – Редакция баланың мүддесін қорғады ма?13:20 – Қоғамдық мүдде тұрғысынан «бұл видео ешкімге пайда әкелген жоқ»14:01 – «Бұл – қайғыны пайдаланып, кликбейтке айналдыру»15:38 – Оңтүстік Кореядағы MBC телеарнасындағы этикалық дау туралы17:00 – «Хабар» агенттігі қоғамдық маңызы бар мақсатты көздеді ме?18:40 – Редакцияның жауапкершілігі мен ашықтығы туралы20:00 – КешREC продюсерлері қандай этика принциптерін бұзды?21:27 – «Хабар» агенттігінің позициясы, қайғыны эксплуатациялау әрекеті23:25 – CNN тілшісі Санжай Гуптаның Непалдағы дилеммасы25:50 – Бұл оқиға туралы ақпаратты өзге редакциялар қалай таратты?28:43 – «Ата-ана рұқсаты болса да, оның кері салдарын болжау қиын»31:48 – Аутизм спектріндегі балалардың дамуына үлес қосатын әдіс туралы қосымша мәлімет34:27 – Жасанды интеллектіні науқанға айналдырмау керек26:40 – Конституциялық реформа насихатындағы ЖИ пропагандасы туралы38:00 – АҚШ-тағы өмірден өткен адамдарды жасанды интеллектімен сөйлету кейстері42:08 – «КешREC редакциясы бүгінгі подкаст эпизодын тыңдайды деген үміттеміз»41:42 – Сөз соңы

  2. 10

    Қазақстанда жаңа құрылған саяси партияға 4 журналист мүше болды. Бұл этикаға сай ма? | Әдеп Podcast

    Қазақстандағы журналистік этика мәселелерін талқылайтын Әдеп подкасының кезекті саны журналистердің саяси активизммен айналысуы, атап айтқанда, саяси партияға мүше болуының дилеммасына арналды. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай арнайы қонақ, белгілі журналист Асылхан Мамашұлымен бірге Қазақстандағы журналистердің бейтараптығы, саяси үгіт-насихатқа араласуы, партияға кіруі төңірегінде талқы жүргізді. SPJ, NYT, WSJ, BBC, Washington Post сынды алып редакциялардың этикалық стандарттары не дейді және Қазақстан үшін бұл мәселе неліктен бөлекше? Подкаста осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеуге тырысты.

  3. 9

    Қайғыны эксплуатациялау мен сенсация қуу. Ulysmedia кейсі медиа этикасы туралы не дейді?

    12 сәуір күні Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, үш бала қаза тапты. Бұл туралы түрлі медиа әртүрлі ракурспен хабар таратты. Ұлысмедиа басылымы мерт болған балалардың жеке деректерін жариялап, балалардың бірі «ерекше бала» болғанына фокус қойып, әкесінің қайғысын да эксплуатациялаған. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай Әдеп подкасының кезекті санында қайғылы оқиғаға қатысты хабар таратуда туындайтын этикалық дилемалларды талқылады.

  4. 8

    Журналист неге кейіпкердің жасына шүйлікпеуі керек? | Әдеп Podcast

    Кейіпкердің жасы туралы сұрақ қою қашан кәсіби қажеттілік, ал қашан қауіпті стереотип? Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай осы сұрақ төңірегінде этика талқысын жүргізеді. Бұған бірнеше апта бұрын 4vlastinfo.kz басылымының бас редакторы Мадина Жатқанбаеваның мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхаметовтен жасын сұраған видеосі түрткі болды. Қазақ журналистикасының кәсіби қауымдастығы мұны эйджизм, яғни жасына қарай кемсіту деп бағалап, сынап жатты.

  5. 7

    Екі адамға айыппұл салдырған сұхбат. Негізгі сауалдар қойылды ма? I Әдеп подкаст

    Журналист Жанар Байсеміздің өзін сопылық бағытын ұстанушы ретінде таныстыратын Құрбанәлі Ахметтен алған сұхбаты кейінгі аптада қазақ қоғамында қызу талқыланып жатыр. Бірі мұндай «спикерге мінбер беру жөнсіз» десе, тағы бірі «әйел құқығын таптайтын сөзге журналист қарсы пікір білдіре алмады» деді. Көп өтпей билік спикерге де, журналиске де айыппұл салған. Мұны да «сөз бостандығын шектеу, ішкі цензураға итермелеу» дегендер болды. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай сұхбаттың контексіне үңіліп, оны журналистік этика тұрғысына талдап көрді.

  6. 6

    Сабина Алтынбекова vs Орда: Сарыжағал баспасөз логикасы – жеке өмірді тауарға айналдыру

    Әдеп подкасының кезекті эпизоды orda.kz басылымының танымал воллейболшы Сабина Алтынбековаға қатысты этикаға сай емес шешіміне арналады. Редакция кейінгі бір жылда танымал спортшының отбасы статусын жаңалық элементі не контексіне қатысы болмаса да, тақырыпқа «ажырасқан» деп жазып шығарып келген. Әдеттегідей журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай бұл кейстің астарына үңіліп, қай этика принциптеріне қайшы екенін талқылады.

  7. 5

    Шенеунікпен қарым-қатынас, мүдделер қақтығысы, блогер мен журналистің айырмашылығы – Б.Көпбаев кейсі

    11 желтоқсанда Шымкент қаласының әкімі Астанаға келіп, есеп беріп, журналистермен брифингке қатысты. Жиынға қатысқан «журналист» Бақытжан Көпбаев сұрақ жауап кезінде алдымен әкімді мақтап, кейін «cізді бізге әкім қылып сайлаған Аллаға және президентке рақмет» деді. Ал жиыннан кейін әкімге қосымша сұрақ қойғысы келген журналистерге Көпбаев кедергі келтіріп, әкімнің қорғаушысы, «өкілі» секілді сөйлеуге тырысты. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай Әдеп подкастың кезекті санын осыған арнап, Көпбаевтың қай журналистік стандартты бұзғанын талқылады. Одан бөлек, журналист пен блогердің айырмашылығы мен қазақ қоғамындағы мүдделер қайшылығының элементтерін, сонымен бірге дәстүрлі қазақ қоғамындағы қарым-қатынастардың қазақ журналистикасына кері әсерін де талдады.0:00 – Анонс 0:18 – «Журналистің» Шымкент әкіміне комплименті1:41 – «Сізді бізге әкім қылып сайлаған Аллаға және президентке рақмет»3:27 – Бақытжан Көпбаев кім?4:50 – Журналист пен блогер айырмашылығы, шенеунікпен қарым-қатынас, мүдделер қақтығысы, журналистика тілі6:25 – Журналистика мен активизмді ажырата білу маңызы туралы7:18 – Көпбаев журналист пе?8:15 – «Журналистика мен блогерлік арасы жақындап келеді»10:00 – «Журналист хабар таратуға, ал блогер пікір білдіруге бейім»11:02 – Өңірлердегі «жаңа журналистер»11:34 – Қазақстандағы «Баке» феномені12:38 – Мүдделер қақтығысы деген не?14:02 – Неліктен журналистерге шенеуніктермен дос болуға болмайды?15:52 – «Мүдделер қайшылығы туындағанда редакция ашықтық танытуы керек»17:50 – Қазақ қоғамындағы иерархияның журналистикаға әсері туралы24:04 – Кореядағы иерархияның әуе апаттарына әкелуі туралы25:46 – Жасырын мүдде де журналистің беделіне нұқсан келтіреді29:00 – Әкімнің бастығы кім?30:06 – «Карманные журналисты»35:23 – Америкалық NPR редакциясының ашықтық таныту моделі туралы36:37 – Блогерлер бағынатын этика стандарттары жоқ38:12 – «Блогерлер дәстүрлі медиа көрмегенін көтере алады»40:28 – Блогерлер өз жұмысын тексеретін фактчекерлерге жүгінсе абзал еді

  8. 4

    Еркін пікір ме, өшпенді риторика ма? Журналист Қанат Тілеухан қай жерде «тоқта» деуі керек еді?

    Журналист Қанат Тілеухан өз Youtube арнасында ақын Бақыт Беделханмен "Қазақ отбасын психологтар құртып жатыр" деген тақырыпта сұхбатын жариялады. Сұхбатта қазақ қоғамындағы «әйелдің орны» талқыланады. Ақын әйелді «шынжырдан босатылған итке» теңеп, дегуманизация, өшпенділік риторикасын арқау етеді. Журналист хейтті тоқтатуға талпынбайды. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай сұхбатты кәсіби журналистік этика тұрғысынан талдап, оның элементтері қай жерде бұзылғанын анықтауға тырысты.Әдеп подкаст - қазақ журналистикасындағы этикалық дилеммалар талқыланатын алаң. Жазылып, комментарий қалдырып, осы видеоны әлеуметтік желілерде таратуға көмектессеңіздер, Қазақстанда жоғарғы стандарттағы журналистиканың өркендеуіне үлес қосасыздар.0:00 – Анонс0:40 – Не болды?1:37 – Журналист Қанат Тілеуханның сұрағы2:46 – Қоғамда әйелдерге қарсы өшпенділік риторикасын нормализациялау4:14 – Журналист «шындықты іздеу», «зиян келтірмеу» және «бейтарап болу» принциптерін бұзды5:40 – Қара PR ма?7:34 – «Қазақстан конституциясында ер адамдарға артық құқық берілмеген»8:21 – «Шынжырдан босатылған ит» метафорасы туралы12:10 – «Ақын әйелдерді дегуманизациялауға тырысты»14:14 – Виктимблейминг элементтері, «Салтанат» заңы туралы16:45 – «Бесінші колонна» теориясы туралы19:30 – Қанат Тілеухан нені дұрыс істеді?21:00 – Журналистің сұхбат жүргізу стандарты қандай болуы керек?22:10 – Пара беруді нормализациялау әрекеті туралы23:17 – Сұхбатты тарату жоспары кликбейтке негізделген24:12 – «Әйел қауымынан қорқып отырмыз :)»25:00 – Whataboutism манипуляция элементі28:08 – Қанат Тілеухан келтірген ең басты зиян30:34 – Руандадағы «геноцид радиосы»32:01 – Opinion Laundering (сөз бостанлығын қалқан етіп, хейт риториканы жеке пікір ретінде тарата беру) теориясы33:40 – «Құтырған әйел» тақырыбы қайдан шықты?!35:30 – «Журналистика студенттері үнемі талқылайтын кейске айналады»38:00 – Сөз соңы

  9. 3

    Кирктің өлімі, қазақ қоғамындағы стереотипті ойлар, зиянсыз журналистика | Әдеп Podcast

    Жаңалық таратушы журналист қоғамға зиян келтіруі мүмкін бе? АҚШ президенті Дональд Трамп танымал консерватив инфлюенсер Чарли Кирктің өліміне солшыл медиа кінәлі деп, айыптай сөйледі. Тоқаевтың «дәукес әйелдер» туралы айтқан мәлімдемесі қандай реакция тудырды? Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай хейт-қылмысқа ұласатын риториканы болдырмаудың, қоғамда стереотипті ойды орнықтыратын нарративтерге қарсы тұрудың маңызын талқылады. Олар, сондай-ақ, социологиялық зерттеулерге сүйенбейтін айыптаулар мен жалпылама пікірлерге сын көзбен қарап, қоғамды жаңсақ түсініктерден қорғау туралы да айтты.

  10. 2

    Редакция саясатын тәуелсіз жүргізу үшін қазақ журналистикасы қайтпек керек?

    Қоғамға қызмет ететін журналистиканың басты шарты – редакциялық тәуелсіздік. Бүгінде оған саяси кедергілер де, қаржыландыру мәселелері де қиындық тудырып отыр. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай журналистиканы қаржыландырудың балама тәсілдерін, редакция тәуелсіздігін сақтаудың тетіктерін және кәсіби принциптерден айнымай жұмыс істеудің маңызын талқылады.Қазақ медиасын кім қаржыландыруы керек? Тәуелсіз журналистика үшін қазақ азаматы қалтасынан тиын шығаруға дайын ба? АҚШтағы мейнстрим медиада шын мәнінде де "солшыл bias, яғни біржақтылық" бар ма? ЛГБТ пропагандасы мен ЛГБТ құқығын сақтаудың аражігін қалай ажыратқан дұрыс? Подкасқа жаңа атау ұсынған тыңдарманымызға "Журналистика элементтері" кітабы (The Elements of Journalism by Bill Kovach and Tom Rosenstiel) сыйлыққа беріледі. Ұсыныстарыңызда кез келген платформаның пікір бағанына қалдырсаңыз болады.

  11. 1

    Әлия Әшім мен Абай жанжалы. Журналистік этика бұзылды ма?

    Әлия Әшімнің Абай туралы жариялаған видеосы қоғамда қызу пікірталас туғызды. "Red Line" подкасының алғашқы эпизодында Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай бұл оқиғаны журналистік этика аясында талқылап, "қызыл сызық" қай жерде өтеді деген сауалға жауап іздеді.

Type above to search every episode's transcript for a word or phrase. Matches are scoped to this podcast.

Searching…

We're indexing this podcast's transcripts for the first time — this can take a minute or two. We'll show results as soon as they're ready.

No matches for "" in this podcast's transcripts.

Showing of matches

No topics indexed yet for this podcast.

Loading reviews...

ABOUT THIS SHOW

Журналистикадағы этикалық дилеммаларды талқылайтын орын. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбайдың бірлескен жобасы

HOSTED BY

Ақсәуле Әлжан, Жолдас Өрісбай

CATEGORIES

Frequently Asked Questions

How many episodes does Әдеп Podcast have?

Әдеп Podcast currently has 11 episodes available on PodParley. New episodes are automatically indexed when they're published to the podcast feed.

What is Әдеп Podcast about?

Журналистикадағы этикалық дилеммаларды талқылайтын орын. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбайдың бірлескен жобасы

How often does Әдеп Podcast release new episodes?

Әдеп Podcast has 11 episodes. Check the episode list to see recent publication dates and frequency.

Where can I listen to Әдеп Podcast?

You can listen to Әдеп Podcast on PodParley by clicking any episode. We provide an embedded audio player for direct listening, and you can also subscribe via your preferred podcast app using the RSS feed.

Who hosts Әдеп Podcast?

Әдеп Podcast is created and hosted by Ақсәуле Әлжан, Жолдас Өрісбай.
URL copied to clipboard!